Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Тышқанның өсиеті) » ZHARAR © 2016 | ыбырай алтынсарин Тышқанның өсиеті ангимелери казакша ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин әңгімесі, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, Тышқанның өсиеті




  • »

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Тышқанның өсиеті)

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Тышқанның өсиеті) казакша Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Тышқанның өсиеті) на казахском языке

Тышқан баласына оңашада үйретіпті: Адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана май байлап қояды, соны жеймін деп барсаң, қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме, — деп. Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп, майдың исі шыққан соң, неғылып қойған екен деп, қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса, шешесінің айтқан қалыбынша қақпан, үстінде майымен тұр екен. Ойлады: қарашы, адамның ақылсыздығын, ағаштан қақпан ғана істеп, үстіне май байлап, бізді қызықсын деп қойғанын. Біз сол қулыққа бола қоямыз ба деп, олай-бұлай одыраңдап жүгіріп жүрді де айтты:

— Сөйтсе де, айхай майы құрғырдың исінің жақсысын - ай, жемесем де биттей ғана жақындап иіскеуге болады ғой,—деп, бірте-бірте жақындай-жақындай бара жатқанда, қақпан тарс етіп, тышқанды жаншып тастады.


Санат: KZ портал » Қазақша Әңгімелер жинағы | | 718
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .