«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»


КЕЛІСЕМІН

ДТІЖО:

Тәрбие сағаты

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

Күні: 11.10.2024ж

Класс жетекші:Бахтиярова Г.Н.

9 сынып

Класс: 9В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

7-САБАҚ

9- сыныптар: «Зиян келтіруі мүмкін ұсыныстарды нақты және батыл түрде қабылдамауды қалай үйренуге болады»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға цифрлық әлем туралы ақпарат беру;

Цифрлық әлемді қауіпсіз қолдануға үйрету.

Қауіпсіздік мақсаты

оқушыларды қауіпті ұсыныстардан бас тартуға және өз шегараларын қорғауға үйрету

Қауіпсіздік міндеті

1. Неліктен «жоқ» деп айта білу маңызды екенін түсіндіріңіз.

2. Қауіпті ұсыныстардан бас тарту жолдарын көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Отанды сүюотбасынан басталады!

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,Интернеттің, жаңалықтың бәрін деМүмкін емес информатикасыз түсіну,Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады

Жаңа сабаққа кіріспе

І. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті  Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Интернеттің қызметтері:1. Интернет поштасы.                 2. Телеконференциялар.                3. Web (WWW ) қызметі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болдыНегізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.1993 - 1996 жылдар аралығында жыл сайын Интернетке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді

Сабақтың ортасы

26 мин.

Қазақ телеком ұсынған тариф – Megaline. 2006 жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с

"Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны

Мұғалім:Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнаса, оның психологиясына жаман әсер береді. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

1-оқушы:

«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастады. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. 2-оқушы: Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.   3-оқушы:Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады1. Алысты жақындату2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.3. Сана-сезімді жоғарылату.4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.....4-оқушы: Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек . Ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра...5-оқушы:Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.

интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.          

Ой толғау. ТЖ. Мен интернетсіз күнді қалай өткіземін?

Әр топ интернетсіз өз күн тәртібін құрады.

Қауіпсіздік 10 мин

- Презентация: «Жоқ» деп айта білудің маңыздылығы, - Жағдайлардың мысалдары. - Бас тарту мысалдарын талқылау: «Ұсынысыңызға рақмет, бірақ мен мұны жасай алмаймын»; «Маған бұл идеяға қонымсыз, сондықтан мен бас тартамын»; «Мен бұл көңілді болуы мүмкін екенін түсінемін, бірақ маған олай емес»; «Мен мұны қаламаймын және жасамаймын»; «Мен мұндай жағдайлардан аулақ болғанды жөн көремін. Ондайды ұнатпаймын». Адамдардың өзмүдделерін ұмытып кетуінің басқа себептері бар: ✓ ренжітуге немесе ашулануға құлықсыздық; ✓ жеке шегараларды белгілей алмау; ✓ «жақсы» болып көріну мүмкіндігі; ✓ ерекшелену қажеттілігі; ✓ қарым-қатынасты сақтауға деген ұмтылыс.

Практикалықбөлім: Рольдік ойын.

1. «Жоқ, рақмет!» деп нақты айту керек. 2. Себебін түсіндіріңіз немесе сылтау табыңыз. «Жоқ, рақмет, мен оны қолданбаймын», «Мен алмаймын. Ата-анам мені тексереді», «Менің жаттықтырушым мені іздейді», «Мен мұғаліммен кездесемін». 3. Әңгіме тақырыбын өзгерту. «Мен өте күлкілі жаңа фильм көрдім» 4. Мүмкіндігінше тезірек кетіңіз. «Кешіріңіз, менде қазір уақыт жоқ». 5. Жағдайдан аулақ болыңыз. Егер сіз есірткі қолданатын немесе ұсынатын адамдар жиналатын жерлерді білсеңіз, онда бұл жерлерден аулақ болыңыз. 6. Жағдайды өзгертіңіз: «Егер сіз нағыз дос болсаңыз, онда мен қиындыққа айналатын нәрсені істеуімді сұрамас едім».

https://drive.google.com/file/d/1zr0xk3YY5XJuddXYQM36oZSyfRFItux5/view

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Қорытынды:

Қорыта келе, Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернетті дұрыс пайдаланып,   Қазақстанға өз үлесін қосады деп сенемін!

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Сынып жетекіші:

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбындағы тәрбие сағатына арналған тапсырмалар:

1. Цифрлық қауіпсіздіктің принциптері

Тапсырма: Оқушыларға цифрлық қауіпсіздіктің негізгі принциптерін зерттеуді тапсырңыз (парольдер, антивирус, екі факторлы аутентификация және т.б.). Әр топ осы принциптерді түсіндіретін постер дайындап, сынып алдында таныстырсын.

2. Кибербуллинг туралы пікірталас

Тапсырма: Оқушылар кибербуллингтің анықтамасы, себептері және зардаптары туралы зерттеу жүргізеді. Топтар кибербуллингтің нақты жағдайларын талдап, жәбірленушілерге көмек көрсету жолдары туралы ұсыныстар дайындайды.

3. Цифрлық іздер

Тапсырма: Оқушыларға цифрлық іздер туралы ақпарат беріңіз. Әр топ цифрлық іздерін қалай қорғау керек екенін баяндайтын 5 ереже дайындайды. Оны постер немесе презентация түрінде ұсынсын.

4. Ақпарат көздерін бағалау

Тапсырма: Оқушыларға әртүрлі ақпарат көздерін (мақалалар, әлеуметтік желілердегі посттар) беріңіз. Олар сенімді және сенімсіз ақпарат көздерін анықтап, өз нәтижелерін топта талқылап, сынып алдында қорытындылайды.

5. Цифрлық қауіпсіздік квесті

Тапсырма: Оқушыларға квест ұйымдастырыңыз. Әр топқа түрлі тапсырмалар мен сұрақтар дайындап, оларды шешу арқылы цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін тексеріңіз. Мысалы, «пароль жаса», «фишингті анықта» және т.б.

6. Ретро-реклама

Тапсырма: Оқушылар цифрлық қауіпсіздік тақырыбында жарнама жасауды үйренеді. Олар «Цифрлық әлемде қауіпсіздік» ұранымен қысқа бейнеролик немесе плакат дайындайды, онда қауіпсіздік шараларын жарнамалайды.

7. Кері байланыс

Тапсырма: Тәрбие сағатының соңында әр топ өз жұмыстарын таныстырып, сыныптастарынан кері байланыс алады. Бұл талқылау оқушылардың цифрлық қауіпсіздік туралы білімін нығайтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу