Менің Отаным - Қазақстан


Қоман Батырбек
4 сынып, Еленовка орта мектебі
Зеренді ауданы
Жетекшісі: Файзуллина А.Ж.


Қазақстан. Отаным. Мен үшін ең биік тұратын тұғырлы, бірлігі жарасқан ел. Қаншама қиыншылық көріп, тәуелсіздігімізден айырылған күнде де, жасымады, намысын қайрап, алға жүрді . Тәуелсіздігіміздің жолында көп нәрсе құрбан болды. Бірақ, бұл есіл еңбек құр кетпеді. Қазіргі күнде бірлігі жарасқан, тәуелсіз, алға қарай қаз-қаз қадам болып келе жатқан елміз.
Мен өз елімді мақтан тұтамын . Біздің болашағымыз әлі алда деп ойлаймын. Әлі де болса көп туымыз желбіреп, елтаңбамыз төрден орын тауып, ал әнұранымыз биіктерде шырқалып, еліміз дами берер деп ойлаймын.
Әр елде өз атақ-даңқын биікке асқақтататын рәміздері болады. Біздің еліміздің рәміздері туралы айта кеткім келеді. Олар: ту, елтаңба, әнұран.
Байрақ - рәміздердің бірі. Көк аспанды, бостандықты, тәуелсіздікті білдіретін көгілдір түсті. Осы көгілдір түс судың да беогісі болып табылады. Су- өмірдің қайнар көзі , сусыз адамның күні қараң емес пе? Күн біздің өмірімізді нұрландырып, жарық шашады. Күн бізге қуат береді, жылу береді. Ол жердің күллі тіршілікке жан кіргізеді. Күннің айналасындағы шапақтары дәнге ұқсайды. «Нан болса ән де болады» демекші, ол біздің астығымыз әрі байлығымыз болып саналады. Тудың сабына таяу жерінде ою салынған. Бұл біздің ұлттық оюымыз- қошқармүйіз. Ол да бекерге салынбаған, өйткені мұндағы оюымыз өнердің, біздің рухани мәдениетіміздің белгісі.
Қыран құс өте ақылды, ірі, қырағы және биікке қанаты талмай самғайтын құс. Бұл қыранның туда белгілену себебі- біздің елімізде осы қыран құстай биікке самғасын дегені.
Елтаңба. Елтаңбаға көз салғанда ең алдымен көзіңе оттай басылып, қос қанатты пырақ көрінеді. Жылқылардың бейнелену себебі: осы біздің елімізде ата-бабаларымыздың барлығы жылқыны қадірлеген . Жүйрік ат- біріншіден, жігіттің қанаты, жылқының пайдалы қасиеттері көп: мінсең ат, ішсең сусын, жесең тамақ.
Халық қанатты тұлпарды қадірлеген соң оны елтаңбаға бейнелеген. Ондағы шаңырақ пен уық береке-бірлік, татулықтың белгісі. Төбесіндегі бес қырлы жұлдыз- біздің бес елмен де шектесіп жатқанымыз және олармен бейбіт өмір сүріп жатқанымыз әрі жұлдызға қарап адамдар бағыт-бағдарын білген. Сол сияқты біздің елімізге осы жұлдыз бағыт- бағдар беріп, келешекке жарқын жол салады деп ойлаймыз.
Әнұран- еліміздің сән-салтанатын өрге жүргізеді. Оның әр сөзі біздің жүрегімізде алтын әріппен жазылып, мәңгілікке сақталады. Ондағы сөздер елімнің қуаттылығын, биік мақсатқа жетелегені, намысымызды көтеріп, рухани күш береді . Мен біздің әнұранымыз биікке самғап, әрқашан қуанышты жағдайда шырқалсын дегім келеді. Мен - өз елімнің патриоты болғым келеді және солай боларын кәміл сенемін. Болашақ- жастардың қолында.
Мен де ер жеткен соң Қазақстанның болашағына кішкене болсын үлесімді қосқым келеді, ал қазірше біз біліммен сусындап, ата-анамыздың үмітін ақтауымыз керек. Қазіргі таңда осындай ардақ тұтып, биікке жетелеуге итермелейтін рәміздеріміз барда еліміздің сән-салтанаты арта бермек.
Қазақ елі.
Алысқа самғай,
Қанатың талмай,
Қырағы біздің қыран құстай,
Биікке самға, Қазақ елі!
Қадам басып алға қарай,
Қаз-қаз басшы жас баладай, Болашақтың көпірін мынадай, Жастарымыз жалғасын, білімге сусындай! Жасай бер мәңгі, Қазақ елі!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу