Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

 Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Қызылода облысы, Арал қаласы
№2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы
Жаңбырбай Әсия Жанболатқызы

Жолда келемін. Поезд зулап келеді. Менің өлкемнің сұлу табиғатына сірә да, адам баласының көзі тойған ба. Анам да терезеге қарап, сыртқа үңілумен отыр. Ал, мен қарсы алдымда отырған бейтаныс жолаушы ананың жүзіне үңілумен отырмын. Бейтаныс жолаушы әлсін - әлсін терең күрсінеді. Күрсінген сайын өзегін өртер өкінішін сыртқа шығарғысы келгендей болатын сияқты. Мұңға толған жанарын аударып – төңкеріп бір орынға тұрақтата алмай отыр. Өте беймаза күй кешіп отырғаны айдан анық сезіліп тұр. Жолсеріктің келер жағына көп қарайды. Бір кезде, көптен күткен адамы көрінгендей орнынан ұшып түрегелді. Жолсерік келе жатыр екен. Кейуана оған қарай қарсы жүрді. Бөгделердің әңгімесіне құлақ түрудің әдепсіздік екенін білсем де, естіген құлақта жазық жоқ қой, жолсеріктің даусын анық естідім. «Бәрі жақсы, ұйықтап жатыр» деді жолсерік кейуанаға. Ана қайтадан орнына келіп отырды. Бірақ, көңілінде алаң бар. Тыншымайды. Жүзіне барлай қарағанымда денемді ток ұрғандай шошып кеттім.

Ананың бір нүктеге қадалған көздерінен жас парлап отыр. Орнымынан ұшып тұрып, кесеге су құйып бердім. «Сізде бәрі дұрыс па, су ішесіз бе?». Ана басын шайқады. Ауыр – ауыр күрсінеді. Ол күрсінген сайын менің де жаным ауырып кетеді. Байғұс ана шыбын жанын қоярға жер таппай отырғаны бесенеден белгілі. Әттең, шемен боп қатқан шерін ішке сақтамай сыртқа ақтарып тастаса ғой. . Менің анам мұғалім. Ол кісі адам баласының жан дүниесін түсіне білетін кең жүректі адам. Ол кіммен болса да тіл табыса алады. Анама қараймын, анам маған қарады. Бір – бірімізді үнсіз түсіністік. Анам жайлап кейуананың қасына жақындады. Шайға шақырды. Дәм ұсынды. Кейуана еш нәрсеге қол тигізбеді. Есесіне, «рахмет, рахмет, Алла разы болсын» деген сөзді жиі қайталады. Менің анам «Сізге қандай көмегім керек, апа, қатты қиналып отырсыз ғой, іште сақтаудың қажеті жоқ, қайғы бөліссе жеңілдейді, апатай» деп, кейуанаға жақындай түсті...

... Ей, өмір – ай, осыншама қатыгез болармысың... Тәп – тәтті балапанымды осындай мақұлыққа қалай ғана айналдырып алдым екен?? Қай жерден қателестім екен??

Нендей пиғылымнан таптым екен?? Адам баласының тірі құбыжыққа айналуы осындай оп – оңай болар ма??

Ол өмірге келгенде, атасы ұлан – асыр той жасаған болатын. Ата - әжесінің аңсап күткен немересі болғандықтан есімін Аңсар деп қойдық.. Жұбайым екеуіміз бақытты едік. Өмірдің осынау тәтті шақтарын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бір өкініштісі, Аңсардан кейін бала болмады. Бірақ, біз өте тәубешіл болдық. Жаратқанның осы сыйына да риза болдық. Қамсыз – қарекетсіз Аңсарымызды өбектеп, бал қылығына тоймай уақыт өте берді. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтінде де ұлан асыр той бердік. Өте ерке, өз айтқанын орындата білді. Сабақ үлгерімі де көңілге қонымды болды. Түрлі іс шараларға араласып жүрді. Түрлі үйірмелерге әкесі екеуміз қолынан жетектеп жүріп қатыстырдық. Адам баласы білу, үйрену керек деген өнер – білімді үйретіп бақтық. Дәулетіміз тасып жатпаса да еш нәрседен кенде қылмауға тырыстық. Кенде қылмадық та. Бақытымызға орай, Аңсарымыз да айтқанды тез ұғатын, өте зерек бала болып өсіп келе жатты. Біз бақытты едік. Біздің бақытымыз осылай жалғаса береді деп ойладық. Бақытымыз баянсыз болады деп ойламадық. Біз Аңсарға қатты сендік. Ол барлық нәрсені дұрыс істейді, дұрыс шешім қабылдай біледі, бізді ренжітпейді деп сендік. Оның әрбір шешіміне құптап, қолдап отырдық. Мектепті бітіріп, мамандық таңдаған кезінде де оның шешіміне қарсы болмадық. Студенттік өмірінің алғашқы жылы да басталды. Баламның мектептегі достарының үйге келуі сиреп, орнына басқа достары жиі келе бастады. Араласатын ортасы өзгергенін байқадық. Үйге жиі келмей қалатынын «Сабаққа дайындалдық, жатақханада қонып қалдым» деп түсіндіретін болды. Бұған де сендік. Мінезі өзгеріп, ашуланшақ болып кетті. Біз мұны сабағы қиын шығар деп топшыладық. Күнделікті шығаратын шығынының мөлшері де көбейді, Мұны да түсіндік. Жігіт қой дедік. Бізбен санасуды да, сөйлесуді де мүлдем доғарды. Әттең, сол кезде білсемші. Араласатын достарын дұрыс тани алмадым. Олардың кім екенінде шаруам болған жоқ. Біздің басты қателігіміз осы болды. Оны – оның араласатын жаңа ортасы бұзды. Ол бастапқыда ішімдікке сылқия тойып кеелетінді шығарды, одан соң, түсініксіз мінездер пайда болды. Күнделікті ақша талап етумен қатар, үйдегі бар пайдалы заттарды далаға өзімен бірге алып кетіп, қайтып әкелмейтін болды. Ең сорақысы, әкесі екеумізге қол көтеретін болды. Ол есіктен кіріп келе жатса, біз құбыжық көргендей қорқатын болдық. Әкесі ақырында мүгедек болып қалды. Өздігінен жүріп, тұра алмайтын болды. Құқық қорғау органдарының адамдары жиі іздеп келе бастады. Ұрлық жасайтын болды. Сонымен, не керек, Аңсарды емдету керек болды. Өздігінен емге келіспеді. Құқық қорғау орындарының адамдары көмекке келді. Солардың көмегімен оны облыс орталығына бірнеше мәрте емделуге алып бардық. Ешқандай нәтиже болмады. Тек уақытша тыныштандырумен шектелді. Қазіргі медицинаның бұны құлан ‑ таза емдеуге қауқары бар, емделуге болады, бірақ, емделушінің ерік – жігері мықты болу керек. Емделуші ынталы болу керек, өмріге ұмтылысы болу керек екен. Ал, менің Аңсарымның бойында онадай қасиет болмады. Қазір, үш жыл болды, Аңсарым өздігінен жүріп, тұра алмайтын халге жетті. Өрімдей жас, өсіп келе жатқан азаматтың өмірі күл – талқан болып, жас жапырақ мезгілінен бұрын ерте солып қалды. Ол мүгедек атанды. Қазір мен екі бірдей апталдай, тепсе темір үзетін арқа сүйер азаматтарымның аузына су

тамызып, қасықпен өз қолыммен тамақтандырып отырмын. Өзімнің де денсаулығым мәз емес. Қан қысымым жиі жоғарылап кетеді. Жаратқаннан жатсам, тұрсам жаныма медет сұраймын. Маған саулық бере гөр, маған алда – жалда бірдене бола қалса екі мүгедегіме кім медеу болады?! Қазір де, Аңсарымды кезекті еміне апарып, алып келе жатырмын. Жолсеріктің бөлмесінде жатыр. Талай шаңырақты ортасына түсіріп, талайдың бақытын баянсыз қылған тажалмен қоғамның күресуге соншалық дірменсіз болғаны мені қынжылтады. Талай тар, жол тайғақ кешулерден жол тапқан ата – бабаларымыздың дәстүрін жалғар азаматтарымыз қайда, тығырықтан шығар жол қайда?! Ел болып біріксек алар асуымыз болмас еді ғой?!

- Апа, ол тажалдың аты не?

- Есірткі...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!