» » » Шығарма: Ерлікке тағзым

Шығарма: Ерлікке тағзым

Шығарма: Ерлікке тағзым казакша Шығарма: Ерлікке тағзым на казахском языке
Кустуртова Карина
5класс Ақсай негізгі мектебі
Қобда ауданы Ақтөбе облысы
Жетекшісі: Шинибекова Г.Ж.

Мен мектеп табалдырығын аттағаннан бері алғашқы ұстаздарымның аузынан бейбіт өмір, тыныштық, бейбітшілік деген сөздерді естідім.Осы сөздердің терең мағынасын өсе келе білім алу барысында ұқтым. 9 мамыр қандай мереке екенін түсіндім. Бастауыш сыныптарда ана тілі пәнінен, жоғары сыныптарда тарих пәнінен ұлы отан соғысы туралы білдім. Соғыс деген сөздің өзі жан түршіктіреді екен. Бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған ұлы отан соғысында жанын пида еткен қаншама аға апаларымды білдім және білемін. Ұлы Отан соғысы.Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ кеңес халқы жан-тәнімен отанды қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында да Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір, бала әке - шешесін жоғалтып тұл жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама әйелдер мен балалар айуандықпен азапталып өлтірілді. Ал, тылда қалған қарт аналардың бесіктен белі шықпай жатып балалары соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп еңбек етті. Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Ұлы отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1428 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен беларус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. Сол кездегі кеңес одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін жетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияныц, Қырымда, Прибалтиканы азат етті. Ұлы отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас қалмады. 500-ден астам жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес одағының батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдындағы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан халқы сан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейіріммен тартты. Эвакуацияланған завод фабрикалар Қазақстанға көшірілді.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болды. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастады. Арыға бармай ақ кешегі Ұлы отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал қайсар апамыз,жерлес апамыз - Әлия Молдағұлова. Казачиха деревнясын жаудан азат ету тапсырылғанда, Әлия апамыз ұран тастап жауынгерлерді шабуылға көтерді. Деревня жаудан толық азат етілді.Сол ұрыста Әлия Молдағұлова апамыз ерлікпен қаза тапты. Бұл 1944 жылдың 14 қаңтары еді. Жас қыз өз ерлігімен өз батальоның ғана емес, бүкіл бюригаданы жаудан құтқарып қалды. Әлия смердль өзенінің жағалауына жерленді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Призидиумның 1944 жылы 4 маусымдағы жарлығымен Әлия апамызға кеңек одағының батыр атағы берілді. Орыс ақыны Яков Хелемский «Әлияның жүрегі» деген поэмасында:
Шаттансаң қыз тудым деп,қазақ шаттан,
Әлия Отанынан болған мақтан.
Беженица маңында тұлғасы тұр,
Дегендей.ерлікке аттан,еңбекке аттан!
Бұл жерден сонау заман Пушкин өткен,
Желдіртіп қоңыраулы атты жеккен.
Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен –деп жырлайды.
Биыл 2016 жылы Ұлы жеңіс мерекесіне - 71жыл. Бұл жеңіс күнін бүкіл халық тойлайды. Соғыс кезінде елі мен жерін қорғаған аға апаларымыз, қазір ата мен әже. Олар жеңіс үшін аштыққа, ауыр жұмыстарға да, өлімге де қарсы тұрды. Ата-бабаларымыздың өшпес ерліктері ұлы отан соғысының сұрапыл күндерінде жалғасын тапты. Батыр бабаларымыз ұлан байтақ жерімізді, азаттығымызды соңғы демдері біткенше қорғады. Оларды құрметтеу-біздің міндетіміз. Отанға деген сүйіспеншілік оларға рух беріп, жеңіске жетеледі. Бүгінгі уақытта әрбір бейбіт күніміз үшін, қатары сиреп бара жатқан ардагерлерімізді қадірлеп, бас иіп жүру біздің парызымыз деп білемін.
Аға апаларымыз қантөгіспен, маңдай термен алып берген бейбіт өмір маған сондай ыстық. Мен өсіп келе жатқан болашақ ұрпақпын. Осы бейбіт заманда қанішер соғыс болмасын деп тілеймін. Жерлесіміз Әлия апамыз майданда ерлік, батылдық, қайсарлық көрсетіп, қазақ қыздарының дәрежесін, әйел деген есімді көтерді. Менде Әлия апам сияқты мектеп табалдырығын бітірген сон, егеменді елімді көркейтуге өз білімімен күш қосып, әлемге танытқым келеді. Болашақтағы арманым Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетін бітіріп, жоғары білім алып, балалық шағым, қызықты күнім өткен туып өскен жерміді көркейткім келеді.
Елімді, жерімді, халқымды, тілімді, тарихымды сүйе білу сезімін бойыма ұялатқан ұстаздарыма алғыс айтып, есімдерін әлемге паш еткім келеді. Президентіміз Нұрсұлтан атамыз біздің жарқын болашағымыз үшін бар жағдайды жасап жатыр. Осындай бейбіт заманда, егеменді елімізді неге бүкіл әлемге паш етпеске деп ойлаймын.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 138 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Үшінші емі еді": Телепродюсер Бейсен Құранбектің дертпен қалай күрескенін айтып берді
"Үшінші емі еді": Телепродюсер Бейсен Құранбектің дертпен қалай күрескенін айтып берді
Шығарма: Ерлікке – тағзым!
Шығарма: Ерлікке – тағзым!
Шығарма: Отты жылдар шежіресі
Шығарма: Отты жылдар шежіресі
Шығарма: Жеңдік жауды күресте
Шығарма: Жеңдік жауды күресте
Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық
Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық
Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз
Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз
Шығарма: Отты жылдардан естелік
Шығарма: Отты жылдардан естелік
Шығарма: Келешек ұрпақ үшін
Шығарма: Келешек ұрпақ үшін
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз
Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Ерлікке тағзым туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ерликке тагзым на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ерлікке тағзым, шығарма Ерлікке тағзым туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Ерликке тагзым на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен Ерлікке тағзым, Шығарма: Ерлікке тағзым шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы