Менің құқықтарым және менің жауапкершілігім

 Менің құқықтарым және менің жауапкершілігім

Батталова Әйгерім
9 сынып , №2 мектеп- гимназиясы

Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Оқу мен тәрбие егіз дүние... Бұл екеуін ұштастыру, қатар ұстап жүру білімді ұрпақтың міндеті. Осыдан оқу мен тәрбиенің сапасы шығады. Жалпы балаға тәлім-тәрбие беретін ата-ана, ұстаз. Сауатты берілген тәлім-тәрбиені – мына біздер санамызға құйып, оны әрі қарай жетілдірсек осыдан сауатты ұрпақ жалғасын табады. Ал сауатты ұрпақтың міндеті - өз құқықтарын, өз міндеттерін орындау және қорғау. Адамдар қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, олардың өзара қатынастары сол қоғамның сапалы қызметінің нәтижесі болып табылатын өздерін ұстау ережеларімен реттеледі. Жалпыға бірдей міндетті осы ережелерді сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі сақтауға тиіс. Адамда өзін және әлемді тани білетін ақыл мен қабілет бар. Сондықтан ол өзінің және өзгелердің әрекеттеріне баға беріп, олардың салдарынан алдын ала көре алады. Адамдардың өзара қатынастарында қалыптасқан нормалар қоғамның рухани дамуына, әлеуметтік тәртіптердің қалыптасуына алып келеді.
Қазақстан мемлекеті тәуелзіздігін алғалы өз құқықтары пайда болды. Мемлекеттік тарапынан бақылауға алынған нормативтік актілерде наұтыланған, орындалу тетігі қалыптастырылған жиынтық болғандықтан құқық ережелерін сақтау мемлекеттің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады. Ол әрбір жеке адамға ғана емес, тұтас адамдар тобына да қатысты. Құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар мен олардың ұйымдары сол нормаларды бұзбауға тиіс. Өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қатынастарда реттілік орнатуға бағытталады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы, білім құқығы, т. б. бар.
Соның ішінде жас ұрпақ денсаулық сақтау құқығы мен білім құқығын орындауға міндетті. Денсаулық сақтау құқығын орындау үшін салауатты өмір салтын сақтауымыз қажет. Ол дегеніміз – ішімдік, нашақорлықтан аулақ болып, айналамызға қамқорлық жасау. Ондайлардың дертіне дұрыс жол сілтеу арқылы қоғам дертін емдеуге үлес қосу болып табылады. Біздің жас ерекшелігімізге сайы білім құқығын орындау. Білім құқығын қорғауға атсалысуымыз үшін мұғалімнің берген білімімен сусынып қана қоймай, жан-жақты іздену әрекетін бойымызға сіңіру қажет. Ол үшін интернет жүйесіндегі мол ақпараттың ең маңыздысын, қажеттісін алу. Ғалымдар мен филосовтардың зерттеулеріне жүгіну арқылы сауыт ашу және білімізді жетілдіру.
Қорыта келгенде әр мекеменің өзінің талаптарын, яғни мектебіміздің талабына қазірден немқұрайлы қарамай, орындалуына белсене қатыссақ болашақта да құқық міндеттерін орындай аламыз. Әр бала мектеп жасынан осы заңдылықтарды санасына құйса ғана жауапкершілікті сезіне алады. Бұл болашақ ұрпақ Қазақстанның да құқықтарын орындауға атсалысады. «Санылы ұрпақ – сапылы білім» деген ойдың дәлелі осы. Еліммен бірге есейіп келе жатқандығым үшін кеудемді қуаныш кернейтіне де рас. Біздің еліміз шын мәнінде қай жағынан алып қарасаңыз да ғажайып жетістіктерімен таңдандырады. Ең бастысы, экономикамыздың қарыштап артуы нәтижесіндехалықтың тұрмысы күн санап жақсара түсуде. Қалалар мен ауылдарымыз жаңарып, жақсарыпң өркениетке лайық құлпырып келеді. Білім, медицина, мәдениет салаларында да керемет ілгерілеу қанатын кеңге жайып, бұл бағытта дамыған мемлекеттермен иыұ тіркестіретін дәрежеге көтерілдік. Ғылымымыз даму үстінде. Қазақстанның Тәуелсіздік алғалы бергі 18 жыл ішінде еншілеген ұлан ғайыр табыстары Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың елім деп еткен ерен еңбегінің нақты нәтижесі, жарқын көрінісі екеніне ешкім де шүбә келтіре алмас. Егемен еліміздің ертеңінен де көп жақсылық күтеміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі