Шығарма: Мен - Қазақстандықпын

Шығарма: Мен - Қазақстандықпын казакша Шығарма: Мен - Қазақстандықпын на казахском языке

Атырау облысы

Исатай ауданы

Исатай селосы

Исатай орта мектебінің

10 сынып оқушысы: Қайыржанова Асылай Бекзатқызы

Ұстазы: Ғұмарова Ағзия Зұлхарнайқызы
Ұлы Дала төсінде еркін көшіп, ен жайлаған байрақты бабаларымыз тоқымына басар жалғыз атын ел шетіне жау тисе, ер басына күн туса деп сақтайды екен. О шетінен, бұ шетіне дейін қыран қанаты талатын, сызып қойған шекарасы болмаса да «атажұрт», «атакүлдік», «кіндік қаны тамған жер» деген өлшеммен кесіп- пешіп, қызғыштай қорыды. «Қу толағай бастанып, темір қазық жастанып жүріп», «Біз – қазақ деген елміз» деп кеудесін керіп, жауының пысын басты.

Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған,

Керегесін ағаштан құраған

Тағдырдың тезіне, қолдан жасаған тозақтың өзіне шыдаған елміз,- деп жауына алмастай тілін безеп, бір қарыс жерін де бермеді.

Сол бір замандардың аумалы- төкпелі оқиғасын Жұбан атамыз «Мен- қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген бір-ақ ауыз сөзге сыйғызып жібергенін қарашы.

Иә, күндіз тіршіліктің қамымен сайын Даласында қой баққан бабаларымыз түнде көкке қарап ой бақты. Көргені мен сезгенін, білгені мен түйгенін тілінің ұшына қондырып, жылдар көшімен кейінгі ұрпағына жеткізді.

Замана дауылына төтеп беріп, адамзат баласы тудырған шексіз мүмкіндіктер мен даму заманына көштен қалмай, жүгі жолда аумай ХХІ ғасырдың табалдырығын аттады.

Қазақстан - бұл күндері көк байрағын байлар шаңырағы шалқыған, керегесін кең жайып талай жұрттың баласын баурына тартып, тыныштық пен берекенің, татулық пен мерекенің Отаны болған, өз үні, өз кебеті, өз сәулеті, ен дәулеті бар іргелі ел. Төрткүл дүние бас қосқан Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінен саңқылдап Ана тіліміздің естілуі: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік еліміздің Мәңгілік тілі болады. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білген жөн» деген Елбасының сөзінің ақиқатқа айналғаны емес пе?!

Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы- ұлттың ұлы бағдары, Қазақстанды мекендеген барша ұлттың арманы болды.

Қазақстан-көп ұлтты мемлекет. Елбасы айтқандай, көп ұлтты болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

1937 жыл еді.

Поезд жүйіткіп келеді.

Терезеден тұрмын қарап таңдана:

Дала, дала, кең дала.

Содан кейін азаптан торыққаным есімде,

Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.

Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,

Құрмет қылып ән салғаны есімде.

Жоқ, ұмытпан,

Ұмыта алман жандарды ол,

Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.

Қазақстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күністан!

Ен Сен Нен

Иә, сан ұлттың басын осындай ғажап өлкеге заманның желі, тағдырдың тезі, тарихтың толқыны, саясаттың салқыны қосты.

«Тілі басқа,- тілегі бір, жүзі басқа,- жүрегі бір» сан ұлттың баласы «Біз Қазақстандықпыз!» деп мақтанышпен айтады.

Мен-Қазақстандықпын! Аналарымыздың көз жасы, Аруларымыздың Ары, ержүрек аталарымыздың қаны төгілген кең байтақ Ұлы Даланың иесімін. Сондықтан менің иығыма артылған міндет жүгі ауыр, парыз жүгі айқын. Мен оны жүрегіммен сезінемін.

«Жаратқанның мейірімі шексіз, алды кең» деп отырушы еді атам. Осындай ен байлықты, мейірімді де жомарт халықты иесіз қалдырмады. Елі қалап, жұрты қолдап Елбасын сайлады. Елбасының көрегендігі мен сарабдал саясаты арқасында еліміз Еуразия кіндігіне айналды.

Сарыарқаның төрінен бой көтерген жас қала бұл күндері бас қала атанып, ай сайын емес күн сайын келбетіне көрік қосып келеді.

«Бақыт, қайда барасың?» деп сұраған екен деген тәмсіл бар халқымызда. Сонда: «ынтымағы жарасқан, қуаныш пен қайғыда да қол ұстасып бірге бел асқан, қайырымды да мейірімді, берекелі жерге барамын!» деген екен дейді.

Мен-бақытты ұрпақпын. Көреген де дана, аузы дуалы шешен, түрткүл дүниенің тыныштығын ойлаған көсем Елбасымыз жастарға үлкен міндет жүктеп, үміт артып отыр.

«Елдік пен Тәуелсіздіктің киелі көк Туын ХХІ ғасырда асқақтата желбірететіндер-жастар, сендер боласыңдар!» деген Елбасының сенімін ақтауға осы күннен тырысып келемін.

Күні кеше Астана қаласы, Президент орталығында өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингіне қатысуым маған өзіме деген сенімділік пен асқақ арман сыйлады. Елбасының тікелей эфирде жастармен сұхбаттасуы, ғарыш саласында дамыған елдердің қатарына қосылуға тікелей себеп болған Айдын Айымбетов ағамызбен кездесу, Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарынан дәріс алу, тарих ғылымдарының профессоры Болат Көмековтың қолынан Сертификат алуым қиялымның шындыққа айналғандай әсер қалдырды. Жастық жігерім мен күшімді білім алуға, ізденуге, әлемді тани отырып, өз Отаным- Тәуелсіз Қазақстанды дамытуға жұмсаймын деген кұлшыныс кішкене жүрегіме қуаныш сыйлады. Мен еліме, Президентіме сенемін! Мен өзіме, болашағыма сенемін! Себебі заманауи қоғам – білекке емес, білімге сенетін кезең.

Мен-Қазақстандықпын! Бұл мен үшін білім алу құқына ие болу деген сөз ғана емес, алған білім-өнегемді өзіме, отбасыма және Отаным Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне жұмсаймын деген ұлы жауапкершілікті жүктейді.

Мен - Қазақпын, өренімін елімнің,

Жамандықтан, надандықтан жерідім.

Ұрпағымын қасиетті қазақтың,

Ұлылардың арқалаған сенімін.



Мен - қазақпын, иесі осы даланың,

Топыраққа тамыр жайған табаным.

Тіл-дінімнің биіктетіп беделін,

Қай кезде де қазақ болып қаламын.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Мен - Қазақстандықпын туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мен - Қазақстандықпын на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Мен - Қазақстандықпын жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мен - Қазақстандықпын, шығарма Мен - Қазақстандықпын туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Мен - Қазақстандықпын на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар Мен - Қазақстандықпын жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Мен -, Шығарма: Мен - Қазақстандықпын шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы