Мәңгілік Ел
Нұрғалиева Замзагүл 3-курс,
Павлодар педагогикалық колледж
Павлодар қаласы
Павлодар педагогикалық колледж
Павлодар қаласы
Бүгінде кез келген Қазақстан азаматы ауыз толтырып мақтанышпен айтатын мәселелер жетерлік. Ең бірінші мақтанышымыз – тәуелсіздігіміз. Оған ата-баба, аға ұрпақтарымыз қасық қандары қалғанша арпалысқан еді. Бүгінде бұл ерліктері бүкіл ел шеңберінде еске алынып, аталып өтуде. Шаңырағымыз шайқалмай, бүгінде бейбіт дамып келе жатқан ұлы еліміз - тәуелсіздігіміздің нышаны.
Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.
Азаттыққазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды… Ата дініміз Ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда, ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап , сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің , батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.
Тәуелсіздік — халықтың үні , ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы, қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой. Егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті.
Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Мен өз халқымның ешкімге нақақ қиянат жасамағанын мақтан етемін, ал, қиянат жасамағанға Алланың көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз
— жасампаз халықпыз.
«Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен! - деп өткен ғасырда жүрегінен сыздай жырлаған ақын сөздері бүгінгі ұрпақтың санасында өшпестей жаңғырып тұрады.Қасиетті Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де — әрқашан да бәрінен де биік тұрады. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын , абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін Хақ Тағала баянды еткей! Енді асқақ Отан деген ұғымға кең құлаш жайып бір тоқталып кетейінші.
Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды… Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана , әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Қазақстан — Қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған. Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да Қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады , Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» — деп толғаған. Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей. Еңбеккері маңдай терін тамшылата төгіп жатса, сыршыл ақыны: Боз жорға, боз інгенді, боз торғайлы, Боз дала, ием саған, боз басымды! – деп жүрек лүпілімен суарылған ақ қанатты жырына қосады. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев егеменді елдің ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. «Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» — деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», — дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – еліміздің сан-салалы оқиғаларға бой алдырмай, жаңа өркениетке бастау алатын ұлы жоспардың негізі.
Биылғы елбасының Жолдауынан бесіктегі баладан, еңкейген қарияға дейінгілер құлағдар болды десек, қателеспес едік. Бұл жолдау айқын еліміздің дамудағы бағдар-тұстарын екшелеп , болашаққа анық жол ашты, еліміздің дамуға қажетті жайттарын ескеріп, ұлттық құндылықтарды басты назарға қойды. Шынымен де, Мәңгілік елдің басты болмысы – ұлттық құндылықтар. Ал ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Ол дегеніміз, ұлы қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі,діні,ділі. Біз жыл сайын тәуелсіз ел ретінде желкен жайып, өзгеше дамудың үлгі-үрдісімен танылудамыз. Бұл жетістікке ненің арқасында жетіп отырмыз? Әрине, ұлттың теңдесі жоқ ұлы қазынасын аялап, оның қадір-қасиетін білуіміздің арқасында дер едім. Міне, осы арқылы біздің еліміз мәңгілікпен қатар тұрып, терезесін тік ұстайды. Еліміздің болашағы бұлыңғыр емес, еліміздің болашағы – жарқын.
Ал біз Мәңгілік ел тізгінін қалай ұстамақпыз? Ол үшін әрине бәріміз бірігіп іске жұмыла кірісуіміз керек. Елбасы жолдауында «Тәуелсіз ел іргесінің берік болуы білімді мамандардың, отаншыл, ұлтжанды, рухани дүниесі кең азаматтардың қолында» деп жастарға үлкен сенім артып отыр. Қазіргі заманда жастардың сапалы білім алуына ел тарапынан қолдау көрсетіліп, барлық жағдай жасалған. Ендігі кезекте бізге тек ел үшін, халық үшін, жер үшін тер төгу керек. Халық біз үшін емес, біз халық үшін өмір сүруіміз керек. Расында да, биылғы кезекті жолдау барлығымызды да қуанттырды, жігерлендірді, «Мәңгілік ел» идеясына сенім жолдап, қиялдарымызға қанат бітірді. Ел арасында ұлттық идеологияны қалыптастырды. Жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан барлығымыз да ұлттық ойлау мен ұлттық болмысымызды сақтау үшін күресу ең басты нәрсе екенін естен шығармауымыз керек.
Қорыта келгенде, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің тізгіні, біздер, жастардың қолында. Сол тізгінді мықтап ұстау үшін әр қазақ азаматы өз Отанының патриоты, адал азаматы болуы ең бірінші міндет. Демек, мен Өз Отанымның патриотымын және Жерім, Елім, Халқым үшін жанымды пида етуге дайынмын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?