Басқару теориясы


Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Басқару теориясы

2024 жыл

 Жоспар:

 

  •  Кіріспе
  •  Негізгі бөлім
  •  Басқару теориясының түрлері
  •  Басқару деңгейлеріндегі менеджерлердің бейнелері 
  •  Басқару жүйесіндегі өзін-өзі басқарудың дамуы
  •  Басқару ісінің мәні
  •  Басқару мақсатының әртүрлілігі  және топтастыру белгілері
  •  Басқару мақсатының әртүрлілігі  және топтастыру белгілері
  •  Рыноктық экономика елдеріндегі  өндірістік өзін-өзі басқару
  •  Қорытынды
  •  Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе

 Басқару  - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Басқару теориясы, қаржыландыру, әрекет, жобалау және ұйымдарды басқару кезінде қолданылатын күрделі құқықтамалық-түсінікті теория. Оның мақсаты - ұйымның және оның ресурстарының орналасуды, басқаруды және әрекеттерді жүргізу құқығын түсіндіруге көмектесу.

 Басқару теориясын екі деңгейге бөледі:

  •  Біріншісі, әртүрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қызмет ету тетіктерін түсіндіретін жалпы саяси-экономикалық және әлеуметтік-философиялықтұжырымдамалардың бір бөлігі болып табылатын әлеуметтік басқару теорияларымен ұсынылған.
  •  Екіншісі, қолданбалы пән ретінде, бір жағынан фундаменталды ғылыми теориялар бөліктері, екінші жағынан, әркелкі нысандарды басқару мақсатымен бірлескен тәжірибелік білімнің және дағдылардың жиынтығы.

 Басқару деңгейлеріндегі менеджерлердің бейнелері 

  •  Кәсіпкерлік пен бизнес саласында менеджердің орны бөлек. Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты үйлестіріп, соны басқару мәселелерімен айналысады. Ұйымның алдында тұрған келелі міндеттерді айқындайды. Оның орындалуына бақылау жасайды және тікелей жауап береді.
  •  Социалистік жүйеде менеджер арнайы мамандық ретінде саналмайтын. Рыноктық экономика заңдылықтары менеджерлерді арнайы мамандық ретінде қарастыруға мәжбүр етті. Өйткені менеджер кәсіпкерлікпен айналысатын кез келген құрылымның басқарушысы және жетекшісі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, менеджер сол құрылымның басты қожайыны.
  •  Коммерциялық  құрылымдар қатары өскен сайын, олардың  шағындығына және үлкендігіне қарамай, бірнеше менеджер қызмет істейді. Егер құрылым шағын болса, бір не екі, ал үлкен болса, атқаратын жұмыс ауқымына сай алты-жеті менеджер артықшылық етпейді. Мысалы, кадрлармен жұмыс жөніндегі, қаржы жөніндегі, көлік жөніндегі, шаруашылық жөніндегі, тағы басқадай. Бұлар өз шамасы бойынша жүктелген міндеттерді атқарады, оған жауап береді. Жалпы, менеджердің жұмысы өте үлкен, жауапкершілігі жоғары.
  •  Менеджер  жан-жақты сауатты, ішкі және сыртқы рынокты жақсы меңгеруі тиіс. Өйткені ол өз фирмасының немесе кәсіпорынның өнімдерін, тауарларын орналастыруды, өткізуді, оны сатуды, тұтынушыларды табуды алдын-ала зерттей білуі керек. Сатуға шығарылатын тауарлардың қай жерде қолданысқа не болатынын, клиенттердің сұранысы қандай көлемде екенін күні бұрын анықтай отыруы шарт. Сонда ғана кәсіпкерлік пен бизнесте жолы болады.
  •  Әр менеджер өзінің тұжырымдамасын алдын-ала дайындап алғаны жөн. Онда бизнес мүмкіншілігі жан-жақты қарастырылып, айқындалады. Мұнда: қазіргі рынокта қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер, қай жерде қандай тауарлар өтімді болатындығын анықтауға тиіс. Сондай-ақ, бұдан 4-5 жыл бұрын рынокта қандай өзгерістер болды, — осының барлығы оның көзқарасынан тыс қалмауы керек. Және тауарлар мен өнімдерді сатып алушы клиенттердің қазіргі мүмкіндігі, қаржылық жағдайы, қысқасы, бәрін белгілеп, анықтайды. Осы қыруар міндеттердің бәрі менеджердің мойнында.

Басқару жүйесіндегі өзін-өзі басқарудың дамуы

  •  Өнеркәсіптік  қоғамнан кейінгі жағдайда басқару  билік жүргізу әрекетіне айналған, солай бола да бермек. Басқару аппаратындағы адамдардың жалпы мүддені басқалардан жақсы түсінуі және оны жүзеге асыру үшін басқаларды бағындыра білетін қабілеті мен мүмкіншілігі болулары қажет. Осындай қабілеттілігін қорғауға қандай дәлел ("Халықтың атынан және тапсыруы бойынша", "Алланың атынан", "Өзінің ерекше дарындылығынан") айтқанымен, басқарудың табиғатында демократияға қарсы сәттер бар: қызметкерлерден ең жоғары нәтиже алу үшін, олар "адам факторы", "адам ресурсы" ретінде қаралады.
  •  Басқарудың  қарама-қайшылығы сонда, біріншіден, оның ұйымдастырушылық - техникалық жағы жеке орындаушылардың еркінділігін тежеуді қажет етеді, екіншіден, әлеуметтік-экономикалық жағы өзін-өзі басқаруға араласатын негізгі қызметкерлердің жеке бас қабілеттілігінің дамуына, тәуелсіздігіне және ынталылығына байланысты.
  •  Қазақстанның  рыноктық қатынастарға байланысты жаңа парадигмадағы адамдардың алатын орнына тоқтайық. Біздің коғамды қайта құру тұжырымдамасының көптігіне қарамастан, олардың барлығында да қайта құрудың ең басты факторы есебінде адамдарға және олардың мүдделеріне ерекше көңіл аудару тәсілі баса көрсетілген. Бірақта қайта құрушылық бағдарламалардың барлығында да белгілі біржақтылық бар: түрлі басқару субъектілерінің алдына ең алдымен адам өміріне жоғары деңгейге лайықты жағдай туғызуды қамтамасыз ету және олардың тамақтану, пәтер-үй, әлеуметтік-мәдениет жағдайларын жақсарту мақсаттары қойылады. Аталғандардың барлығының маңызын түсіндірмегенде де, адамдар бұл бағдарламаларда тек басқару субъектісі есебінде қаралады.
  •  Шынында, адамдардың қоғамда өз орнын таба білуі тек  тоя тамақ ішіп, жақсы пәтерде өмір сүруінде емес. Адамның ең жоғарғы мақсаты — олардың қоғамдағы қабілетіне сай өз орнын таба білуінде, қоғамдық өндірісте адамдар тек тұтынушы немесе өндіруші деп қарауға болмайды. Адам басқарушының ең жоғарғы рөліне дейін көтерілуі керек. Міне, осыған байланысты өзін-өзі басқарудың даму үрдісін зерттеу қажет.

 Басқару ісінің мәні

  •  Басқару —  шешім қабылдау процесі. Қабылданған  шешімдер қойылған мақсаттарға сәйкес болуға тиіс. Сондықтан да басқарушы өзінің мақсаттарын анықтаулары және олар нақтылы тұжырымдалуы қажет. Жергілікті және орталық басшылықтың мақсаты жұмсалған капиталдың қайтарымы немесе одан да мәнді ең жоғары қарқынымен өсуі болуы мүмкін. Бастапқы мақсат қандай болса да, басқару процесі ұйымның рынок жағдайындағы келеңсіз өзгерістердің барлығына төтеп беріп, өмір сүре алатындығының кепілі іспеттес.
  •  Шаруашылық  практикасы көрсеткеніндей, басқару  жүйесін жетілдіру, оның жалпы теориялық  мәселелерін дамыту рынок экономикасында бірден-бір тиімді жол болып табылады. Сондықтан да басқару жүйесінің деңгейін жаңа сапаға көтеру теориялық және практикалық жұмыстарда басты орын алады. Барлық басқару жұмыстарын қайтадан құру болмаса, жетілдіру экономикалық дамудың жаңа ырғағын алып келуге септігін тигізеді.
  •  Басқаруды жетілдірудің проблемасы рынок экономикасына  көшу барысында қолымыздағы бар  экономикалық мүмкіншіліктерді пайдалана  отырып, жаңа өндіріс қатынастарын калыптастыру болып табылады. Аталғандардың барлығы басқаруды қайта құруға қатысты жұмысты жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
  •  Рынок экономикасына  сай басқару жүйесінің қалыптасуы өндіргіш күштер мен жаңа өндіріс қатынастарынан туатын объективтік заңдылықтарға негізделген. Басқарудың шешуші проблемаларының бірі — оның ықпалын рынок экономикасының тиімділігін арттыруға пайдалану, рынок механизмдерінің үздіксіз әрекет етуін қамтамасыз ету.
  •  Басқарудың  барлық жүйесі мен оның негізгі буындары экономиканың барлық деңгейлерінде  мүдделілікті қалыптастыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, ресурстарды үнемдеуге, олардың шығындарын азайтуға мүдделілікті күшейтуге жағдай туады.

 Басқару құрылымдары, ұйымдастыру  түсінігі мен принциптері

  

 "Ұйымды басқару құрылымы" немесе "басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы" (БҰҚ) менеджменттің ең бір шешуші түсінігі болғандықтан, ол басқару мақсаттарына, функциялары мен процестеріне, сонымен қоса, менеджерлердің жұмыстарына және олардың арасындағы өкілеттікті бөлісуге тығыз байланысты. Құрылым шеңберінде барлық басқарушылық процесс (ақпараттықтармен алмасу және басқарушылық шешімдер қабылдау) кәсіби мамандығына сай менеджерлердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Құрылымды басқару жүйесін уақытында және сапалы салынған ғимараттың арқалығымен салыстыруға болады. Сондықтан да ұйым басқарушылары басқару құрылымдарын қалыптастырғанда, олардың принциптері мен тәсілдерін, типтері мен түрлерін таңдау барысында, үрдістердің өзгеруі ұйымның міндетіне сәйкестігіне баға бергенде жете зерттеу жүргізуді талап етеді.

 Бұл мәселелерді  қарағанда, осы мәселенің шешуші түсінігінен, ең алдымен ұйымдарды  басқару құрылымдарынан бастаған жөн. Менеджментке қатысты ғылымда осы  категорияның күрделілігін және көп мәнділігін көрсететін көптеген түсіндірмелер кездеседі. Олардың ең бастылары мыналар.

 Басқару құрылымы деп қызметтің атқарылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, тәртіпке келтірілген, өзара тұрақты байланыстардың біртұтас элементтер жиынтығын айтады. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына, қойылған міндеттер мен мақсатқа жету жолдарын көрсететін функцияларға сәйкес, басқару процесі шеңберінде жүзеге асырылатын басқарушылық әрекетінің бөлісу формасы мен кооперациясы деп түсінік беруге де болады. Бұл тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, оның құрамына кіретін органдар мен онда қызмет атқарушы адамдардың өзара байланысты міндеттерін атқаруды, құқықтары мен жауапкершіліктерін ең қолайлы бөлісу жүйесінің түрі деп те атауға болады.

 Басқару элементтерінің байланыс қатынастары деңгейлері мен  өкілеттіктері — оның құрылымының  ең басты, негізгі түсініктері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының элементтері  жеке жұмыс істеушілер (бастықтар, мамандар, қызметкерлер), сол сияқты, белгілі  бір функционалдық міндеттерді орындайтын басқару аппаратының органдары немесе осы аппаратта қызмет атқаратын мамандар болуы мүмкін. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының мамандану элементтерінің екі бағыты бар. Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің құрылым құрамына байланысты маркетингті жүзеге асыратын басқару құрылымының, өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық процестің тізбектері өзара ажыратылады. Екіншіден, функциялардың жалпы сипаттамасына байланысты жоспарлаумен шұғылданатын, ендірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыратын, ұйымда барлық процестерді бақылайтын, басқару процесінің міндетін орындайтын органдар қалыптасады.

 

 Басқару мақсатының әртүрлілігі  және топтастыру белгілері

 

 Мақсаттарды жүйелі түрде топтастыру басқару  деңгейлері және маманданған бағыттары  бойынша басқарушылық әрекеттердің әр түрлілігін көрсетеді. Мақсаттар арасындағы айырмашылық топтастыру белгілері қызметін атқарып, олардың сипаттарын алдын ала анықтайды. Өмірлік циклдің (гр. — құбылыстар жиынтығы) фазаларына байланысты мақсаттар жүйелері төмендегідей ажыратылады:

 1) жүйені құру. Ол үшін ғылыми-зерттеу, жобалау, монтаждау жұмыстарын жүргізу;

 2) орныққан, қызмет атқарып тұрған жүйені пайдалану немесе оны жұмысқа қосу. Бұл жағдайда жасалған келісімдердің, кіріс нормаларының, қауіпсіздік техникасының әдеттегі жұмыс тәртібі сақталады және қамтамасыз етіледі;

 

 Рыноктық экономика елдеріндегі  өндірістік өзін-өзі басқару

  

 Өзін-өзі басқару түрлерінен ішінде өндірістік өзін-өзі басқару ерекше орын алады.

 Рыноктық  шаруашылық жүргізу жүйесінде кәсіпорындар формаларының әртүрлігі еңбекшілердің  өндірісте, еңбек ұжымдарында өзін-өзі басқару процесіне жан-жақты қатысуына мүмкіншілік туғызады. Айтылып жүргендей, өзін-өзі басқару шаруашылық жүргізудің социалистік тәсілі емес. Егерде басқаруға қатысу әуел басынан меншікке қатысынан анықталған болса, онда экономикалық өзін-өзі басқару мүмкіншілігі шын тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілердің қолына беріледі.

 Соңғы жылдары  байқалған өзін-өзі басқарушылық үрдісінің күшеюі дамыған рыноктық экономикасы бар елдерден бастама алды. Әсіресе, бұл үрдіс бәсекелестіктің шиеленісуінен туған кәсіпорындардың өмір сүрін қиындықтан алып шыға алатын қызметкерлерден жоғары дәрежедегі даярлықты талап етті. Соған сәйкес, осы уақытқа дейін көңіл аудармай келген "адам капиталын" жаңаша "бағалау" жолға қойылды. Бұл жағдайда қызметкерлердің меншік пен басқаруға, оның ішінде өзін-өзі басқаруға қатысы тек еңбекті ұйымдастыру тәсілі деп қана түсіндірілмей, сонымен қоса "капиталды әлеуметтендіруге" мүмкіншілік туғызатын әлеуметтік серіктестік механизмі есебінде қабылданады. 80-жылдардың ортасында Канадада жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша, басқаруға іскер қызметкерлер тартылса және олардың шешім қабылдауға әсерін тигізетін мүмкіншіліктері мол болса, компанияларда жұмыс зор қанағаттанғандықпен орындалады, басқарушыларға дұрыс көзқарас туады, басқарушылар жағынан аз қысым көрсетіледі; осы ұжымда топаралық қатынастар қолайлы қалыптасады және келіспеушіліктер тез шешіледі, қызметкерлердің өздерін өздері бағалауы жоғарылайды.

 Өндірістік демократияның негізгі формалары: 

 а) бірге  қатысу — еңбекшілердің кәсіпорын  жағдайы және әкімшілік жоспары  туралы ақпарат алу, қарсылық көрсетуге  дейін баратын өз пікірін айту, кеңесші дауыспен өндірісті басқаруға тартылу және басқару органдарында азшылық жағдайда өкілдік құқығы;

 ә) бірге  басқару — шешімдер қабылдауға қатысу, кейбір әкімшілік өз бетімен қабылдаған өндірістік және әлеуметтік мәселелер туралы қаулыларға тыйым салу немесе уақытша тоқтату (вето — лат.), өндірісті басқару органдарында тең өкілеттілік құқығы;

 Қорыта келгенде, "басқару теориясы" басқарудың әдістемелік принциптері мен әдістерін меңгереді. Бұл бір жұмыс немесе құрылымдық құрамдылықты басқаруға жүргізілген оқиғаларды, әдістерді, технологияларды және жоспарларды басқаруға қатысатын адамдарды бағалауға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу