Алғыс айту күні - 1 наурыз


Құрметті оқырмандар! Қазақстанда 1 наурызда болатын мейрамға арналған рахмет, ризашылық, алғыс айту күніне байланысты құттықтау, тілектер мен алғыс сөздер жарияланды!

Досыңызды, ағаңызды, анаңызды, ғашығыңызды, ініңізді, ұстазыңызды, әпкеңізді құттықтап алғыс айтыңыз, тағы да өмірге, еліңізге алғыс сөздер бар. 1 наурыз алғыс айту күні құтты болсын, Қазақстандықтар!

алғыс айту күні


Досыма алғыс!
Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
Ең бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
Көтеретін еңсемді егіліп,талсам
Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.




Ағаға алғыс!
Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым
Қапсырмалап,қысатын жанымды демім.
Бауырларым болмаса тірегім болған
Осыншама айбатты,арынды ма едім?!


Пайдалы сілтемелер:




Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.




Өмірге алғыс!
Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен
Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.
Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың
Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!





Ініге алғыс!
Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп.
Деп жүреді:"Ардақтап көтеремін мен
Атамыздың аманат,мұратын биік"
Қиындыққа кезіксе соққы болатын
Менің жаным ол үшін тынатын күйіп.




Әкеме алғыс!
Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.





Ұстазға алғыс!
Бағым жанып,батылмен бел асқаныма.
Төзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманның ең асқағына.
Арқасында ұстаздың даналар баққан
Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.





Сүйгенге алғыс!
"Үйленуге біздерге ерте" деп маған
Айтып жүреді,керемет күндер тілейді
Шығыс жақтан ңұрланса ертелеп далам.
Көздерінде бар әлем әрленіп қалып
Күлімсіреп тұрады еркелеп маған.





Еліме алғыс!
Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін
Биіктікті қыранның қанатындағы.




Әпкеге алғыс!
Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
Анамыздан айнымай туылғаннан ақ
Иесіне айналған әдемі үміттің.
Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі
Белгісі болып жаралған әдеміліктің.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 9
  1. Оқырман Дариға
    Оқырман Дариға 29.02.2024 20:29
    0 + 0 -
    Рақмет көп керемет тақпақтср
    Ертең алғыс айту күніне жаттап баратын болдым ғой😎😃
  2. Халық іңкәр
    Халық іңкәр 27.02.2022 21:16
    8 + 7 -
    Өте керемет маған ұнады
  3. Нурбақыт
    Нурбақыт 01.03.2021 16:18
    7 + 2 -
    Рахмет, маған ұнады?
  4. Гульжанат
    Гульжанат 01.03.2021 16:17
    4 + 3 -
    Рахмееет?
  5. Айдана Есенбек
    Айдана Есенбек 01.03.2021 14:54
    7 + 2 -
    Барлықтарына мың алғыс
  6. тілек
    тілек 01.03.2021 14:13
    10 + 4 -
    1 наурыз - Алғыс айту күні

    Өзара құрмет пен сенімнің,мейірім мен ізгіліктің мерекесі құтты болсын! ?
  7. Инжу
    Инжу 01.03.2021 13:00
    7 + 2 -
    Нурпеисова
  8. Құралай
    Құралай 01.03.2021 08:58
    10 + 1 -
    Маған ұнады
    1. Өте күшті
      Өте күшті 26.02.2024 21:03
      1 + 0 -
      Лкокльктекбк