Дос туралы шығармалар жинағы  (достық, жолдас)

Дос туралы шығармалар жинағы  (достық, жолдас)

Достық туралы шығарма

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.


Қажетті сілтемелер:


Дос туралы шығарма

Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,
Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше,

- деген қазақ халқының бүгінгі замандағы достарының бейнесі осылардың қайсысынан табылады? Жалпы дос деген не? Өмірде достықтың алар орны қандай? Досың сені көрге сүйрей ме, төрге сүйрей ме? Менің өз ортамда сенімді адал досым бар ма? Осы сұрақтар кез келген адамды мазаламай қоймайды. Расында осы достық деген не? Алдымен соған тоқталайық.

Біз дос туралы ұғымды мектеп қабырғасында жүргенде бастауыш сыныптан аңғарамыз. Мектепте ұстаздарымыз бізге достықтың құдіретін, қыр сырларымен таныстырады. Бұл жастағы балалар дос деген ұғымды сол қалпында сақтап, өмірде шын дос болады деп, өзі бірге ойын ойнайтын құрбысын өзінің досы деп санайды. Құрбыларымен ұрысып қалғанда құрбысын жақтап шығады. Анасы мектепте қарның ашса жейсің деп сөмкесіне салып берген бір үзім бөлкесін құрбысымен бөлісіп жейді. Иә бұл жағдай осыдан 10-15 жыл бұрын осындай еді. Ал қазіргі заманда 4 сыныпта оқитын бір қыз ойын ойнап жатқан қасындағы құрбысының үстіне қарап «кетші мен сенімен ойнамаймын, сенің киімің жаман», - деп көкірегінен итергенін өз көзіммен көріп таң қалдым. Яғни баланың санасы жастайынан осындай болып қалыптасып келеді. Оның ондай болып қалыптасуына не себеп? Солар біздің болашағымыз емес пе? Не кінәлі десеңіз бірінші орынға мен отбасын қояр едім. Себебі ол жанұясында не көрсе көшеде де соны істейді. Дастархан басында отқанда ата-анасы, аға-әпкесі бір-бірімен үлгі боларлық дүниелер жайында емес, баларының сабағын сұрағанда, үлгерімі жақсы оқушылармен дос бол, пәленшемен дос болма ол нашар киім киіп жүреді, сабағын да жақсы оқимайды. Иә ол жаман киім киеді, үлгерімі жақсы емес, алайда ол балада барлық адамның бойынан табыла бермейтін, адамгершілік, досқа адал болатын қасиеті жоғары шығар. Неге оның адамдық қасиетімен санаспаймыз, адам көркі шүберек деп текке айтпаған шығар, бірақ шүберек бітер, ал достық ше, достық қайда сонда? Міне баланың өмірге деген көзқарасы осылай атақ-даңқы бар, әдемі киім киетін адамдармен достасу керек, яғни оның пайдасы тиеді деген ой қалыптасады.

Бүгін көк қағаз билеген заманда жастар осылайша өз құндылықтарымызды сол бір мардымсыз дүниеге алмастырады. Өмірде ақшадан биік қасиеттер бар, бар байлығыңмен алмастырып ала алмайсың. Алайда жастайынан ақша болса болды, ақшаға барлығын сатып аламын деп ойлайды. Иә расындада ақшасы көп адамдардың айналасында дос сымақтар көбейеді, сенің қаншалықты ақшаң көбейсе, жауларыңда көбейеді. Бүгінгі шындығы шала қоғамның бір дертіне айналған. Алайда мен көпке топырақ шашудан аулақпын. Достық деген сезім - сені шынайылыққа, адалдыққа, Алланың ақ жолынан адаспай жүруге үндейді, бойыңдағы көреалмаушылық, жауыздық, қастандық деген сезімдерің сөніп, оның орнына имандылық, мейірімділік, бауырмалдық деген сезімдер пайда болады. Өмір атты тұңғиық теңізде өмір сүріп жатқанан кейін өмірде сүрінетін кездеріміз болады, сүрінгенде бірінші кімге арқа сүйейсің, әрине ол досыңа, алайда сені қолпаштап жүрген жандардың бірін таппайсың қасыңнан, барлығы саған теріс айналып кетеді. Яғни олар достың кейпін киген сенің қас дұшпандарың. Осылайша досым кім? Дұшпаным кім сонда деп есеңгірейсің. Қоғамдағы осындай жағдай қабырғаңды қайыстырып, жаныңды жабырқатып жібереді. Сонда достықты тек өзінің мақсатына жету үшін ғана пайдаланылатын құрал ма сонда? Осы орайда испан жазушысы Б.Грасиннің «Достығың да, дұшпандығыңда мәңгі болады деп ойлама! Бүгінгі досыңа ертеңгі қарсыласым деп қара, тіпті бітіспес жауыңа айналып кетуі мүмкін; өмірде мұндай жағдайлар бола береді, ал сен соның алдын ал. Болашақ дұшпаныңы айналып қалар деген досыңның қолына қару ұстатпа, ертең дұшпан жағына кетіп қалса соққысы аяусыз болады. Дұшпаныңмен, керісінше, бітімге келер есігің әрқашан ашық тұрсын, бұл есігің, ең сенімді жол – ақпейілділігің болсын. Көбінесе, дұшпанымызды сансыратып кек алсақ деген оймен жүреміз, содан ләззат аламыз, ал арты уайымға айналады» - деген астарлы мағынасы терең өсиетін тілге тиек ете кетейін. Барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп, ол ағашымызға қарап суландырып тұрсақ арадан қанша уақыт өтседе ол ағашымыз жайқалып, жапырақтары қаулап өседі. Өмір болған соң бірде мұңайамыз, бірде қуанамыз. Кейде көңілің жабырқап достарыңды аңсаған шағыңда сол ағаштың саясына барып, көлеңкесіне бір демалып қайтсаң, мауқың басылып, өзіңе бір үлкен тірек тапқандай болып қайтасың. Сондықтан барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп шырмауықша шырмалып өсірейік.

Дайындаған: Жасұлан Исакаев, Жолдаған: Мамышова Гауһар


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 31
  1. NE KHARAISUN
    NE KHARAISUN 11.02.2022 00:38
    3 + 0 -
    Өте керемет! Бірақ, қарапайым тілде айтқанда жақсы болар еді.
  2. Тілебалдықызы жансая
    3 + 5 -
    Өте керемет екен маған ұнайды
  3. Николя
    Николя 19.11.2020 22:15
    3 + 6 -
    Нет эссэ плохой
  4. соня чонгукова
    соня чонгукова 11.03.2018 15:41
    1 + 4 -
    очень классно
  5. Жансая Кубентаева
    3 + 2 -
    Достынды силай бйл
    1. Имаш
      Имаш 15.02.2024 20:26
      0 + 1 -
      Коее
  6. Шила Умарова
    Шила Умарова 13.01.2017 13:36
    3 + 1 -
    да
  7. ????Aibekova????Zarina????Aibekovna????
    1 + 3 -
    Жақсыы
  8. Асылжан Ролланкызы
    1 + 4 -
    Просто суперррррррр????????????????????
  9. Аружана Рей
    Аружана Рей 14.04.2016 18:52
    1 + 3 -
    Спасибо эссе супер
  10. Баккелды Кудайберген
    2 + 2 -
    Тема
  11. Камила Баилова
    Камила Баилова 22.05.2015 17:39
    2 + 2 -
    Кушти!!!!!great
  12. Аида Маликова
    Аида Маликова 08.04.2015 21:09
    1 + 1 -
    Күшті жазылған маған қатты ұнады
  13. Aga Wolf
    Aga Wolf 06.04.2015 20:13
    2 + 1 -
    өте жақсы
  14. Aga Wolf
    Aga Wolf 06.04.2015 20:13
    1 + 0 -
    оте жаксы
  15. Anuar Moldagali
    Anuar Moldagali 23.02.2015 18:26
    1 + 0 -
    Классно
  16. Асемай Таутабаева
    1 + 0 -
    Оте керемет!!!! Супер!!!!
  17. Dulat Uali
    Dulat Uali 23.02.2015 18:09
    2 + 1 -
    класс просто шик
  18. Dulat Uali
    Dulat Uali 23.02.2015 18:09
    1 + 0 -
    класс
  19. Аида Никалайчук
    1 + 0 -
    Супер
  20. Адема Умирзакова
    1 + 0 -
    Классно

Ілмектер: Қазақша шығарма: Дос ( Достық ), Қазақша шығарма, Дос ( Достық ) туралы қазақша шығарма, Қазақша шығарма: Дос ( Достық ) туралы казакша шыгарма, сочинение на казахском языке про дружба, дос туралы шығарма қазақша, дос туралы шығармалар, достық туралы шыгарма, достық туралы шығарма қазақша, достық туралы шығарма 4 сынып, скачать сочинение на казахском языке про друга, сочинение на казахском языке на тему мой друг, скачать сочинение на казахском языке на тему мой друг, дос туралы шыгарма казакша, достык туралы шыгарма қазақша, достар туралы шыгарма казакша, сочинение на казахском языке о друге, сочинение на казахском языке мой друг, сочинение на казахском языке о дружбе, достық туралы шығарма жоспарымен