Менің Отаным!
Арғынбек қызы Айсара
3 сынып, Благодат орта мектебі
Ерейментау ауданы
3 сынып, Благодат орта мектебі
Ерейментау ауданы
Төскейінде Абылай ат байлаған,
Атам жұрты аманат бүгін маған.
Желтоқсанда жендеттер желіккенде,
Жанын беріп қорғаған Қайрат ағам.
Кең көсілген айбыны асқақтаған ата мекенім, сенің бір уыс топырағың біз үшін алтыннан да бағалы. Себебі , өткен ғасырларда тойымсыз озбырлардың тұтқиылдан шабуылынан қаншама жазықсыз жандар қыршынынан қиылды. Батырларымыз бен біртуар даналарымыз ел іргесінің сөгілуіне жол бермес үшін ел бастап дұшпанға қарсы тұрды, жан түршігерлік қиыншылыққа шыдас беріп, тәуекелдерге барды.
1986 жылғы арпалыста өрімдей жас құрбандардың қанындағы өр рух, атамекеннің киелі ауасы арқылы бізге дарыған. Азаттықтың ақ таңында еркін самғаған біз жас буындар қасиетті ата жұртымыздың болашақ тірегіміз. Кешегі ержүрек бабаларымыздай, ел үшін, оның азаттығы, тәуелсіздігі үшін күресуге, жан беруге дайынбыз.
Біз бақытты ұрпақпыз. Біз қарқындап дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан елінің азаматымыз. Тыныш, бейбіт елдің азаматымыз. Біз елемездің дамуына біліміміз арқылы үлес қосуымыз керек. Біліміміз арқылы басқа елдермен бәсекеге түсе алатындай қабілетті, білімді болуымыз керек.
Осы арада Қабанбай атамыздың «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік!»-деген дана сөздерін ескере отырып, нақты шынайы білім алуымыз керек. Бабаларымыздың аманатын ақтауымыз керек.
Солай болсақ, әр азамат, әр жас елі үшін осылай ойланып әрекет етсе, әрекет ететін болса Қазақстанды жер бетіндегі жұмақ мекенге айналдырамыз!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?