Әңгіме: Антон Чехов | Жылқы аттас фамилия

Әңгіме:  Антон Чехов | Жылқы аттас фамилия казакша Әңгіме:  Антон Чехов | Жылқы аттас фамилия на казахском языке


Отставкадағы генерал-майор Бульдеевтің тісі қатты ауырды. Аузын арақпен, коньякпен шайқап, ауырған тісінің түбіне темекі, апиын, скипидар, керосин басты, ұртына йод жақты. Құлағын спирт шыланған мақтамен тығындап алды, қайткенмен осылардың ешқайсысының да мүлкінің тізімін әкеп көрсетті. Текті жерден шыққан адам, ол жағынан ондай-мұндай деп жаман атаудың өзі - күнә. Шынымды айтсам, өзі маған ұнады. Менімен екі ай саудаласты. Мен оған сегіз мың сом беремін, ал ол сегіз жарым сұрайды. Саудаластық, саудаластық шайға отырып алып, он бес стақаннан ішіп, соның өн бойында саудаласа беретін кезіміз де болды. Мен оған екі жүз сом қостым, болмайды! Сөйтіп, үш жүз сом үшін айырылысып кеттік. Кетті байғұсың, жылай-жылай... Тым жақсы көруші еді Дашаны! Өзімді-өзім жерлеймін енді, кінәлімін, қатты ренжимін. Оған үш жүз сомды берсем немесе бүкіл қалаға масқара қыламын деп қорқытсам, не болмаса қараңғы бөлмеге кіргізіп алып тұмсыққа соғып - соғып жіберсем болатын еді ғой, жаза басып қалдым, ақымақтық істеп алғанымды енді көріп отырмын. Қайтерсің, Никодим Егорыч, ынжықпын!

— Жуассыз тым. Бұл рас. Жә, болды, қайтатын мезгіл жетті. Басым зеңіп кетті...

Никодим Егорыч біраз шабынып алып төменге түсті. Макар Тарасыч терең бір күрсініп алды да сыпыртқысын бұрынғысынан бетер сермей түсті.

— Алдияр тақсыр, осында, өз уезімізде,- деді ол, - бұдан он шақты жыл бұрын алым-салық жинаушы Яков Васильевич қызмет етуші еді. Тісті үшкіріп емдегенде оған жан жетпейтін. Терезеге бұрылып алып күбірлеп үшкірсе болды, пышақ кескендей тыятын еді. Сондай бір кереметі бар...

— Қазір қайда ол?

— Алым-салық жинаушылар қатарынан шығарып жібергеннен кейін Саратовтағы қайын енесінің қолында тұрады. Ендігі күн көріс кәсібі - тіс емдеу. Біреу-міреудің тісі ауыра қалса, тура соған барады, емдейді... Саратовтағы тұратындарды өз үйінде қабылдайды да, басқа қалалардың тұрғындарына емдеу жолын жеделхатпен жолдайды. Алдияр тақсыр, хал-ахуалым осылай болып тұр деп, құдайдың құлы Алексейдің тісі ауырып қалды, емдеуіңізді өтінемін деп хабарлаңызшы соған. Емдеген ақысын поштамен - ақ жіберерсіз.

— Сандырақ. Алдамшы да тәйірі.

— Сөйтсе де байқап көріңізші, алдияр тақсыр. Араққа үйірлеу, әйелінен өзге бір неміс әйелмен тұрады, ұрысқақтау, бірақ аруағы бар мырза деуге болады өзін.

— Жазып жіберсейші, Алеша, - деп жалынды генералдың әйелі, - үшкіру дегенде сенбейтінің - ай, сен түгіл мен де үшкіртіп көрдім ғой. Сенбесең де жеделхат жібере салсаң нең кетеді? Қолың сынып қалмайды ғой одан.

— Ал жарайды, - деп көнді Бульдеев. - Мұндайда алым - салық жинаушы былай тұрсын, сайтанға да жеделхат жіберерсің... Ой, шыдай алар емеспін. Кәне, қайда тұрушы еді әлгі алым-салық жинаушың? Қалай жазу керек оған?

Генерал үстелге жақын отырды да, қолына қалам алды.

— Саратовта оны иттің итақайына дейін біледі, - деді приказчик. - Саратов қаласы деп жазыңызшы, алдияр тақсыр, содан кейін... мәртебелі мырза Яков Васильичке... Васильичке.

— Қалай?

— Васильичке... Яков Васильичке... Ал фамилиясы, фамилиясын ұмытып тұрғанымды қарашы. Васильичке... Сайтанның... Фамилиясы қалай еді соның? Әлгінде осында келе жатқанда ғана есімде еді... Сәл тұра тұрыңызшы...

Иван Евсеич үйдің төбесіне қарап ернін күбірлетті. Бульдеев пен әйелі сабырсыздана күтіп отыр.

— Кәне, енді қашан? Ойлансаңшы тезірек.

— Қазір... Васильичке... Ұмытыппын. Қарапайым - ақ фамилия еді... Жылқы аттас секілді еді... Бикебаев па еді? Жоқ... Айғырбаев тәрізді ме еді? Жоқ, Айғырбаев та емес. Фамилиясының жылқы аттас екені есімде, дәл қайсысы екені ойымнан шығып кеткенін...

— Құлыншақов болар?

— Жоқ, олай емес. Тоқтай тұрыңызшы... Биебеков... Байталбаев... Көктөбетов...

— Мынауың жылқы аттас емес, ит аттас болып кетті ғой. Дөненбеков емес пе?

— Жоқ, Дөненбеков те емес... Жылқыбаев... Атбағаров... Бұлардың бірі де емес.

— Енді не деп жазамын оған? Ойлансаңшы жөндеп.

— Қазір, Жылқыбеков. Байталбеков... Түпкіатов.

— Түпкіатбаев шығар? - деді генералдың әйелі.

— Ол да емес. Шеткіатов... Жоқ, ол да емес. Ұмытыппын.

— Сайтан алғыр - ау, ұмытатының бар, ақыл айтып не ақың бар еді? - деді генерал ашуланып - Жоғал әрмен.

Иван Евсеич аяғын ептеп басып шығып кетті. Генерал жағын қолымен басып, бөлмеден бөлмені кезіп жүр.

— Жаратқан - ай! - дейді бебеу қағып, - Тәңірім - ай! Жарық дүниені көруден қалдым-ау.

Приказчик бақ ішіне шықты да, көкке қарап тұрып алым - салық жинаушының фамилиясын іздеумен болды.

— Құнантаев... Құнаншығаров... Құнанбеков... Жоқ олай емес. Жылқышин... Жылқыайдаров... Тайбағаров... Биекенов...

Аздан соң оны мырза шақырды.

— Есіңе түсті ме? - деп сұрады генерал

— Жоқ, түспей тұр, тақсыр.

— Мүмкін, Атбеков болар? Жылқышыбаев? Бұлай емес пе?

Үйдегілер енді жапа-тармағай фамилия іздестіре бастады. Жылқының кәрі-жасын, тұқым тегін, еркек - ұрғашысын түгендеп шықты: жал-құйрығын, тұяғын, ер-тұрманын естеріне түсірді... Үйде де, бақта да, қонақжай мен ас үйде де жұрт бұрыштан бұрышқа барып, маңдайларын сипап, фамилия іздеумен болды. Әлсін-әлі приказчикті үйге шақырады.

— Үйірбаев емес пе? - деп сұрады одан, - Тұяқбаев шығар? Айғырғалиев емес пе?

— Жоқ, олай емес, - дейді Иван Евсеич, өзі жоғары қарап ойлана береді. - Атжанов... Аттыбаев... Құлынов...

— Папа! - деп айғайлады балалар бөлмесінен, - Атжегеров, Жүгенбаев.

Бүкіл усадьба дүрлікті. Шыдамы сарқылып, зықысы шыққан генерал сол фамилияны тапқан адамға бес сом бермек болды, жұрт Иван Евсеичтің соңынан шұбырды...

— Торытаев, Желіскөров, Атшабаров! - десті олар.

Күн кешкіріп фамилиясы сол күйі табылмай қойды.

Сөйтіп жеделхат жіберілмеген қалпы жұрт ұйқыға жатты.

Генерал түнімен көзін ілмей тынышы кетіп бұрыштан - бұрышқа барып сарнаумен болды... Таңғы сағат үште үйден шықты да, приказчиктің терезесін қақты.

— Азбанов емес пе? - деді ол жыламсыраған дауыспен.

— Жоқ, Азбанов емес, алдияр тақсыр, - деп Иван Евсеич кінәлі адамша күрсінді.

— Фамилиясы, мүмкін, жылқы аттас емес, басқаша болар?

— Алдияр тақсыр, құдай ақыңа жылқы аттас... Мұны, тіпті, анық білемін.

— Өзің нағыз ұмытшақ екенсің, құрғыр... Сол фамилия өмірдегі ең қымбатты нәрсе боп тұр маған, әбден сорлап бол дым.

Таңертең генерал дәрігерге тағы да кісі жіберді.

— Жұла берсін, - деді ол. - Бұдан әріге төзер шамам жоқ...

Дәрігер келді де ауырған тісті жұлып тастады. Тісінің ауырғаны лезде басылып, генерал тыныш тапты. Өз ісін тындырып, еңбегіне ақысын алған дәрігер арбасына отырды да, үйіне аттанды. Қақпа сыртындағы алаңда ол Иван Евсеичке ұшырасты... Приказчик жол жиегінде аяғының астына қадала қараған күйі ойға шомып тұр екен. Маңдайының қыртыстанған әжімі мен көз әлпетіне қарағанда терең ойға батқандай қалпы бар.

— Иван Евсеич! - деді бұған дәрігер. - Сізден аз-маз сұлы сатып алмас па екем, жарқыным? Маған өзіміздің мұжықтар сатуын сатады, бірақ сұлылары нашар.

Иван Евсеич дәрігерге адырая қарады да оқыс күлімдеп, жалғыз ауыз жауап қатпастан, қолын шапалақтап, соңынан дәл бір құтырған ит қуғандай жүгіре жөнелді.

— Таптым, таптым, алдияр тақсыр! - деді ол, генералдың кабинетіне қуанышы қойнына сыймай аптыға кіріп, - құдайым, дәрігердің деніне саулық бергей! Сұлыбаев! алым-салық жинаушының фамилиясы Сұлыбаев, Сұлыбаев, алдияр тақсыр, жеделхатты Сұлыбаевқа жіберіңіз.

— Оттапсың! - деді генерал түксиіп, екі саусағының арасынан басбармағын шығарып Иван Евсеичтің тұмсығына тақады. - Жылқы аттас фамилияның маған енді түкке керегі жоқ. Оттапсың!

Аударған З. Ахметов




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Антон Чехов Жылқы аттас фамилия туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Антон Чехов Жылқы аттас фамилия на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Антон Чехов Жылқы аттас фамилия туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Антон Чехов Жылқы аттас фамилия на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган, Әңгіме: Антон Чехов | Жылқы аттас фамилия ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер