Театр мәдениет ошағы


Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен таныстыру
Көрнекілігі: Театр туралы шағын бейнеролик, постерлер. Қанатты сөздер, слайд.
Сабақ барысы
I КЕЗЕҢ (5 минут)
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті оқушылар! Бүгін біз сан түрлі өнердің ішінде театр мәдениетінің, театр өнерінің алатын орны ерекше екені туралы мағлұмат аламыз
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Театр - мәдениет ошағы».
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Оқушылармен сабақтың мақсатын талқылау.
II КЕЗЕҢ (25 минут)
Театр – мәдениет ошағы. Сан түрлі өнердің ішінде театр мәдениетінің, театр өнерінің алатын орны ерекше.
Әр халықтың тұрмыс - тіршілігі, салт - санасы, әдет - ғұрпы, тағылымды тарихы болады. Өзінің өнері арқылы әр халық ұлттық болмысынан, өмір сүру салтынан хабар береді. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой - сананың, адами дүние танымның жемісі.
Маусым айында Қазақтың спорт және туризм академиясының «Олимпиадалық спорт» мамандығы бойынша білім алып жүрген бір топ студенттерімен М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына барып, «Пижама на шестерых» қойылымын тамашалаған едік. Бұл комедия театрдың репертуарында бұрыннан болған еді. Алайда оны тамашалаудың сәті енді түсті. Марк Камолеттидің бұл шығармасы француз сахнасында ұзақ қойылғаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Махаббат, құштарлық және опасыздық секілді сезімдер көрініс тапқан бұл спектакль сонысымен де қызықты әрі тартысқа толы.
«Пижама на шестерых» қойылымы – бір француз отбасындағы жағдайлар суреттелген, күтпеген қызықты, күлдіргі жайттарға толы отбасылық комедия. Ерлі - зайыптылар мен олардың көңілдестері кездейсоқ бір жерге жиналып қалады. Олардың қала сыртындағы үйде жеке өздері ғана кездеспек болған армандары көп адам жиналған кешке ұласады…
Пьеса кейіпкерлері өтірік, опасыздық, дәлелсіздік орын алған жайттарға тап болады. Шынайы дәлелдерді жасырып, жасанды қылықтар мен қулық орын алған соң, олар қисынсыз әрі күлкілі жағдайларды бастан кешіреді.
Егер кино мен театрға баруға таңдау түссе, онда бірден ойланбай театрды таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Шынайы өмірден алынған, қарапайым жайттар адамға айрықша әсер береді. Тілі жеңіл осы бір қойылымды тамашалай отырып, демалыс күнді тамаша өткізуге болады. Екі сағатқа созылған бұл спектакль қызықты, күлкілі сюжетімен, шытырман оқиғаларымен ерекшеленеді. Комедияны көріп отырып, керемет әсер аласың, ішек - сілең қата күлесің. Бұл – ғажайып әлем. Актерлардың сахнадағы шынайы ойыны адамды қанаттандырып, оқиғаны көз алдыңа келтіреді. Осындай әсерден кейін театрға деген сүйіспеншілігің арта түседі. Күн сайын барғың келеді.
«Театр мұражай сияқты, біз оған бармаймыз, бірақ оның бар болғанына 4қарсы емеспіз» дейді атақты актриса Гленда Джексон. Иә, расында солай ғой. Театр, театр деп жар салып жатамыз. Ал оған барып жатқан қаншамыз бармыз? Уақыт жоқ дейсіз бе? Тұрмыстық проблемалар, күнделікті күйбең тіршілік, күн көріс үшін жан талас, бала - шағаның қамы үшін қарбалас… Сізді демалыссыз жұмыс жасауға мәжбүр ететін де осы бітпейтін проблемалар. Уақыт тауып, демалыңыз. Материалдық байлықпен қоса рухани байлық та жинаңыз.. Компьютермен дос болған балаңызды неге театрға алып бармасқа?
«Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады» дейді атақты режиссер Робер Лепаж. Театр – нағыз тәлім - тәрбие мен тағылымның ортасы. Киелі өнердің ордасына бас сұққан бала мәдениетті де үйренеді. Сахнаға көз тіккен бала өмірді көреді. Жақсы мен жаман арпалысып жатқан заманның ащы шындығын біліп, ақ пен қараның ара жігін ажырата алады. Нағыз мәдениет те, нағыз өнер де театрда.
1 - тапсырма.
Өнер. Оқушылардан өздері ұнататын өнер түрлері туралы қызықты ақпараттар айту сұралады.
Тақтаға 3 ұяшық ілінеді.
Кім театрға барды?
Кімге театр ұнайды?
Кім театрға барып көрмеді?
(оқушылар әрбір сұрақтан соң ұяшыққа стикер апарып жапсырады. Сыныпта қанша оқушы театрға барғаны, қаншасына ұнайтыны, нешеуі әлі барып көрмегені анықталады) Өнер. Оқушылардан өздері ұнататын өнер түрлері туралы қызықты ақпараттар айту сұралады.
2 - тапсырма. Шығармашылық жұмыс
«Таңдап ал» әдісі арқылы оқушы өз қалаған тапсырмасын орындайды:
«Театр мәдениет ошағы» тақырыбында қысқаша эссе жазу;
«Театр мәдениет» тақырыбында сурет салу;
Кері байланыс: тақырыпты толық ашу қағидаты бойынша ауызша бағалау
III КЕЗЕҢ (10 минут)
Кері байланыс. «3 - 2 - 1»
Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспект;
Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс - әрекет.
Мұғалім сабақты қорытындылайды.


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу