Адам өмірінде достықтың алатын орны

 Адам өмірінде достықтың алатын орны

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шырын ауылы
«Шырын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
8 сынып оқушысы Абдуллаев Заир Зайнуллаевич
Жетекшісі: педагог-психолог Дилбирим Махпирова

«Достық дегеніміз не?» - деген сұраққа адамдар әр түрлі жауап береді. Достық туралы көптеген мақал, әңгіме, нақыл сөздер, ертегілер бар.

Достық дегеніміз – бұл өте терең, күрделі, көп мағыналы ұғымдардың бірі. Балабақшаға барғаннан бері достарымыз да пайда болды. Бір балалар болса мектепке келіп дос тапты. Кішкентай кезімізде досымызбен бірге қуанып, ренжісіп қалған кездерді есімізге түсірейікші. Біз бұл ойларды жылылықпен еске аламыз.

Сіз де кішкентай кезіңіздегі сырларыңызды, құпияларыңызды еске түсіріңізші. Әрине бұны сіз ең бірінші болып досыңызға айттыңыз. Біреулеріміз өмірімізде бір ғана адаммен достастық, біреуіміздің 2-3 досы бар. Қандай жағдайда болмасын дос ең бірінші болып көмекке келеді, өзінде бар нәрсені аямайды,қол ұшын созады. Достар арасында құпиялар, бір–біріне сенбеу сияқты нәрселер болмайды. Өмірімізде біз шынайы достыққа күә боламыз. Кейбір достар өмірінің аяғына дейін достасып кетеді. Екіншілері болса тағдырдың әсерінен айырылысып кетеді. Бірақ бір-бірімен үнемі хабарласып тұрады.

Басыңызға қиындық туғанда ең алдымен досыңызға айтасыз. Ол адамнан кеңес, көмек сұрайсыз. Сырларынызды ең алдымен досыңызға айтасыз. Отбасыда, мектепте бір жағдайға тап болғанда досыңыздың көмегі өте қажет болады. Мейлі ол сізге үлкен көмегін бере алмаса да, жылы сөзбен сіздің көңіліңізді жұбатады, жақсы сөздерді айтып көңіліңізді көтереді. Соңында сіз болған оқиғаны ұмытып, жүрегіңізде бір қуаныш, тыныштық сезімі пайда болады.

Қазіргі заманда бүкіл әлем қатыгездікке толды. Күнделікті өмірде, теледидирда, газеттерде біз көптеген жағдайлар туралы хабардар боламыз. Адам өзгергенін немесе заманның өзгергенін кейде түсінбей қаламыз. Кеше дос деп санаған адамымыз «дұшпан» болып, «дұшпандарымыз» адал дос болып кетуі де мүмкін. Бірақ бұл өмірде адал достықтың шырағын өшірмеу үшін бар күшімізді салуымыз керек деп ойлаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 780



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі