География_10 сынып
«География» пәнінен
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
10 сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар жалпы орта сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Географиялық зерттеу әдістері»/ «Картография және геоинформатика»бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Зерттеу әдістерінің түрлері | ||||
Оқу мақсаты | 10.1.1.1. Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану 10.1.1.3 Зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады 10.2.1.1 Тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану 10.2.2.2 Статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасау | ||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| ||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | ||||
Орындау уақыты | 20 минут | ||||
Тапсырма
Сауаттылық - дамушы елдер үшін білімділіктің ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл АДИ-ді есептеу кезінде қолданылатын көрсеткіштердің бірі. Білімділік индексі келесі көрсеткіштер бойынша өлшенеді:
|
2. Қазақстанның физикалық географиялық аудандастыруға қатысты картаға мұқият қараңыз.
3. Берілген проекция түрлерін қолдана отырып, тапсырмаларды орындаңыз.
|
4. Статистикалық деректерді және шартты белгіні қолдана отырып, 1-картада картодиаграмма сызыңыз.
1-карта
Шартты белгілер:
Аудандар бойынша ірі қараны мемлекеттік сатып алу көлемі (мың бас)
Аудандар бойынша ірі қараны мемлекеттік сатып алу көлемі (мың бас)
Аудандар | Ірі-қара саны (мың бас) |
1-аудан | 7 |
2-аудан | 1 |
3-аудан | 3 |
4-аудан | 5 |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||||||
Тақырыпты зерттеуде салыстыру әдістерін қолданады | 1 |
|
| ||||||||||||||||
Тақырыпты зерттеуде аудандастыру әдістерін қолданады | 2 |
|
| ||||||||||||||||
Картографиялық зерттеулер әдістерін қолданады | 3 |
|
| ||||||||||||||||
Статистикалық деректерді қолданып, картограммалар мен картодиаграммаларды құрастырады | 4 |
|
| ||||||||||||||||
Жалпы балл | 19 |
«Географиялық зерттеу әдістері»/ «Картография және геоинформатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Тақырыпты зерттеуде салыстыру әдістерін қолданады | Географиялық салыстыру әдістерін қолдануда қиналады | Сауаттылық деңгейі жоғары/төмен мемлекеттерді анықтайды/ Қазақстанның сауаттылық индексін сауаттылық индексі жоғары /төмен елдермен салыстыруда/ Қазақстан сауаттылық индексін көтеруге ұсыныс келтіруде қиналады | Тақырыпты зерттеуде салыстыру әдістерін тиімді қолданады | ||
Тақырыпты зерттеуде аудандастыру әдістерін қолданады | Аудандастыру әдістерін қолдануда қиналады | Сандарды берілген атаулармен сәйкестендіруде/ экономикалық-географиялық аудандастырудың тиімділігіне баға беруде қателіктер жібереді | Аудандастыру әдістерін анықтайды және қолданады | ||
Картографиялық зерттеулер әдістерін қолданады | Картографиялық зерттеулер әдістерін қолдануда қиналады | Бірінші/ екінші/ үшінші проекция түрлерін анықтауда, сипаттауда қателіктер жібереді | Картографиялық зерттеулер әдістерін дұрыс қолданады | ||
Статистикалық деректерді қолданып, картограммалар мен картодиаграммаларды құрастырады | Статистикалық деректерді қолданып, картограммалар мен картодиаграммаларды құрастыруда қиналады | Статистикалық деректерді және шартты белгіні қолдана отырып, картодиаграмманы сызуда/ картодиаграмманны аудандарға сәйкес белгілеуде қателіктер жібереді | Статистикалық деректерді қолданып, картограммалар мен картодиаграммаларды дұрыс құрастырады |
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау.Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары. | ||||
Оқу мақсаты | 10.3.1.2 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға беру (жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) 10.3.1.3 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну(жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) 10.3.1.4 Тиімді табиғатты пайдаланудың қағидаттарын анықтау | ||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | ||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| ||||
Орындау уақыты | 20 минут | ||||
Тапсырма 1. Табиғатты пайдалануға қатысты тапсырмаларды орындаңыз
_______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________
|
2. Мәтінді қолданып, тапсырмаларды орындаңыз.
а. Балқаш кен-металлургия комбинатының қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтаңыз. b. Балқаш кен-металлургия комбинатының қоршаған орта мен адамзатқа тигізер әсерін азайтуға бағытталған 3 шешу жолын ұсыныңыз. 3. Тапсырманы орындаңыз. а. Табиғатты тиімді пайдалануға және қорғауға арналған ұйымдарды анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
b. «Киото хаттамасының» негізгі қағидатын анықтап, оған сипаттама беріңіз. |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, бағалайды | 1 |
|
| ||||||||||
Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға ұсыныстар келтіреді | 2 |
|
| ||||||||||
Табиғатты пайдаланудың қағидаттарын сипаттайды | 3 |
|
| ||||||||||
Жалпы балл | 12 |
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға береді | Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беруде қиналады | Табиғатты тиімсіз пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін түсіндіруде, табиғатты тиімсіз пайдаланудың экономикалық/экологиялық салдарына баға беруде қателіктер жібереді | Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне дұрыс баға береді | ||
Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға ұсыныстар келтіреді | Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға ұсыныстар келтіруде қиналады | Балқаш кен-металлургия комбинатының қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтауда/ қателіктер жібереді. Қоршаған орта мен адамзатқа тигізер әсерін азайтуға бағытталған 1/2/3 шешу жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді | Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға толықтай ұсыныстар келтіреді | ||
Табиғатты пайдаланудың қағидаттарын сипаттайды | Табиғатты пайдаланудың қағидаттарын сипаттауда қиналады | Гринпис («Жасыл әлем») /«Робин Вуд»/ ВФОП (WWF) ұйымдарының анықтамасын сәйкестендіруде қателіктер жібереді. «Киото хаттамасының» негізгі қағидатын анықтауда/сипаттауда қателіктер жібереді. | Табиғатты пайдаланудың қағидаттарын дұрыс сипаттайды |
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі. Геосфералардың ластануы. Геоэкологиядағы антропогендік факторлар. | |||||||||||
Оқу мақсаты | 10.3.2.1 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде ұсыну 10.3.2.2 Геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп- салдарын зерттеу 10.3.2.5 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну | |||||||||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| |||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | |||||||||||
Орындау уақыты | 25 минут | |||||||||||
Тапсырма 1. Геоэкологиялық зерттеулердің мәні мен мазмұнына және бағыттарына қатысты мәтінді оқып, инфографика түрінде көрсетіңіз. Геоэкология-жоғарғы иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейін) экожүйесін зерттейтін экология ғылымының бір саласы. Геоэкология терминін алғаш 1939 жылы К.Тролль ұсынған еді. Геоэкологияны ландшафт экологиясы деп те атайды. Геоэкология пәнінің мақсаты – табиғатты қорғау туралы ілімнің ғылыми негіздерін жердің табиғи-антропогендік жүйелерінің экологиялық саны ретінде геоэкологияның негіздеуші прициптерін зерттеу, анықталған заңдылықтарды қолданбалы экологияның теориясы мен тәжірибесін іс жүзінде қолдану. Геоэкология пәнінің негізгі міндеттері табиғатты қолдану негіздерін зерттеу және экологиялық аудандастыру әдістерін карастыру. Негізгі ластайтын заттардың қайнар өздерін, олардың таралуының жалпы заңдылықтарын табу және аудандардың геологиялық құрылымын зерттеу және қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтау. Сонымен қатар қоршаған орта зерггтеулерінің әдістемелерін, химиялық элементтердің табиғи және жасанды көздерінің сипаттамасын, шаруашылык қызметтің коршаған ортаға техногендік тәуелділігін түсіндіру. Техногенездің ерекшілігімен, табиғи шарттардың ролімен таныстыру және коршаған орта ластануында адамдардың шаруашылық қызметін анықтау, аймақтарды экологиялық аудандастыру, минералды қорлардың тиімді колдану туралы және экологиялық– геологиялық карталарды құрастырудың ғылыми - әдістемелік принциптерін білу. Геоэкологияның негізгі бағыттары: Жалпы геоэкология - Жерге ортақ жаһандық үдерістер мен құбылыстарды зерттейді (экологиялық геоморфология, табиғи ресурстар экологиясы, атмосфера экологиясы, гидроэкология және т.б.) Қолданбалы геоэкология – шаруашылық іс-әрекетке байланысты геоэкожүйенің өзгерістерін зерттейді (агроэкология, урбанэкология, орман шаруашылығы және т.б.) Аймақтық геоэкология – нақты бір территориядағы шаруашылық іс-әрекетке байланысты геоэкожүйенің өзгерістерін зерттейді (табиғат зоналарының геоэкологиясы, өзен бассейндерінің геоэкологиясы және т.б.) 2. Дүниежүзі бойынша мұнаймен ластанған картаны қолданып, тапсырмаларды орындаңыз. Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы картасы a. Дүниежүзілік мұхиттардың мұнаймен ластану деңгейін анықтап, кестені толтырыңыз.
b. Мұнаймен ластанған аудандардың ластануының екі себебін анықтаңыз. c. Мұнаймен ластанған аудандардың қоршаған ортағы тигізер екі салдарын түсіндіріңіз. 3. Мәтінді және суретті қолданып, тапсырмаларды орындаңыз. Эскондида – 1990 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан Чили мемлекетіндегі ірі мыс кен орны. 2007 жылы бұл кен орнында 1,5 млн т мыс өндірілді. 2 карьері бар Эскондида кен орны 2011 жылдан бастап жер шарындағы ең ірі мыс өндіруші кен орны болып табылады. Эскондида мыс кен орны жылына миллиондаған тонна су шығындайды. Мысалы, 1 т мыс өндіру үшін 200–250 т су керек. Мыс өндіруден бұл ауданда су қоры таусылып, жергілікті жер әлемдегі ең құрғақ аудандардың біріне айналып отыр. Карьер мен террикондар өте улы болғандықтан жергілікті халықтың денсаулығы мүлдем нашарлап, ал ауданның жер бедері өте қатты өзгеріске ұшыраған. а. Антропогендік факторлардың 1975 жыл мен 2008 жылдар аралығында жер бедері мен қоршаған ортаны қалай өзгерткенін сипаттаңыз. b. Эскондидо мыс кен орнына әсер еткен антропогендік факторларды азайтудың 2 жолын қарастырыңыз. 1.______________________________________________________________________ 2.______________________________________________________________________ |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||||||
Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде бейнелейді | 1 |
|
| ||||||||||||||||
Геосфералардың ластану деңгейінің себеп-салдарын анықтайды | 2 |
|
| ||||||||||||||||
Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарына мысал келтіреді | 3 |
|
| ||||||||||||||||
Жалпы балл | 13 |
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде бейнелейді | Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде бейнелеуде қиналады | Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде бейнелеуде / қажетті ақпаратты қысқаша түрде ықшамдайды немесе график арқылы ұсынуда / инфографиканы құрастыруда сызбанұсқа, ментальды карта, т.б. әдістерді қолдануда / инфографиканы эстетикаға сай әрлеуде қателіктер жібереді | Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде бейнелейді | ||
Геосфералардың ластану деңгейінің себеп-салдарын анықтайды | Геосфералардың ластану деңгейін сипаттап, себеп-салдарын анықтауда қиналады | Геосфералардың ластану деңгейін карта арқылы анықтауда / себеп-салдарын зерттеуде қателіктер жібереді | Геосфералардың ластану деңгейін сипаттап, себеп-салдарын нақты анықтайды | ||
Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарына мысал келтіреді | Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды анықтап азайту жолдарына мысал келтіруде қиналады | Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды сипаттауда/ оларды азайтудың жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді | Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды анықтап азайту жолдарына мысал келтіреді |
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Геоэкономика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі. Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары. Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлар. | ||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 10.4.1.2 Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау(қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) 10.4.1.3 Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын талдау; 10.4.1.8 Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу 10.4.1.10 Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау | ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| ||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | ||||||||||||||||||||||||||||
Орындау уақыты | 25 минут | ||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма 1. Еуразия кеңістігіндегі Қазақстанның экономикалық-географиялық, геоэкономикалық жағдайына қатысты семантикалық картаны толтырыңыз. Дұрыс жауаптары сәйкес келетін ұяшыққа «+» таңбасын қойыңыз
2. Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының тиімді және тиімсіз жақтарын анықтап, кестеге жазыңыз.
3. Шаруашылықты орналастырудың негізгі факторына сипаттама беріңіз. a. Шаруашылықтың бір саласын таңдап оны орналастырудың негізгі факторына сипаттама беріңіз. Таңдау үшін: Сүт зауыты, мұнай өндіру, полимер химиясы b. Сіз таңдаған шаруашылықтың экологияға әсерін анықтаңыз. 4. Берілген мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша кестеге жіктеңіз Мемлекеттер: Мальта, Канада, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Бразилия. (Кестеге әр топқа бір мемлекеттен жазыңыз)
5. Қазақстанның экономикалық аудандарының мамандану саласын анықтаңыз және экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерін сипаттаңыз а. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының мамандану саласын анықтаңыз. b. Картаны қолданып, Батыс Қазақстан экономикалық ауданында құбыр жолының қалыптасу себебін түсіндіріңіз. c. Құбыр жолының Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығына баға беріңіз. |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||||
Географиялық кеңістіктің рөлін сипаттайды | 1 |
|
| ||||||||||||||
Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын сипаттайды | 2 |
|
| ||||||||||||||
Елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырады | 3 |
|
| ||||||||||||||
Қазақстанның экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерін сипаттайды |
|
| |||||||||||||||
Жалпы балл | 17 |
«Геоэкономика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Географиялық кеңістіктің рөлін сипаттайды | Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін сипаттауда қиналады. | Ең ұзын шекаралас мемлекетті/ экономикалық маңызды жолды/ кедендік одақ мемлекеттерін анықтауда, экономикалық-географиялық жағдайдың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтауда қателіктер жібереді | Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін дұрыс сипаттайды | ||
Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын сипаттайды | Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын сипаттауда қиналады | Шаруашылықты орналастырудың факторын анықтап сипаттауда / шаруашылықтың экологияға әсерін анықтауда қателіктер жібереді | Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын дұрыс сипаттайды | ||
Елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырады | Елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыруда қиналады | Дамыған/дамушы/өтпелі/жаңа индустриалды/ «жалға пәтер беруші мемлекеттерді топтастыруда қателіктер жібереді | Елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша дұрыс топтастырады | ||
Қазақстанның экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерін сипаттайды | Қазақстанның экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді сипаттауда қиналады | Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының мамандану саласын анықтауда/ Батыс Қазақстанда құбыр жолының қалыптасу себебін түсіндіруде/ құбыр жолының экономика үшін маңыздылығына баға беруде қателіктер жібереді | Қазақстанның экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді дұрыс сипаттайды |
«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Геосаясаттың өзектілігі. Дүниежүзінің геосаяси аймақтары Мемлекеттік аумақтың морфологиясы. | ||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 10.5.1.1 Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі категорияларын түсіндіру 10.5.1.4 Түрлі көрсеткіштер немесе олардың жиынтығы бойынша ерекшеленген геосаяси аймақтарды анықтау 10.5.1.7 Мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеу | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| ||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | ||||||||||||||||||||
Орындау уақыты | 20 минут | ||||||||||||||||||||
Тапсырма 1.Геосаясаттың мақсатын, міндеттерін, зерттеу пәні мен негізгі категорияларын кесте түрінде сипаттаңыз.
2.Қазіргі кездегі Еуразия кеңістігіндегі ерекшеленген 3 геосаяси аймақтарды кескін картаға түсіріңіз. 3.Мемлекеттердің аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеп, геосаяси орнына баға беріңіз. а. Дүниежүзінің саяси картасын қоланып, мемлекеттердің аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеп, кесте толтырыңыз. (әр морфологиялық ерекшеліктеріне қатысты бір мемлекеттен жазыңыз)
b.Созыңқы мемлекеттердің геосаяси орналасуының екі кемшілігін атаңыз. |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||
Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтайды Геосаясаттың зерттеу пәні мен негізгі категорияларын сипаттайды | 1 |
|
| ||||||||||||
Ерекшеленген геосаяси аймақтарды картадан көрсетеді | 2 |
|
| ||||||||||||
Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша топтастырады | 3 |
|
| ||||||||||||
Жалпы балл | 13 |
«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтайды Геосаясаттың зерттеу пәні мен негізгі категорияларын сипаттайды | Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтауда/ зерттеу пәні мен негізгі категорияларын сипаттауда қиналады | Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтауда/ зерттеу пәні мен негізгі категорияларын сипаттауда қателіктер жібереді | Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтауда/ зерттеу пәні мен негізгі категорияларын дұрыс сипаттайды | ||
Ерекшеленген геосаяси аймақтарды картадан көрсетеді | Ерекшеленген геосаяси аймақтарды картадаға түсіруде қиналады | 1/2/3 ерекшеленген геосаяси аймақтарды кескін картаға түсіруде қателіктер жібереді | Ерекшеленген геосаяси аймақтарды кескін картаға дұрыс белгілейді | ||
Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша топтастырады | Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша топтастыруда қиналады | Созыңқы/біртұтас/шашыраңқы/құрамында анклавы бар мемлекеттерді анықтауда, созыңқы мемлекетердің геосаяси орналасуының кемшіліктерін атауда қателіктер жібереді | Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша дұрыс топтастырады |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Елтану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Кешенді географиялық аудандастыру. Салыстырмалы елтану |
Оқу мақсаты | 10.6.1.1 Дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру 10.6.2.3 Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау бойынша) 10.6.2.6 Елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау (таңдау бойынша рейтингтің басында, ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында) |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма 1. Геосаяси аудандарға қатысты берілген картадағы шартты белгілерді анықтаңыз. 2. Геосаяси ауданға қатысты картаның мазмұнын түсіндіріңіз. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ |
3. Кестеде берілген ақпартты қолданып, өсу реттілігі бойынша тік бағаналы график сызыңыз. Дүниежүзі елдерінің ЖІӨ номиналды көрсеткіші. Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, 2017 жыл.
АДИ көрсеткіші жоғары, орташа және төмен мемлекеттер ондығы
а.Таңдау бойынша кестедегі АДИ көрсеткіші жоғары, орташа немесе төмен кез-келген бір елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін әлеуметтік факторды анықтаңыз. b.Таңдау бойынша кестедегі АДИ көрсеткіші жоғары, орташа немесе төмен кез-келген бір елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін экономикалық факторды анықтаңыз. c. Таңдау бойынша кестедегі АДИ көрсеткіші жоғары, орташа немесе төмен кез- келген бір елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін саяси факторды анықтаңыз. |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||
Дүниежүзі елдерінің геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіреді | 1 |
|
| ||||||
Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсетеді | 2 |
|
| ||||||
Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін факторларды сипаттайды | 3 |
|
| ||||||
Жалпы балл | 9 |
«Елтану» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Дүниежүзі елдерінің геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіреді | Дүниежүзі елдерінің геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіруде қиналады | Геосаяси картаның 1/2 шартты белгісін анықтауда/ картаның мазмұнын түсіндіруде қателіктер жібереді | Дүниежүзі елдерінің геосаяси аудандарын бөлінуін дұрыс түсіндіреді | ||
Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсетеді | Көрсеткіштерді өсу реттілігін сақтай отырып, графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін анықтауда қиналады | Кестедегі ақпаратты қолдануда/ тік бағаналы графикті өсу ретімен сызуда/ графикті визуализациялауда қателіктер жібереді | Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін дұрыс көрсетеді | ||
Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін факторларды сипаттайды | Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін факторларды сипаттауда қиналады | Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін әлеуметтік /экономикалық/саяси факторларды анықтауда қателіктер жібереді | Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін факторларды дұрыс анықтайды |
«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері |
Оқу мақсаты | 10.7.1.2 Ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтау 10.7.1.4 Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 15 минут |
Тапсырма 1. Ғаламдық проблемаларының ішінен бірін таңдаңыз. Адамзаттың ғаламдық проблемаларының тізімі
a. Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың ауқымдылығын түсіндіріңіз. b. Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың екі салдарын сипаттаңыз. c.Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың ықтимал үш шешу жолын ұсыныңыз. 2. Ғаламдық проблемалардың Қазақстанда орын алған көріністерін анықтаңыз. a. Қазақстанда орын алған ғаламдық проблемаларды атаңыз. b. Сіз атаған проблеманың ішінен бірін таңдап, ол Қазақстанның қай аймағын қамтитынын сипаттаңыз. c.Сіз таңдаған проблемаға қатысты әлем елдеріне арналған 3 пунктен тұратын үндеу жазыңыз. |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||
Ғаламдық проблемаларды критерийлер бойынша сипаттайды | 1 |
|
| ||||||||||||
Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды | 2 |
|
| ||||||||||||
Жалпы балл | 11 |
«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі |
| ||||
Ғаламдық проблемаларды критерийлер бойынша сипаттайды | Ғаламдық проблемалардың критерийлерін сипаттауда қиналады | Ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтауда / проблеманың ауқымдылығын түсіндіреді / ғаламдық проблеманы сипаттауда / шешу жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді | Ғаламдық проблемалардың критерийлерін сипаттайды | ||
Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды | Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтауда қиналады | Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтауда / Қазақстанда орын алған бірнеше ғаламдық проблемаларды атауда / Қазақстанның қай аймағын қамтитынын сипаттауда/ проблемаға қатысты үндеудің 1/2/3 пунктерін ұсынуда қателіктер жібереді | Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?