10-сынып, қазақ әдебиеті пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысы


Жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын мектептердегі 10-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

Сөз мәдениеті

Тақырып

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

Сөз мәдениеті

Оқу мақсаты

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру.

10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Бағалау критерийі

·        мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады.

·        мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/анализ/бағалау

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж.Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.

Сөйлеу мәдениеті әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады. Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады.

 

Мәтінді оқып, негізгі ойды анықта, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға бере отырып, мәліметтерді қайта өңдеп шық.

Тапсырма №2

 

 

 

 

 

«мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан республикасының президенті нұрсұлтан әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші түрік қағанатын құрғаннан кейін тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.

Берілген мәтіндегі бас әріппен жазылатын сөздерді нормаға сай көшіріп шығыңыздар.

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады.

 

1

Тақырыбын ашады.

 

Құрылымын сақтайды.

2

 

1

 

1

·        мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

2

 

Пунктуациялық түзетулер жасайды.

 

2

 

1

 

 

Барлығы

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтың қанышы

Тақырып

М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе

Оқу мақсаты

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

Бағалау критерийі

·        ғылыми  еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазады.

·         Көркем  шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды, даралайды.

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/анализ/бағалау

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

Қ.Сәтбаев туралы ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, «Қаныш Сәтбаев» эссе-романына әдеби сын жазыңыз.

Тапсырма №2

 

 

 

 

 

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесінің өмірлік ұстанымдарын, жасағын іс-әрекеттерін, адами болмысына баға беріңіздер.

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Өмірлік ұстанымы

Адами қасиеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        ғылыми  еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазады.

1

Аргументтер келтіреді.

 

Құрылымын сақтайды.

 

Тақырыбын ашады.

2

 

2

 

2

·         Көркем  шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды, даралайды.

2

Кейіпкерлерді саралайды.

Іс-әрекетін жазады.

Өмірлік ұстанымын ажыратады.

Адами қасиетін жинақтайды.

2

2

2

2

Барлығы

14а

  Парасат пайымы

Тақырып

А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесі, Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын», Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

Оқу мақсаты

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау

10.2.4.1 көркем шығармадада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

Бағалау критерийі

·        Автор  бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

·        Шығарманың  тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды.

·        Көркем  шығармадада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/анализ/бағалау

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

«Шашты» әңгімесінен автордың бейнесін ашатын үзінділерді теріп жазыңыздар.

Тапсырма №2

 

 

 

 

 

М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің «Бәрі де майдан үшін» бөлімінің тарихи және көркемдік маңызын анықтаңыз. Өз ойыңызбен байланыстырып, 3 мысал келтіріңіз

Тапсырма №3

 

«Қазағың жетті ежелгі арманына» деген өлең жолындағы «ежелгі арман» деген сөздің астарына бойлай отырып, тарихи тұрғыдан талдаңыздар. Ойларыңызды (әңгіме, өлең, мәтін) түрінде жеткізіңіздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

1

Аргументтер келтіреді.

 

Болмысын ашады.

2

 

2

 

 

·         Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды.

2

тарихи маңыздылығын талдайды; көркемдік ерекшелігін анықтайды;

 өз ойымен байланыстырады;

өз ойын дәлелдеп, мысалдар келтіреді.

2

2

1

2

·        Көркем  шығармадада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

3

Мәселені анықтайды.

Өз ойын білдіреді.

Мәселені талдайды.

Құрылысын сақтайды.

2

1

1

1

 

Барлығы

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.Тілдік жүйе және норма

Адам өмірін сақтау.Тілдік жүйе және норма

Тақырып

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.Тілдік жүйе және норма

Адам өмірін сақтау.Тілдік жүйе және норма

Оқу мақсаты

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

Бағалау критерийі

·        әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.

·        сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі.

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/анализ/бағалау

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

Мәтіндердің тақырыбын, стилін, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңдар.

 

Жа андану дәуірінде ұлттық құн дылық тар

 

Жаһанданудың жойқын толқынында ж ңқадай жұтылып

кетпеу үшін өрелі халықтар өздерінің ұлттық кейпін сақтап қалудың қамын ойлап, амал-әрекет жасауда. Жаһандануға үйлесімді кірігу дегеніміз – ана ті лі, ұлттық сана, озық салт-дәстүр мен тарихи танымыңды сақтай отырып, адамзаттың алдыңғы қатарлы мәдениетін солармен үйлестіре қабылдау арқылы әлемдік қауымдастықтан өз ор ныңды табу деген сөз. Бұған қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттыру, салт-дәстүр мен тарихи зердені нығай ту арқылы қол жеткізу-ге болады. Елбасымыз өзінің «Қазақстандық жол» еңбегінде жаһандану жағдайында ұлтты сақтап қалатын бәсекеге қабі-леттілік сапа туралы былай деп жазады: «Бәсекеге қабілетті тұлға, алдымен, өз хал қының мәдениеті мен ті лін білуі керек. Туған тілдің мәдени бастаулары мен рухани дәстүрлерін сақ-тау жас ұрпақтың бойында жаһанданудың барлығын жұта-тын, бірыңғайлайтын және кіріктіретін үрдістеріне қарсы тұ-ра алатындай иммунитеттің қалыптасуына көмектеседі».

Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгілері – ана тілі мен әдебиеті, салт-дәстүрі, өнері мен мәдениеті. Ана тілі мен ұлттық әдебиет – ұлттың өткен тарихы мен бү гінгі тағдырының сабақтастығын орнықты-руда, тұлғааралық мәдени қарым-қатынас орнатуда, жас-тарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде басты құрал. Сонымен бірге әдебиет – ұлттың рухани жады, адам зат дамуының қозғаушы күші жә не тарихи-көркем баяны. Сол мол мұраны жас жеткіншектерге меңгертуде қазақ тілі мен әде биеті

Құн дылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі

 

Құндылық – мә дениеттің құрамдас бөлігі. Құндылық

 

адамдардың өзін ұстауын реттейді, олар дың шын йы тәр-тібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қо-ғамның мәдени жетістіктерімен байланы ты. Құндылықтар әлемі дегеніміз – мәдениет әлемі. Ол – адамның рухани қызмет аясын, оның са насының дұрыстығын айғақтаушы, яғни адамның рухани байлығының өлшеуіші іспетті. Құн-дылықтарды мүдделердің қарап йым ж лғасы немесе бей-неленуі ретінде қарастыруға олмайды. Олар са лыстырмалы даралыққа ие.

(«Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалығынан)

Тапсырма №2

 

 

 

 

 

Тілек сөздердің қандай жағдаятта айтылатынына түсінік беріңдер.

Көркем шығармалардан қарастырып, салыстырыңдар.

1.

Еңбегің жансын!

5.

Аспаның ашық болсын!

2.

Мерейің үстем болсын!

6.

Арманың асқақ болсын!

3.

Елге абыройлы бол!

7.

Еңбегің жемісті болсын!

4.Өркенің өссін!8. Денсаулығың зор болсын!

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.

1

Тақырыбын анықтайды.

 

Аудиториясын көрсетеді.

 

Құрлымын ажыратады.

 

Тілдік ерешелігін талдайды.

 

2

 

1

 

2

 

3

·         сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі.

2

Қолданысын ажыратады.

 

Мағынасын салыстырады.

2

 

2

 

 

Барлығы

12

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу