Боттар бізді алмастыра ма?

 Боттар бізді алмастыра ма?

Біздің әлем қарқынды дамуда оған таласымыз жоқ.Деседе адамдардың өзі ойлап тапқан өнертабыстарының мүмкіншілігі қаншалықты жоғары? Дәл қазіргі уақытта тұрмыс -тіршілігімізге еніп кеткен боттар жөнінде және олардың қабілеті жұмысшыларды қаншалықты алмастыра алатындығы жайында сөз қозғасақ. Мысалға Америка Құрама штаттарындағы ірі басылымдардың бірі The Washington Post газет дайындау ісінде жасанды интелекттің көмегіне жүгінушілердің бірі. Цифрлық бөлімнің бастығы Джереми Гилберттің айтуынша «Журналисттердің алаңдауына негіз жоқ . Себебі боттың фантазиясы немесе адамдар секілді логикалық тізбек құру , сараптау, теңеулермен сипаттау сынды қабілеттерге ие емес. Деседе оның жеделділігі қателіктер жіберудегі төмен ықтималдылығы бойынша журналисттерді қызықсыз жедел ақпаратардан босата алады. Яғни ендігі кезекте журналисттің шығармашылық қасиеті басты орында болмақ.
Сонымен қатар адвокаттарда бірқатар өзінің функциясын боттар арқылы жеңілдете алады. Бұл дегеніміз гуманистік шиеленісті істерден өзгесіне бот шешім шығара алатындығын көрсетеді. Қазіргі таңда көбіміз қолданатын Google аудармасы жыл сайын өзін дамытып отыруының арқасында алдағы уақытта көптеген аудармашыларды алмастыра алады. Деседе бұл әдеби тілдегі күрделі аудармаларға қатысты еместігін ескергеніміз жөн. Көше бойындағы терминалдар, супермаркеттердегі саудагер автоматтар бәрін -бәрін ескере отырып ендігіде адамзат баласының іске бақылаушы болтынын немесе шығармашылық тұрғыда жақындайтындығын көреміз .Жасанды интелект ,боттар жайында айтатын білімді тұлғалардың беретін болжам, ақпаратында көп жағдайда түбі бізді өзіміз жасаған туындылар алмастырады деген сарын бар. Жоқ әсте олай емес, олар біздің бірсарынды қызықсыз қызметтерден арылтып ,шығармашылық еркіндікке жеткізеді.
Жарқынай ИСАТАЙҚЫЗЫ
Журналистика мамандығының 3 курс студенті


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі