Төл әліпби- болашақтың іргетасы


   Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқыланып келе жатқан өзекті тақырыптардың бірі екендігі бәрімізге аян. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» -деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы орасан зор екені айқын.

       Латын әліпбиін пайдалану  іс жүзінде барлық бағыттарды қозғайтын маңызды қажеттілік болып табылады. Қазақ жазуының қалыптасуы күрделі және көп қырлы процесс болып саналады. Тарихи және саяси оқиғалар тілдік ортаға және олардың жазбаша ойлар жолдарын қалыптастыруына үлкен әсер етті. Графиканы өзгертудің бір маңызды себебі қазақ дыбыстық ауқымының кейбір элементтерінің айтуы ерекшелігі болғандықтан белгілі бір алфавитті таңдауды қиындатты. Араб, латын немесе славян графиктерін пайдалана жүріп және пайдалану үшін қазақ халқының ғалымдары, әйгілі тұлғалары мен қайраткерлерінің арасындағы талай уақыт бойы келіспеушілік пен пікірталас сүйемелдеуіне пайда болды. Уақыт талаптарына байланысты, сондай-ақ ағылшын тілінде бірқатар пәндерді оқыту, жас ұрпақ үшін көп тілді ортаны дамытуға байланысты латын алфавитін таңдау туралы жалпы шешім қабылданды. Бұл мақалада осы процестің негізгі мәселелері қарастырылады.

    Ахмет Байтұрсынов жасаған төте жазуы әлемге танылып, жоғары бағасын алды. Ғалымның әліпби мен жазу санасында ашқан осы ғылыми жаңалығы, жазу заңдылықтарымыздың негізгі тірегі болып, басқа әліпбиге, латынға, одан кириллицаға көшкенімізбен де қазіргі күнде де жазуымызға қызмет етіп келеді. Төте жазуда болмасақ та, әліпби түзу және жазу заңдылығы Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларды басшылыққа алады. Қазіргі уақытта кедергілеріміздің бірі осы Ахмет Байтұрсынов көрсеткен кейбір ұстанымдардан ауытқып, кірме дыбыстарды әліппеге талғаусыз қабылдап, кірме сөздерді де өзгеріссіз жазып, өзіміздің төл сөздеріміз бен терминдерімізді де ғалым көрсеткен жолмен саралай алмауымыздан туындап отыр.

      Араға бірнеше уақыт салып,  егемен еліміздің латн қарпіне көшетіні айқындалды. Осы қадамды жасау үшін бірнеше мазмұнды шаралар қолға алынуда.  Республика, қала, облыс көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижелі жұмыстар жасалуда. Соның ішінде жаңалықтың жаршысы болып жүретін ұстаздар қауымы да аталған шараны ұйымдастыруда белсенділік танытуда. Төл әліпбиімізді қолдану үшін өз пікір алмасып,  дұрыс-бұрыстығын анықтап, өз ойларымен бөлісуде.

   Елдігіміз мәңгі болсын десек, тіл мәселесіндегі маңызды қадамдарымыз тыңғылықты, жүйелі болса, нұр үстіне нұр болары хақ.

Автор - Магауиянова Гульдана Саятовна


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу