Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Би өнері

Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Би өнері казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Би өнері на казахском языке

Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл - күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі ілкіде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып қалыптасқандығы белгілі. Осылайша адамның алғашқы дыбысы музыканың негізін салды. Ал шартты дағдыға (рефлекс) негізделген дене қимылы бидің алғышартын қалады.

Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл - қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным - сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе - келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.

Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік - уақыттық ауқымы көне заманғы наным - сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл - күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Ілкі билер ғұрыптық - мифологиялық мәні мен магиялық қызметі бар салттық әрекеттердің құрамдас бөлігі еді. Қоғам дамуының алғашқы сатыларына адам мен кейбір жан - жануарлардың туыстығы болады деген нанымға сай туған тотемдік билер тән еді. Тотемдік билердің негізгі сипаты - тотемге еліктеу. Осыдан келіп жануарлардың қимыл - әрекеттерін бақылаудан туған образдарды бейнелеу мен мифологиялық түсінік түйісе келіп, билеу кезінде аң, құстардың қылықтары көрініс табады.

Қазіргі мәдени антропологияда аю культі тек солтүстік халықтарына тән делініп, аюға байланысты барлық жосын - жоралғылар орман халықтарында хакас, тыва, бурят, эвенк, саха сияқты т. б. ғана сақталды деген пікір берік орын алып келеді. Алайда, аю биі қазақ жерінің Алтай бөлігін мекендейтін қазақтар арасында көп тараған. Яғни, осының өзі аюлы болып келетін орманды өлкеге тән мәдени жергілікті ерекшелік деуге болады. Шығыс қазақтары арасында аюға байланысты аңыз - әңгімелер көп таралған.

Байырғы ортаның фольклорлық музыкамен орындалатын Тостаған биі, Келсап биі, Көктүйме биі, Шешеке биі осы күнделікті тұрмыстық көріністерді ырғақты қимылмен бейнелеуден туған. Ал Қара жорға, Аю биі, Жорға аю, Бүркіт биі, Қанжарақ (бүркіт биінің бір түрі), Бура биі, Қаз биі аңшылық кәсібімен айналысқан және табиғатқа жіті көз тігіп, айналадағы құбылыстарды байқап бақылаған қауымның санасында жаңғырған көріністері би өрнегіне арқау болған.
Жиын - той кезінде көңіл көтерудің бір формасына айналған, әуен ырғағына негізделетін жекелеген және топтық билер адамдар арасындағы қарым - қатынастың жаңа бір қырын ашады.
Халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары мен мазмұны да әртүрлі болады. Ғалымдардың пайымдауынша, адамның бет - жүзінің әрекет - ишаралары мағынасы жағынан барлық халықтарда бірдей болып келсе де, климаттық және басқадай тұрмыстық жағдайларға, көңіл - күйге, әсерлеуге байланысты дене мүшелерінің қимыл - қозғалыстары әр халықта әркелкі пішінде болып келеді.

Бұрынғы билер аңшылық кәсіпті және тұрмыс көріністерді бейнелейді. Аңшылық кәсіпке қатысты билер тотемге байланысты болып, онда аңға шығуы, алғашқы аңды алуы, жаратушыдан аңшының кешірім сұрап жалбарынуы сияқты көріністер, «Қаз биінде» сұлулықтың, әсемдіктің символы болған қаздың жүрісі, шомылуы, тарануы бейнеленеді. Би атқарылу мәні мен мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Қазақтың ғұрыптық - салттық билеріне Айқосақ, Жезтырнақ билері, тұрмыстық биге Өрмек (Өрнек) биі, Айгөлек, аңшылық биге Құсбегі, Дауылпаз, Бүркіт пен қоян, салтанатты және әзіл - қалжыңға негізделген билерге Шалқыма, Айда былпым, Насыбайшы, ал көпшілік қауым биіне Ұтыс би, Алқа қотан билері жатса, Ортеке, Тепеңкөк, Қара жорға, Қаз биі (Қаз қатар) билері жануарлар қимылын салуға еліктеуден туған.

Тұрмыстық билер ожау, тостаған секілді т. б. үй бұйымдарын қолданып атқарылады. Ондай ғұрыптық билерде көбінесе дөңгелек пішінді болып келетін заттар символдық мәнге ие болды. Мәселен, Тостаған жіне Келсап билеріндегі негізгі объект - домалақ тостаған мен дөңгелек бітімді ұзынша келсап. Бір нәрсені айнала билеу, топты ортадағы шеңбер ішінде билеу сияқты әрекеттерден тіршілік көзі - «күн», жер - ана түсініктері аңғарылады. Ал «Келсап» биінде келсапты әйелі ретінде ойнату арқылы тұрмыстық қалып пен жыныстық айырмашылықтар әсерлі, күлкілі сюжетпен беріледі.

Музыка сатылай даму ретімен, алдымен ыңылдай әндету түрінде, кейін шырқата салу, содан соң саз аспаптарының сүйемелдеуімен әнге ырғақ берілу арқылы өз бетінше дамыды. Музыкалық ырғақ адамның әрқилы сезім - күйін білдіріп, дененің икемді әрі жүйелі қозғалысын қалыптастырып, би негізінің қалануына ықпал етті. Музыка немесе ән бидің ырғағын, көлемін айқындады. Осы кезден бастап адам сезімінің ырғақты көрсеткіші болатын көңіл көтерудің негізі болған нағыз би қалыптасты.

Әр бидің өзінің шығу төркінін, тарихын бағзы кезеңнен жеткен аңыз - әпсаналардан байқап білуге болады. Қара жорға биінің шығуы жөніндегі аңыз алғашқы саз аспабы (қобыздың) пайда болған, жылқы түлігін үй жануары ретінде қолға үйреткен заманға жетелейді. Түз жылқысын шалмалап ұстап алған жігіт оны қолма - қол үйретіп, ауылына мініп келеді. Жылқы қара, әрі жорға екен. Өз табысына қуанып шаттанған әлгі жігіт алдымен атын ойнақтатып, ат үстінде, онан соң жерге түсіп билейді. Осыдан бастап би Қара жорға аталыпты - мыс. Көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ үшін aт - ер қанаты. Бейбіт күнде де, соғыс, жаугершілікте де ат - серік, күш, көлік. Жылқы иесі Қамбар ата деп жылқыны киелі, қасиетті жануар санады, қазақ тайпаларының ішінде жылқы атымен аталатын рулар да жоқ емес (Керейде - Шұбарайғыр, Қыпшақта - Торыайғыр, Арғында - Жылқышы, Тұлпар, Күлік, Тайкелтір т. б). Шыңжаңның Тасқорғанындағы тәжік, Атұш өлкесін мекендейтін қырғыздар арасында қазаққа кең тараған Қаражорға биінің бір нұсқасы деуге боларлықтай «Жылқы биі» таралған. Ертеде Қаражорға, Бозайғыр, Тепеңкөк, Өрмек т. б. күй аты болатын. Ырғағы буын биіне лайық келгендіктен, кейін би үлгісі шығып, әуен атына сәйкес Қаражорға, Тепеңкөк, Өрмек т. б. аталып кеткен. Осы тәрізді әуені ойнақы келетін, билеуге лайық ән - күйлерге билеу негізінде «Қамажай», «Айжан қыз» билері туып, халық арасына кең тарады.

Ертеде ел ішінде ақын - жыршы, әнші - күйшілермен қатар ежелгі халық билерін орындайтын ортекешілер де болған. Бізге жеткен би нұсқаларында олардың мазмұны, оқиға желісі, әртүрлі кәде - жоралғылармен біте қайнасқан қимыл - тәсілдері ғана сақталған. Мәселен, атақты Шашубай ақын «Ортеке» биін шауып келе жатқан ат үстінде тұрып, секіріп түсіп атты айнала билеп шебер орындайтын болған. Дәстүрлі ортаға «Ағаш аяқ» деген лақаппен танымал болған Рахымберді қатар шөгерілген тоғыз түйенің үстінен секіріп өтіп көрсететін өнеріне би қимылдарын үйлестіріп билегенде, «Қалдау - қалдау, қыз қалды - ау» деп әндеткен кезде әнді қосыла айтқан көрермендер де денелеріне ие бола алмай, бірге ырғатылады екен. 1920 жылдардың бас кезінде Қоянды жәрмеңкесінде Зарубай деген сайқымазақ қоян сияқты киініп алып, үстел үстінде тұрған кеселердің ешқайсысына қол - аяғын тигізбестен қоян сияқты секіріп, шоқырақтап бір сағат бойы күрделі қимылдар жасап билеп өнер көрсеткен екен. Әйгілі Дина Нұрпейісова би күйлерін шерткен кезде, әуенге елтіген ұлы билейтін болған екен.
Заманның ыңғайына, қоғамның қалпына қарай қалыптасатын көзқарастарға байланысты кезінде би өнері де өнердің басқа салалары тәрізді дін тарапынан «жын - шайтан ісі» деген негізбен қудалауға түскен......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Би өнері жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Өнер ғылыми жұмыстар пән, Би өнері, гылыми Би өнері жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар Өнер ғылыми жұмыстар пән Би өнері, Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Би өнері Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы