Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әке - Мерейтой 60 Жас) » ZHARAR © 2016 | поздравление на 60 лет юбилей, 60 жас мерейтой тілек, 60 жас мерейтой құттықтау , Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әке - Алпыс 60 Жас), Қазақша Құттықтау - тілек, Туған күн (Әке - Алпыс 60 Жас) казакша тилек, поздравления с днем рождения отцу 60 лет на казахском ,




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әке - Мерейтой 60 Жас)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әке - Мерейтой 60 Жас) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әке - Мерейтой 60 Жас) на казахском языке

Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,
Бәрін болжап жүретін алдағының.
Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,
Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.

Анамыз Айшаменен қанаттасып,
Жүріңіз әр күн сайын алға басып.
Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,
Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.

Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Немереден көріңіз шөберені,
Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.

Балаларын қатарынан қалдырмай, қаз тұрғызған қамқор әке!

60-ты қазақта тал түс демей ме? Ендеше, бұл ер азаматтың ардақ пен мадаққа ең лайық шағы. Сол шағыңызда Тәңірдің шапағаты төгіліп, ғұмырыңыз салтанатты болғай.


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 21 503
Рейтинг:
(голосов: 19)

.

. .