Қазақша шығарма: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай) » ZHARAR © 2017 | махамбет өтемісұлы ереуіл атқа ер салмай шығарма, ереуіл атқа ер салмай туралы шығарма, сочинение на казахском языке ереуил атка ер салмай, казакша шыгарма ереуил атка ер салмай махамбет отемисулы




  • »

Қазақша шығарма: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)

Қазақша шығарма: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай) казакша Қазақша шығарма: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай) на казахском языке

Махамбет Өтемісұлы – күрескер ақын, жаужүрек батыр, балкөмей жырау, дәулескер күйші. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, өз қоғамының идеялық күрескері.

Махамбет!

Бұл есім – өмірдегі қайсарлықтың синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың бір де бірі бұл есімге бейтарап қарай алмайды:

«Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай… – дей бастасаңыз-ақ болғаны, алдымен мейірімін төгеді, содан соң мерейленіп кетеді.

Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ.

Қазақ әдебиетінің ұлы материгіндегі өзгеше бір сырлы арал болып тұрған Махамбет поэзиясының тақырыбы біреу – майдан. Не үшін болып жатқан майдан? Қазақ елінің елдігі, еркіндігі мен егемендігі үшін болып жатқан ерлік майдан. Махамбет тек осы тақырыпты ғана толғады. Оның барлық өлеңін бір жерге топтағанда «Жорық жыры» болып шығатыны сондықтан.

Бір ғана идеяда – Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған Махамбет шығармашылығы, тұтастай алғанда, автордың «сегіз қырлы, бір сырлы» автопортретін жасап, мұның өзі тек біздің ғана ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр.

Махамбет жырларының үлкен тақырыбы – халық, шаруа, солардың феодалдық-хандық құрылыс тепкісінен құтылуға бағытталған бостандығы мен арманы болған еді. Яғни ақын поэзиясының халық тағдыры туралы жыр екенін оның «Ереуіл атқа ер салмайынан» өзге де «Соғыс», «Толғау» деген алғашқы өлеңдері дәлелдей алады. Жәңгір хан ордасының үстіне халық қаһарының бұлты төнген күндерді ақын өзгеше шабыт, ынтамен жырлайды.

Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?! — деген сөздер бір ғана батырларды емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық ерлігін жырлау болатын. Бір ауыз сөзбен айтқанда, елің егемен, халқың азат болмайынша «ерлердің ісі бітпейді» дейді ақын.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 2 289
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы, ереуіл атқа ер салмай шыгарма, махамбет өтемісұлы ереуіл атқа ер салмай шығарма, ереуіл атқа ер салмай туралы шығарма, сочинение на казахском языке ереуил атка ер салмай, казакша шыгарма ереуил атка ер салмай, казакша шыгарма ереуил атка ер салмай махамбет отемисулы, Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай), Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай), Қазақша шығарма: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай), ереуіл атқа ер салмай шыгарма, махамбет өтемісұлы ереуіл атқа ер салмай шығарма, ереуіл атқа ер салмай туралы шығарма, сочинение на казахском языке ереуил атка ер салмай, казакша шыгарма ереуил атка ер салмай, казакша шыгарма ереуил атка ер салмай махамбе, Қазақша шығарма: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай) шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .