Туған жерімізді таза ұстайық!


Дархан даланы көсіле орналасқан Қызылорда облысының табиғатының көркем болғаны барлығымызға белгілі. Қазіргі уақыттағы қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты. Екі жүз жылдан астам тарихы бар облыс тұрғындарының пейілінің кеңдігі, қонақжайлылығымен қоса жандары тазалықты сүйетіні тағы бар. Бәлкім,аумақтың тазалығы да сол адамдардың жер тазалығына қосқан үлесінің арқасы болар. Адам баласы табиғат игіліктерін, күнделікті қажеттіліктерінің бәрін табиғаттан алады. Ал табиғатқа келетін зардаптар өзімізге қайта айналып келетіні ащы шындық. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жер асты қазба байлықтарын кеңінен пайда-лану,транспорт түрлерінің көбеюі мен ғарышты игеру саласы қоршаған ортаны түрлі улы химиялық зиянды қосылыстармен ластауда. Ал мұндай химиялық қосылыс-тардың көбінің токсиндік және концерогендік биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдерінің пайдасының төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соғуда. Мұндай токсиндік  және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп,ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып,тіршілікке қабілеттілігін төмендетеді.

Адам үшін демалатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза әрі пайдалы болуының маңызы аса зор.Адамзаттың ойланбай жасаған кейбір іс-әрекеттері, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері  адам денсаулығына кері әсер етуде. Мұндай жағдайлар көбіне Қызылорда облысында ерекше байқалады. Қазіргі таңда ауыз су,тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үлкен мәселеге айналып отыр.Өйткені,қоршаған ортаның ластануы өз кезегінде адамның экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне көп кедергі жасайды.Табиғатпен санаспай өмір сүру адамның өміріне  әсіресе денсаулығына көптеп әсер етіп,тіпті бұрын-соңды болмаған аурулардың пайда болуына жағдай жасап отыр.Ал адам баласы үшін ең басты байлық ол - денсаулық. Ал аумақта Қызылорда облысы  қауіпті экологоиялық мәселелері мен тұрғындардың денсаулығы жағдайынан алдыңғы қатарға тұрақтаған.

Мақтан тұтарлық жерлерге бай бұл өлкенің қазіргі жағдайына көз салсақ, Сырдарияның ластана бастаған суы мен  Аралдың тартылуына аянышты көзбен қарап, Байқоңырдың өңір тұрғындарының денсаулығына әсері бары ащы болса да шындық. «Байқоңыр» ғарыш айлағы демекші, экватор жазықтығына жақын орналасқан, ракетаның қолайлы ұшуына ыңғайлы бұл жер 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына қолдануға берілді.Өкініштісі, ғарыш айлағын пайдаланумен қоса адамзатқа әкеліп жатқан зардаптары көптеп байқалады.Зерттеу нәтижелері мен ортақ статистика бойынша Байқоңыр кешенінен жалпы Қазақстан аумағына жылына 40-45 мың улы газдар таралады және ол улы заттардың ауадан жойылуына 100 жыл керек екендігі анықталды.Инертті,улы газдардың құрамында табиғат пен адамзатқа өте қауіпті газдар яғни неон, аргон, ксенон, криптон, радон және гептиль,метан сынды газдар бар. Байқоңыр ғарыш айлағынан 60 жылға жуық уақытта 150-ге жуық континентарлық-баллистикалық ракета сынақтан өткен.Сонымен қатар түрлі соғысқа қажетті жаппай қырып жоятын 38 ракета мен 80-нен астам космос кемесінің модификациялары да сыналған. Ал бұл дегеніміз, тұрғындардың жүрек, тыныс жолдарының қабынуы, балалардың шала, кемтар, аурушаң болып туылуының айқын себептері деген сөз.Қаншама жылдар бойы ауадағы оттегі мөлшері азайып, жасыл өсімдіктердің мутацияға ұшырауы байқалып келеді.Оттегінің ауа құрамындағы аз ғана ауытқушылығы тек қана тыныс алуға ғана емес,адам ағзасындағы зат алмасу үрдістеріне де кері әсерін тигізіп, анемия, лейкемия, рак сонымен қатар тері аурула- рын да асқындыруда. Неше түрлі мутацияға ұшыраған жан-жануарлар мен өсім-діктер, ауру ұрпақтың дүниеге келіп жатырғанын,ауа-райының күрт өзгеруінен көктемде төлдейтін аңдардың оның ішінде жойылу қаупі төніп тұрған киік, бөкен сынды жануарлар мен оңтүстік аймақтардағы бау-бақшалардың дауылдар мен бұршақты жауындардан кейінгі нашар халін ескерсек, Қазақстан үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағының зардабы алапат екенін аңғару аса қиын емес. Сол үшін аймаққа аса зор қаупі бар, мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен ракеталар мен әскери жойқын күшке ие зымырандарды ұшыруды тоқтату үшін бас көтеріп,ұрпақ қамы үшін үндеудің уақыты енді жеткен секілді деп ойлаймын. Бұл істі көп болып, бір ел,бір халық,барша қазақстандық болып  жұмыла кірісу керек екендігін үндеймін.

Қызылорда облысындағы келесі экологиялық проблемалардың бірі  және бірегейі ол - Арал теңізі. Арал теңізінің мәселесі,  яғни тартылуы жалғыз Қазақстанның ғана емес бүкіл әлемге ортақ мәселе болып отыр.Ол  ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болатұғын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде - міндетті бірден-бір көгілдір су айдыны еді.Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі-1066 км3,тереңдігі-30-60метр,тұздылығы -10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді.Өзен - теңіздерді игеру кезінде суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Бұл жағдай Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеуі мен су алабының 30 метрден 200 километрге дейін кішіреюіне әкеліп соқты. Ал судың тұздылығы 40%-ға дейін артты.Оның үстіне теңізге құятын қос өзендер Сырдария мен Әмудария өзендері бойындағы шаруашылықтарда химиялық препараттар мен тыңайтқыштарды қолдану10-15 есеге күрт жоғарылаған.Құрғап қалған теңіз табанынан жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, жер бетіне желдер арқылы жан - жаққа тарайды.Осындай бейқамдықпен жасалған антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Арал апатына себеп болған негізгі 5 фактор:

  • Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау,су қорын есепке алмау;
  • Суды өте көп қажет ететін шаруашылық дақылдары мақта мен күрішті өндіру қорын көбейтіп жіберу;
  • Жергілікті жердің тарихи және табиғи ерекшеліктерін аңғармау;
  • Су қорын пайдаланудағы ысырап;
  • Жерді игерудегі агротехникалық шараларды ескермеу;

Осы аталған фактілер Арал теңізінің экожүйесін экологиялық дағдарысқа әкелді.Негізінен,бұл жағдайлардың бәрі адамның өзі қолдан істеп алған қателігі еді. Арал өңірінде туындаған қазіргі экологиялық апаттардың нышандары жылдар өткен сайын теңіз суын тарылту үстінде.Флорасы мен фаунасы тіпті жойылып кетуге жақын.Теңіз түбінен көтерілген тұз мөлшері 13-20 млн тонна деп есепке алынды.Тұзды шаңдар орын алып, жалғыз Қазақстанға ғана емес сонау Орта Азия республикаларының аумағына дейін жеткен.Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60% ,Қазақстанда 80% - ға артып отыр.Қазіргі кезде Арал өңіріндегі тұрғындардың денсаулық жағдайы күрт төмендеп кеткен. Зерттеулер бойынша іш сүзегі,тубер-кулез, сарыауру, обыр ауруларымен ауыратындар саны 8 есеге өскен. Енді міне, кезінде планетамыздағы көлдердің ішінде көлемі жағынан төртінші орынды алған Арал теңізінің бұл күндері тек тастақ-тастақ жерлері мен көлшіктері ғана қалған. Сонымен қатар Аралдан ұшқан тұздың адам ағзасына аса зиян,оның құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары,гексохлоран сияқты қауіпті химикаттар бар екендігі анықталды. Арал теңізінің зардаптары бүкіләлемдік отырыстарда талқыға салынып,арнайы ұйым құрылып, қорғау жөніндегі мәселесі зиян шегуші мемлекеттердің басшылары қол қойып,тартылған теңізді қайта қалпына келтіруге қаражат бөлді.Сол үшін де арнайы 1992 жылы 18 қаңтарда Арал өңірін экологиялық қауіпті аймақ деп танып, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің қаулысымен Арал аймағын қорғау заңы өз күшіне енді. Және сондай қорғау шараларының арқасында Арал теңізі қайта жанданып келеді.Сонымен қатар Арал теңізінің табанында іргесі қаланып жатырған кальцилендірілген сода зауытының салынуына жергілікті тұрғындар қарсы. 1 тонна таза өнім шығару үшін 10 тонна жойылмайтын қалдық қалады. Ал ол дегеніміз - табиғатты ластау, бүлдіру.Онан бөлек, зауытта өнім алу үшін 4,5 млн текше метр су керек дейді. Өздеріңіз білетіндей, Арал халқы суға бай емес. Күнделікті құмды-шаңды дауылмен арпалысқан, көкке көтерілген тұздан шаршаған Арал тұрғындары,ендігі өндірістен келетін улы қалдықтармен тұншыққысы келмейтіндерін ашық түрде басшыларға айтты.Бірақ, жоба жетекшілерінің айтуы бойынша,құрылыс орны 3 ай бұрын белгіленген. «Жобаға құйылатын инвестиция құны 9,5 млрд теңге шамасында.Өндіріс орны салынса,дереу іске қосылып,700 адамды жұмыспен қамтимыз,сонымен қатар уайымдайтын ештеңе жоқ.Өндірістен қалатын қалдық 92% судан тұрады.Одан қорқудың еш қажеті жоқ. Және олар арнайы бассейнге жиналады.Одан кейін белгілі бір температурада буланып кетеді.Теңізге де дарияға да құйылмайды.Бұл жобаны мамандар мақұлдап отыр,-деді «Арал сода» ЖШС басқарушы директоры Ғалымжан Сержанов.Бұл кезде құрылысы қарқынды жүріп жатырған бүл зауыт ел игілігі мен табиғаттың қайта жаңғыруына өз үлесін қосса екен дейміз.

Облысымызда соңғы жылдарда қарқынды жүріп жатырған жұмыстардың бірі ол-қалалардың,аудан-ауылдардың таза болуы.Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында аса қажет техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алынды.95 техниканың бюджеттік құны 812 млн 938 мың теңгені құрады.Шындығына келгенде, қаламыз бен облысымыз жылдар өткен сайын көркейіп, гүлденіп келеді.Көркіне көз сүрінер Қызылорда облысы экологиялық проблемалардан арылған жағдайда,өзгенің көзін тартарлық жоғары деңгейге көтерілуші еді. Ал бұндай жағдай біздің мәртебемізді көтеріп,рухымызды асқақтатады.Ол үшін бүкіл халық болып үлкен сынақтарға қарсы тұруымыз керек. Егер де баршамыз бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығара отырып, жұмыла кіріссек облыс аумағы ғана емес барша Қазақстан жері ешқандай мәселесіз болар еді.

Табиғат мен экология - адамзаттың үйі секілді жеке бір қоғам болып есептеледі.Ал оны таза ұстау адамдардың азаматтық парызы мен міндеті.Заңдар мен оның тармақтарын қарапайым халық жатқа білмегені үшін біраз қиындықтар туындайтыны рас. Жатқа білмеседе адамдар табиғатты қорғауды, экологияны ластамауды, жерге зиян келтірмеуді біліп, санасына құйып өсуі керек емес пе?! Ата-аналар балаларын жастайынан тазайым болуына, зеректік пен патриотизмге баулыса, дағдыланған жас буын айналасын таза ұстап жетіледі.Ал мұндай ұрпақ ел болашағы үшін тиімді таңдау болатын еді. Бала - болашақ ұрпақ, Отан қорғаушы тірегіміз.Ал сол ұрпақты темірдей тәртіппен отансүйгіштікке баулу ол біздің міндетіміз емес пе? Біз оларға туған жеріміздің табиғатына жанашыр болуды үйретсек,өсе келе олардан адал ұрпақты көреміз.Сол үшін де бәрі өзімізге байланысты.Сондықтан,алдымен өзімізді онан соң жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Сонда ғана ел болашағы бұлыңғыр болмайды. Дарабоз, ақылды жастар - ел тірегі, халық айнасы.Отанымыз бен жеріміздің келешек тағдыры да осы саңлақ жастардың яғни мына біздің қолымызда. Егерде біз ел мен халқымыздың тағдыры үшін барынша күш салып жұмыс жасасақ, мұндағы күрделі мәселелер мен эколгиялық проблемалар шешіледі. Ал жастар соны шешудің қайнар көзі болып отыр. «Мен жастарға сенемін!»,-деп  Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, жоғары буын өкілдерінің бар үміті мына бізде.Бәрі өзіміздің қолымызда екенін естен шығармайық.Туған өлкеміз Қызылорда облысының экологиясы мен табиғат жағдайына біз жауаптымыз.Ал аса жауапкершілікпен жасалған әрбір іс өз қайырымен жүзеге асады.

Туған жеріміздің әрбір тұрғыны, әрбір гүлі, тасы мен түтіні өзіміз үшін аса қымбат емес пе?! Ал сол құндылықтарды таза күйінде сақтап қалсақ, ол үлкен жетістік. Болып жатқан  өзгерістер мен экологиялық қиындықтарға өзіміз үшін қарсы тұрайық!Елдің жарқын болашағы үшін барынша тырысайық.Экологиялық проблемаларды жойып,баяғы паң қалпымызға түсуге күш салуымыз керек.Бұл тек жергілікті халыққа ғана емес жалпы адамзат баласына ортақ міндет.Және сол міндетті ешқандай мүлтіксіз орындайық! Осы мақалам арқылы сіздерді Қызылорда облысы мен еліміздің экологиялық проблемаларының шешімін бірге табуға шақырамын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бәріміз бірге табиғатты қорғау жұмыстарына бірге ат салысайық!

Райхан Нариманқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу