Шығарма: Адам өмірінде достықтың алатын орны

Шығарма: Адам өмірінде достықтың алатын орны казакша Шығарма: Адам өмірінде достықтың алатын орны на казахском языке

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шырын ауылы
«Шырын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
8 сынып оқушысы Абдуллаев Заир Зайнуллаевич
Жетекшісі: педагог-психолог Дилбирим Махпирова

«Достық дегеніміз не?» - деген сұраққа адамдар әр түрлі жауап береді. Достық туралы көптеген мақал, әңгіме, нақыл сөздер, ертегілер бар.

Достық дегеніміз – бұл өте терең, күрделі, көп мағыналы ұғымдардың бірі. Балабақшаға барғаннан бері достарымыз да пайда болды. Бір балалар болса мектепке келіп дос тапты. Кішкентай кезімізде досымызбен бірге қуанып, ренжісіп қалған кездерді есімізге түсірейікші. Біз бұл ойларды жылылықпен еске аламыз.

Сіз де кішкентай кезіңіздегі сырларыңызды, құпияларыңызды еске түсіріңізші. Әрине бұны сіз ең бірінші болып досыңызға айттыңыз. Біреулеріміз өмірімізде бір ғана адаммен достастық, біреуіміздің 2-3 досы бар. Қандай жағдайда болмасын дос ең бірінші болып көмекке келеді, өзінде бар нәрсені аямайды,қол ұшын созады. Достар арасында құпиялар, бір–біріне сенбеу сияқты нәрселер болмайды. Өмірімізде біз шынайы достыққа күә боламыз. Кейбір достар өмірінің аяғына дейін достасып кетеді. Екіншілері болса тағдырдың әсерінен айырылысып кетеді. Бірақ бір-бірімен үнемі хабарласып тұрады.

Басыңызға қиындық туғанда ең алдымен досыңызға айтасыз. Ол адамнан кеңес, көмек сұрайсыз. Сырларынызды ең алдымен досыңызға айтасыз. Отбасыда, мектепте бір жағдайға тап болғанда досыңыздың көмегі өте қажет болады. Мейлі ол сізге үлкен көмегін бере алмаса да, жылы сөзбен сіздің көңіліңізді жұбатады, жақсы сөздерді айтып көңіліңізді көтереді. Соңында сіз болған оқиғаны ұмытып, жүрегіңізде бір қуаныш, тыныштық сезімі пайда болады.

Қазіргі заманда бүкіл әлем қатыгездікке толды. Күнделікті өмірде, теледидирда, газеттерде біз көптеген жағдайлар туралы хабардар боламыз. Адам өзгергенін немесе заманның өзгергенін кейде түсінбей қаламыз. Кеше дос деп санаған адамымыз «дұшпан» болып, «дұшпандарымыз» адал дос болып кетуі де мүмкін. Бірақ бұл өмірде адал достықтың шырағын өшірмеу үшін бар күшімізді салуымыз керек деп ойлаймын.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Адам өмірінде достықтың алатын орны туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Адам өмірінде достықтың алатын орны на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Адам өмірінде достықтың алатын орны, шығарма Адам өмірінде достықтың алатын орны туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Адам өмірінде достықтың алатын орны на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар , Шығарма: Адам өмірінде достықтың алатын орны шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы