Биология | Пиелонефрит

 Биология | Пиелонефрит



Пиелонефрит-бүйректің түбегінің және тканінің микробтық қабынуы.



Этиологиясы: ішек таяқшасы, стафилококк, стрептококк, вирустар, протеилер.



Патогенезі: Инфекция зәр шығару жолдарын 3 түрлі енеді:



1. Гематогендік /әр-түрлі іріңді ауруларда қан арқылы/.



2. Уриногендік /вульвовагинит немесе стерильді емес инструменттермен тексерулер өткізгенде, қыз баланың астын дұрыс жумағанда/.



3. Лимфогендік /гематогендік сияқты/.



Клиникалық айқындалуы: ауру жедел немесе еппен басталады.



1.Баланың ыстығы көтеріледі, шаршағыш болады, белі ауырады, тәбеті төмендейді, терісі бозарып кетеді.



2.Дизуриялық бұзылыстар пайда болады-зәр бөлінгенде шаншу, ашып ауыру, зәр шығару жиі немесе өте сирек болады, кейбір жағдайда түнде зәрді ұстамау-энурез пайда болуы мүмкін. Бүйректің тұсын аздап ұрғыласа ауырсынады.



3.Зәр анализіндегі өзгерістер-лейкоцитурия, бактериурия .



Кей кездерде пиелонефрит басқа ауруларға байланысты анализдерін тексергенде айқындалады.



Емі: 1.-Төсек режимі тек ауыр жағдайда тағайындалады, басқа кездерде баланың көбірек қимылдап тігінен жүргені зәрдің ағуына жағдай жасайды.



2,-Диета №7 стол. Тамағы негізінен сүт өнімдерінен болғаны дұрыс, сөткесіне 2 литрге жуық сұйықтық ішуі керек. Ащы, қуырылған, майлы тағамдар берілмейді.



3.-Антибактериалды ем ұзақ өткізіледі /нитрофуран дәрілері, налидиксин қышқылының препараттары/ микробтардың сезімталдығын ескере отырып 6-айдан-1,5 жылға дейін10-15 күннен өткізіледі.



4.-Антигистаминді препараттар



5.-Витаминдер комплексі



6.-Фитотерапия-қарақаттың жапырағы, аю құлақ, жолжелкен, дала қырықбуыны, қалақай, түймедақ, жүгері желкенінің қайнатпалары беріледі.



7.-Симптомдық ем.



Күтімі:



Баланың күн тәртібін сақтауын қадағалау.

Баланың тамағын және сұйықтықты жеткілікті ішуін қадағалау.

Баланың уақтылы кіші және үлкен дәретке отыруын қадағалау.

Жеке бас гигиенасын сақтау.

Дәрігердің белгілерін мұқият орындау.

Диспансерлік бақылауға алынып емханада схемамен емдеуді жалғастыру- 10-15 күн антибактериалды терапия, 10-15 күн фитотерапия кем дегенде 6 ай бойы жүргізілу керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?