Жерлесіміздің өмірі - бізге үлгі - өнеге
10 сынып, №7 қазақ орта мектебі
Атбасар қаласы
Жетекшісі:Қонысбаева А.Қ.
“Отан үшін күрес –Ерге тиген үлес”
Осыдан 15 жыл бұрын еліміз қол жеткізген Тәуелсіздіктің күн сайын қадыр – қасиеті артып, айшықтала беруі мемлекетіміздің дұрыс және баянды бағытта қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді . Тарих және тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен қазақ халқы , жалпы Қазақстандықтар бұл жылдары жасампаздықпен аянбай еңбек еткені күмән тудырмайды .
Осы ретте Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – Қазақ халқы сан ғасырлар бойы күрескен , азаматтыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр » - деген сөзі азаматтықтың қадыр – қасиетін көрсеткендей . Тәуелсіздік жолында қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп , өлшеусіз үлес қосқан азаматтар аз емес .
Солардың бірі , халық сүйген тарихи тұлға – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , қазақ әдебиетінің тарихында ең көп роман жазған талантты жазушы І.Есенберлин менің жерлесім дегенге
жүрегім қуанышқа толып , қайталанбас сезімге бөленемін ... Қазақты қазақ қылып әлемге танытқан І.Есенберлин атамыздың еңбекқорлығы мен ерлігі менің бүгінгі тақырыбыма арқау болып , тың ізденістер жасауға түрткі берді.
І.Есенберлиннің кіндік қаны тамған жері Атбасар қаласының сан ғасырлық тарихы бар. Мұның өзі мақтан етер салты мен дәстүрі ежелден қалыптасқан , аттың жалында желмен жарысып , ұлан далада еркін күн кешкен , батырлығы мен батылдығы аңыз болып тарап , жыр болып өрілген қазақ халқының бүгінгі ізбасар ұрпағы біз екендігімізді айшықтайды. Осындай киелі топырақтан шыққан, Атбасардың ұлағатты ұлы, адамжанының инженері атағына ие болған – І.Есенберлин. Ол – қазақ халқыныңсан ғасырлық тарихын көркем тілмен бейнелеп,қазақ әдебиетіменмәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгер. І.Есенберлин XX ғасырдың 60-80 жылдары қазақ прозасының дамуына зор еңбек сіңірген жазушы . Ілияс атамыз жазып бастаған өлең- жырларынан басқа , он дастан, екі повесть және он жеті роман жазғаны белгілі.Оның көптеген романдары шет тілдерге аударылды .
“Біреуге аспандағы асылыңмын , Біреуге жерде жатқан жасығыңмын.” – деп Қасым ақын айтқандай, көзі тірісінде көре алмаған көп дұшпаны үшін жасық , туған халқы өзіне ғашық болған І.Есенберлинді біз бүгін кім деп танимыз және не үшін құрметтейміз?
Алдымен атап айтарым, І. Есенберлин өмірде көп қиындық көрген , бірақ қандай қиындық кездессе де, өзіндік сымбаты бөлек , жан - дүние сұлулығын сақтап қалған “Асыл” адам. Асыл айнымас ... демей ме даналар. Уақыт ыңғайына қарай қысқа өмірде ол қырық құбылмады. Азамат қалпын сақтап қалды . Бұл оның екінші қыры, І.Есенберлиннің үшінші қыры – қайраткерлігі . Төртінші қыры - күрескерлігі . Ол тек өз табыстарын көре алмаған күншілермен ғана емес, ер мен елдің мүддесі үшін қандай мықтымен болсын да тайсалмай айқасқан , табанды күрескер. Оның бесінші қыры – асқан еңбекқорлығы.
І.Есенберлиннің қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі , талантын ашып , жазушы ретінде аты шығуы, халық сүйіспеншілігіне бөленуі, оның романдарымен байланысты. Ол жылына бір романнан жазып шығарған. Сонымен қатар, сол жылдары қырықтан аса ән текстерін жазса керек .
І.Есенберлин бүкіл елімізге тіпті, дүние жүзіне жайылған осыншама шығармаларды осындай қысқа мерзімде жазып шығуы қандай ерлік, қандай еңбекқорлық десеңізші!
Ілияс атамыздың алтыншы қыры – принципшілдігі. Жетіншісі- адалдығы. Ал сегізіншісі – батырлығы. Бірақ оның негізгі қыры – жазушылық қыры. Қазақ халқының біртуар ұлы, І. Есенберлинді әріптестері “Жазушылар әулетінің әулие ханы ” – десе , екіншісі “Қазақтың алмас қылышы” – депті , үшінші біреуі “Мұзжарғыш кеме” – деп теңеген екен . Қандай тамаша теңеу . Бұл теңеуді түсіндірудің қажеті жоқ сияқты . І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясын қазіргі қазақ халқы өзінің тарихы болғандықтан көтермелеп , жоғары бағалайды . Алайда бұл трилогияны жарыққа шығарудағы жолында І.Есенберлин аянбай еңбек етті, талай терін төккенін халық біле қоймайды . Әсіресе трилогияның үшінші кітабының жазылуы Ілияс атамыз үшін үлкен қиыншылық тудырды . Ол бұл кітапты талай рет жаңадан жазуға мәжбүр болды . Ақыры Ресей үкіметінің қатаң саясатына, жазушыға түсірген қысымына қарамастан, І.Есенберлин атақты “Көшпенділер” трилогиясының үшінші “Жанталас” кітабын үлкен қиыншылықпен болсын, 1976 жылы басылымға шығартты. Тәуелсіздікті алып , өз тарихымызды ешкімнен қорықпай айта алатын кез туғанда “ Көшпенділер ” трилогиясындағы жағымсыз кейіпкер болған хандардың келесі қырлары , сырлары ашылып , тарихи орындары анықталуда . І .Есенберлин қаламынан туған 17 тарихи роман және т.б. шығармалары тың тақырыбына жазылып , қазақ әдебиетінде бұрын мүлде көтерілмеген мәселелер қозғалды, соны серпін әкелген, оқырмандардың сүйіспеншілігіне бөленген туындылары еді . І.Есенберлин алты кітаптан тұратын эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгісі болып қала беретіні бәрімізге де мәлім .І.Есенберлин сияқты мәңгі жасар тұлғаның еңбектері мен өнегесі бүгінгі және келешек ұрпаққа да бай мұра болып қала беретіндігі анық.
Бүгінде біз, Қазақстандықтар, Ата заңы орныққан , шекарасы айқындалып бекітілген , көк байрағы желбіреген , төл теңгесі шыққан , Әнұраны шарықтаған тәуелсіз елімізді мақтан тұтамыз. Бұның барлығына біз жүректері нағыз патриоттық сезімге толы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігімен аянбай еңбек еткен ата – бабаларымызға мәңгі разы боламыз. « Тарихты білмей – өткенді , қазіргі жағдайды білу , келешекті болжау қиын »- деп Әбу Насыр әл – Фараби бекерге айтпаған . Патриоттық сезім туралы тақырыбыма арқау болып отырған ақын, жазушы, тарихшы - І.Есенберлин қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орын алатын тұлға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?