Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - тірегім)

Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - тірегім) казакша Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - тірегім) на казахском языке

Бердіхалық Тілеу
10 сынып, №3 орта мектеп
Іле ауданы, Жетіген ауылы
Жетекшісі: Жексетова Ә.С.

Атамекен... Атажұрт... Туған жер... Бұл – ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі. Атамекен- ата-бабаларымыздың қоныс тепкен жері, асыл мекені. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Бұл ұғымдарды айтуымның басты себебі - Тәуелсіздік. Атамекен, Туған жер сөздерін «тәуелсіз» деген ұғымсыз айту мүмкін емес. Тәуелсіз болу- егеменді, байтақ ел болу. Мен Тәуелсіздікті қанатын кеңге жайған қыран құсқа, шапса бәйге бермейтін сәйгүлік тұлпарға, түпсіз тұңғиық терең теңізге, тамырын тереңге жайған алып ағашқа теңеймін. Тәуелсіздіктің бізге берері мол. «Тәуелсіз ел» деген екі ауыз сөздің өзі құлақтың құрышын қандырады. Тәуелсіз болу қиындықтарға мойын сұнбай жеңе білудің, тар жол тайғақ кешсе де сүрінбей кеудесін тік ұстап берілмеудің нәтижесі, жемісі. Тәуелсіздік жолында қаншама саңлақтарымыздан айырылдық. Олардың қайтпас қайсарлығының, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің, келер ұрпаққа деген сенімінің арқасында қол жетпес арманға қол жеткіздік.

Сонау 1986 жылғы қаһарлы желтоқсан оқиғасы әркімнің болсын жүрегін сыздатып, көзін еріксіз жасқа толтырады. Желтоқсан сөзін естігенде боранды, даулы күндегі қыршыннан қиылған жастар көз алдыңа елестейді. Қазақ жігіттерінің арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мінезі, қыздарымыздың ер жігітке тән қайсарлық көрсетуінің жемісі - Тәуелсіздік болды. Олардың басты мақсаты – келешек ұрпақтың бейбіт өмір сүруі еді. Өзімізден кейінгі ұрпақ дүмдірек, қуатты болсын деген ақ ниеті еді. Қазақ халқымызда «Әкеден – бала, ағадан- іні, ұстаздан – шәкірт озсын» деген асыл сөз бар. Желтоқсанға қатысқандар қанша жас болса да өз ағаларының, беделді азаматтардың көтере алмаған өзекті мәселесін көтеріп, өздерін Отан жолында құрбан етті. Тарландарымыз Отан үшін ешқандай қиындықтан бас тартпады. Туған елге, кіндік қаны тамған жерге деген махаббаты, сүйіспеншілігі оларға дем беріп, алған беттерінен қайттармады. Міне, қазақ халқының қайтпас қайсар өрендері осылайша елге төнген қауіпті сейілткен еді. Осындай қиын қыстау күндерде қара бұлтты қақ жарған жарық сәуле қазақ халқын қуанышқа бөледі. Ол - елдің Тәуелсіздігі еді. Желтоқсан жастарынан бізге «Тәуелсіздік» атты өшпес із, баға жетпес қазына қалды. Аш қасқырдай аранын ашқан қара түнек қазақ халқын айналып өтті. Әрине, бұл - қайтпас-қайсар ұл-қыздарымыздың арқасы. Мен өзім осындай аға-әпкелерімнің барына мақтанамын., олар жасаған ерлікті барынша жырлап, өз қатарлас достарыма және кейінгі буынға жеткізуге тырысамын және тырысып қана қоймай оны жеткізу менің парызым деп білемін.

Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа,
Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа...

1991 жыл. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған, киелі жыл. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жарияланған жылы. Қиын қыстау күндердің артта қалып, қазақ халқының арқасын кеңге жайып, азат болған қасиетті жылы. Бүгінде Тәуелсіздігімізге 21 жыл. Аспанымыз ашық, кең байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз бар. Жерімізде жайқалып өскен гүл, көгімізде самғап ұшқан құс, езуімізде күлкі , желбіреген көк байрағымыз, «құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» демекші әр азаматтың бойын баурап алып, күш берер, еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсер әсем де ырғақты әнұранымыз, « нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» дегендей киелі аспабымыз қара домалақ домбырамыз, ұшқыр ойлы елбасымыз бар. Еңселі ел болу үшін осыдан артық не керек?! 21 жылда талай игі істер атқарылды, еліміз де көркейіп, өркендеп келе жатыр. Күн санап сән түзеген еліміздің кешесі мен бүгінін салыстыру мүмкін емес. Қазақстан деген мемлекетті дүние жүзі мойындады десек артық айтпаған болармын. Оның дәлелі- елімізде өткен Саммит, қысқы Азиада ойындары. Бұл аталмыш оқиғаларды жоғары дәрежеде , әлемдік деңгейде өткіздік. Дүние жүзі елдерінің ақ ордамыз-Астанада бас қосуы асқан мәртебе, тәуелсіздіктің жемісі. Еліміздің аяғынан тік тұрып, әлем сахнасында көрінуі , еңселі ел болуымыздың көрінісі, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, біздің елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы деп білемін. Қазақ халқының жеткен жетістіктері осымен аяқталып қалмайды. 21 жылда қандай жетістіктерге жетсек, әрі қарай да тоқтап қалмай күн санап тіптен сағат, минут, секунд санай дамып, бір секундымызды да жоғалтпай асқар-асқар белестерді бағындырып, биік шыңның басынан көрінеміз деген ойдамын.

Тәуелсіздік бізге бекерден бекер келген жоқ . Екі-үш ғасырға созылған, сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап, кешегі Ресей отарлауына ұласқан қиын қыстау күндерде, азаттық жолында құрбан болған тарландарымыз, келешек ұрпақ мына біздер үшін жандарын шүберекке түйіп жүріп, қан майданда күрескен ата-бабаларымыздың ерліктері ұмыт болмай, өткен күндердің елесіндей біздің санамыздан өшпесі анық. Осындай қиын әрі қилы өмірді бастан кешірген кешегі ата-бабаларымыз алдында біз борыштармыз.

Сол борышымызды өтеу үшін біз бас көтермей білім алып, еңбек етуіміз керек. Өз еліміз, Қазақстанымыздың гүлденуі мен көркеюіне аз да болса үлесімізді қосуымыз керек.

Мен «Тәуелсіздігім тірегім» атты шығарманы жазуымның басты себебі, жас буынға яғни бізге және біздің артымыздан еріп келе жатқан кейінгі жастарға Туған елді қастерлеп сүю керектігін және осы еліміздің өздігінен қалыптаспағандығын, алдымыздан қанлдай қиындықтар тау-тау болып тұрғандығы, сол тауды асып өту үшін ата-бабаларымыздың жасаған ерліктерін ескеріп, әрқашан тек қана алға ұмтылу керектігін айтқым келді. Және мемлекет өздігінен қалыптаспайды. әр отбасы бір шағын мемлекет болса , сол мемлекеттердің бірігуінен бір үлкен және қуатты мемлекет қалыптаспақ.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні, шығарма (Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте), тәуелсіздік туралы шығарма, скачать сочинение на казахском языке день независимости, тәуелсіз қазақстан шығарма, тәуелсіз қазақстан шығарма тегін, шығарма тәуелсіз қазақстан, шығарма тәуелсіз қазақстаным, тәуелсіз қазақстан шығарма қазақша, сочинение на казахском языке про независимый казахстан, сочинения на казахском языке про независимость, сочинение на казахском языке казахстан независимое государство, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы шығарма, тауелсиздик туралы шыгарма казакша, 16 желтоқсан шығарма, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне шығарма, тәуелсіздік туралы шығарма, скачать сочинение на казахском языке день независимости, тәуелсіз қазақстан шығарма, тәуелсіз қазақстан шығарма тегін, сочинение на казахском языке про независимый казахстан, сочинения на казахском языке про независимость, Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - тірегім), Қазақша шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - тірегім) шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

  • Анализ сайта www.zharar.com