Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)

 Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)

Туғаны: 1889 Баянауыл ауданы, Павлодар облысы
Қайтыс болғаны: 1931
Мансабы: Жазушы
Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

Шығармалары

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ

Екі заман шекарасында көзін аша бастаған туған халқының ақылы, ойы, ары, баскөтерері болып, оның қамы үшін, тағдыры мен болашағы үшін бастарын тауға да, тасқа да соғып, ақыры бір кездерде біздің елді жайлаған зорлық-зомбылық дертінің, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болып кеткен арыстарымыздың қатарында Жүсіпбек Аймауытовтың орны ерекше. Жалпы көпшілік ұмыта бастаған, тек есімдері мен істері бірен-саран көзі ашық зиялылардың ғана есінде қалған тұста, олардың біртіндеп емес, топ-тобымен ел ортасына қайтып оралуы елі мен ерін бөлмейтін, азаматтық ойы бар жандарды қалай тебірентпес! Бірін күтіп жүргенде бері келіп, "ақ түйенің қарыны” бір-ақ күнде жарылды. Қанша бұлт басса да, ақыры ашылмай қоймайтын күн көзі жарқ етті. Əділдік, шындық дегендердің де өзініңшынмағынасынаиеболатынкездеріболады екен, солкезеңтуды.
Біз үшін саяси-қоғамдық дамудың ең бір күрделі жылдарында өмір сүрген бұл Азаматтарымыздың бүкіл шығармашылық еңбегін қазақ халқының азаттық жолындағы ұлттық мүдделерімен байланыстыра білгені қымбат. Олар ескішілдікке қарсы күресті, қараңғыда қамсыз ұйықтап жатқан халқын ояту үшін бірі "маса” болып ызыңдап, бірі "Оян, қазақ!” деп жар салды. өлең тілімен, өнер тілімен халқына үгіт айтып, оларды білім-ғылым, ағарту жолына үндеді. Патшаның отаршылдық саясатының халықтың тұрмыс-тіршілігін ғана ауырлатып қоймай, саяси құқығын да тежеп отырғанын айтты. Орыстың озық ойлы мəдениеті мен əдебиетін халық арасында кең насихаттады, орыс классиктерінің шығармаларын аударып, оларды өздерінің ағартушылық идеясына, азаттық жолындағы күресіне пайдаланды. Осы жолда олардың патша əкімшілігінен көрген қудалауы, зорлығы да аз емес еді. Бүгін біз оларды еске алғанда өз басының тыныштығын күйттемей, туған халқы үшін азапты өмір кешуді өздері қалап алған, тіршілігінің бəрі кейін солай лайықталып пішілген ер жүрек жандардың қайраткерлік қайсарлығы мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнеге, үлгі сөздеріне, тіпті бүгінгі ұрпақтың кəдесіне əлі де жарап жатқан еңбектерінеерекше ризалықпен, ылтипатпен қараймыз.
Осы топтың ішінде Жүсіпбек Аймауытовтың салмақты орны бар. Ол – ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Əдебиеттің əр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Жүсіпбек жаңа дəуірдегі əдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңаізденістерді орнықтырды.
Жүсіпбек Аймауытов 1889-жылы Семей губерниясының Павлодар уезінде, Қызылтау болысының бірінші аулында туған. Арғы аталары ауқатты болған деседі. Бірақ Жүсіпбектің өз əкесі Аймауыт та, оның əкесі Дəндебай дашағын шаруалы адамдар екен. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі аулында өтеді1. Ол ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. Тиіп-қашып əр қилы молдалардың (өзі айтуынша, Жүніс қожа, Шəймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан) алдын көріп, ескіше едəуір білім алады. Содан кейінгі біраз уақыт өзі де молдалық құрып, бала оқытады. "Қартқожа” романында Ж. Аймауытов бала молда ретінде өз өмірінің осы тұсын суреттеген.
1907-жылы Жүсіпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс мектебіне түседі. "Оспанның (Аймауыттың інісі. – С.Қ.) Серебрянников дейтін тілмашы мені тəуір көруші еді. Баянда соның үйінде жаттым. Баянда бір қыс оқып, екі бөлімін бітіріп, келер жылы Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық (с-хоз) школіне барып емтихан ұстадым”, – дейді ол2. Бірақ ауыл шаруашылық мектебінде ұзақ оқи алмайды. Бір айдай ауыл шаруашылық жұмысына қатысып, одан кейінгі екі ай ғана оқуға мүмкіндік алған Жүсіпбек мектеп режимі мен əділетсіздікке қарсы бой көтерген балалардыңқатарындаоқудан шығыпқалады.
Осыдан кейінгі біраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баяндағы мектептің үшінші класында оқуын жалғастырумен өткізеді. Содан 1911-жылы Керекугекеліп, екі класты орыс-қазақмектебіне орналасады. Əуелі сол мектепте, кейін интернатта білім алып, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1919жылы бітіреді. Жүсіпбектің алашордашылардың істеріне араласатыны да осы кез. Семейде ол "Абай” журналын шығарысады.
1919жылы Жүсіпбек Алашордадан бөлініп, Кеңес өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына өтеді. Семейде, Павлодарда партия, кеңес жұмыстарын атқарады. 1920жылы Қазақстан Кеңестерінің съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте (комиссардың орынбасары болып) қалады. 1921жыл Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, кейін "Қазақ тілі” газетінің редакторы болып істейді. 1922–1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі, ал, 1924-1926-жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол” газетінің редакциясында қызмет атқарады. Бұдан кейін 1926–1929 жылдары Шымкент педагогтік техникумының директоры болады. Ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жəрдем ұйымдастырып, жиналған малды "өзі пайдаланып кетті” деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы "Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар” деген сылтаумен
1 Жүсіпбектің туған жылы жайлы деректер əр қилы. С. Мұқанов "ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті” (1932) атты кітабында 1893-жылы туды деп көрсеткен. С. Садуақасовтың сұрақтарына берген жауабында өзі "сиыр жылының аяғында (1890 жылдар) тусам керек” (Қазақəдебиеті, 23-желтоқсан, 1988) дейді. "1890-жылдар” дегенінеқарағанда, бұл жылды ол да жобалап айтқан тəрізді. Ал сиыр жылы – жыл санау тəртібі бойынша 1889-жылға дəл келеді. Сонда ол 1889-жылдың аяғы болуы мөмкін. Кейінгі біраз деректерде де осы жылкөрсетіледі (С.Қ.). 2 Қазақəдебиеті. 1988. 23желтоқсан.
қайта тұтқынға алынады. Сөйтіп, 1931жылы 42 жасында, нағыз шығармашылықтолысқан кезіндеқыршынынан қиылды.
Жүсіпбектің өз айтуынша, оның туып-өскен ортасы өнерге жақын болған тəрізді. Оның болашақ жазушыға əсері мол болған түрі бар. "Ақат ағам екеуіміз де əрі молда, əрі етікші, ағашшы, əрі шимайшы, əрі домбырашы, əнші болып өстік. Əкем домбыра тартушы еді. Ақатты бес жасынан алдына алып отырып, домбыра тартып үйреткен еді. Біздерден үлкен екі апамыз болды. Ұлкені домбыра тартушы еді, хат танушы еді. Бізге өлең, əн үйреткен екі апамыз еді. Қадыкеш деген үлкен апамыз өлең де шығарушы еді, ұзатылатын қыз жолдастарына шығарған өлеңдерін ұрлап алып, оқи беруші едік. Байы өлген қатындарға шешем (Бəтима) жыр шығарып, үйретіп отырғанын жас кезімде құлағым шалушы еді”3, – дейді ол жоғарыда аталған С. Садуақасовқа қайтарғанжауабында.
Осындай ортада Жүсіпбектің əдебиетке құмарлығы ерте оянады. "Ауылдағы өзім құрбы балалардан хатты ерте таныдым…. -Хисса, өлең кітаптарды көп оқушы едім. Қадыкеш апамның бір сандық хиссасы бар еді. Қыстың ұзақ кештерінде алғашқыда Қадыкешке, соңынан Ақат екеуімізге əкемхиссаоқытқызып отырушыеді”4, – дейдіолтағыда.
Алғаш өлең жазумен əуестенуін Жүсіпбек 13 жастан деп санайды. "Дұғалық жазатын кішкене қара шолақ кітапшама тіленші шалға есігін ашпаған бір кемпірді, көшкенде байталға мінбеймін деп əкесін ренжіткен қызды (ол Жəмікен деген апам ғой) өлең қып жазып қойғанымды əкем көріп, маңдайымнан иіскегені əлі есімде. Содан соңғы өлең жазғаным 19-20 жастар кезім болса керек. Бір бала молдамен айтысып, өлең жазғаным бар. 1912жылы жазған өлеңдерім ескі дəптерімде əлі сақтаулы. Абайға еліктеппін. Ең алғаш басылған сөзім – 1913жылы болса керек, бір ақымақ алыпсатардың болыс болам деп, елге бір месте шай апарып, елдің қулары болыс қоямыз деп, шайларын алдап алып, бос қайтқанын жазып едім. Бұл хабар "Қазақ” газетінде басылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен себеп болды. 1916жылы қазақтан жұмысшы алудың артынан пьеса жаза бастадым. Алғаш жазған 5 перделі пьесам (Нұрғали Құлжанов ұнатпаған соң) жарыққа шықпады”, – депжазғанол.
Жүсіпбектен қалған мұра аса бай. Оның ішінде "Қартқожа”, "Ақбілек” романдары, "Күнікейдің жазығы” повесі мен көптеген əңгімелер, "Рабиға”, "Мансапқорлар”, "Сылаң қыз”, "Ел қорғаны”, "Қанапия-Шəрбану”, "Шернияз” атты пьесалар, өлеңдер мен "Нұр күйі” поэмасы, балаларға арналған ертегі кітапшалар, сын мақалалар мен көптеген аударма кітаптар, оқулықтар бар. өз кезіндегі газет-журналдар бетінде Жүсіпбек жазған мақалалардабірсыпыра.
Осындай жан-жақты талант иесі Жүсіпбек жаңа дəуірдегі қазақ əдебиетінің бастауында тұрып, өзінің замандастары Сəкен, Бейімбет, Ілияс,
3 Қазақəдебиеті. 1988. 23желтоқсан. 4
Мұхтар, Мағжан, Сəбиттермен бірге көптеген жаңа жанрлардың негізін салуғақатысты. Əсіресе, оның прозамен драматургиядағы орныүлкен.
Жүсіпбектің "Қартқожа” романы тұңғыш рет 1926-жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл – ауылдағы қарапайым қазақ азаматының өмірін, оның əлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ əдебиетінің алғашқы көлемді шығармасы. Онда қазақ аулының революция алдындағы жəне əлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Əсіресе, жазушы осы тартыстар талқысында қарапайым қазақтың қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, əлеуметтік əділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың негізгі кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шытырман оқиғаларға толы тұстарындағы қазақ аулы өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917жылғы февраль революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі əлеуметтік күрестерге араласуы, "Алашорданың” құрылуы, Октябрь революциясы мен азамат соғысының оқиғалары роман сюжетіне желі боп кіреді. Шығарма қаћарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгерібасады, болашаққақарайды.
Қартқожаны жазушы бірден озық идеялы жаңа қаћарман етіп жібермейді. Бар тіршілігі теңсіздік, жоқшылықпен өткен қазақ шаруасының баласы өмір талқысына түсіп, біртіндеп көзін ашады, өмірден сабақ ала отырып өседі. Оның бəріне себеп – ХХ ғасыр басында туған əлеуметтік революциялар дəуірі. Егер ол болмаса, Қартқожа да əкесі Жұман тəрізді шағын шаруасын күйттеген момын шаруаның бірі болып қалар еді. өскен ортаның саңылаусыз қараңғы, көнтері тіршілігі Қартқожаны да əуелде əке жолына салғалы тұрғаны романда бірден көрінеді. Екі жеңі сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да тазармаған, болпиған, анау-мынауды елең қылмайтын, ұстамды, момын, аңқау бала даланың жайбарақаттығын бойына жинап өскелі тұрғандай елестейді. Бірақ ойшыл, оны-мұны көргіштігі тағы бар.
Көшпелі тіршілік пен рушылдық-ағайыншылдық қарым-қатынас қазақ ауылындағы қайшылықтарды сырт көзге бірден көрсетпей, жасырын ұстауға тырысқанымен, ел ішіндегі таптық жік, қоғамдық əділетсіздік, əсіресе, кедейлер өмірінде көзге түспей қалмайтын еді. Қартқожа да есін жия келе осыны көре біледі. Ол өзін кемсітіп, əлімжеттік жасай беретін бай балаларының қылығына қоса, əкесінің əлділерден көрген қорлығын да ойына түйіп өседі. Əлділерге қарсы істер дəрмен өзінде де, əке қолында да жоғы ызаландырады. Кейде: "Əттең, менің кедейлігім-ау! Əйтпесе, солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса, малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатындакүнболар маекен?” депкіжінеді.
Қожа-молда алдына барып сабақ алу, намаз, құран оқып құдайға жалбарыну да Қартқожаны кедейліктен, зорлықтан құтқара алмайды. Ендігі оның арманы – орысша оқу болады. Бірақ бұл – ауылдың кедей баласының қолы жете бермейтін ұзақ жол, тек арман ғана. Қартқожаның Уфа медресесінің шəкірті мен Жүніске кездесуін суреттеу арқылы жазушы оның көкейіндегі арманды ұлғайта түседі, қаћарманын іштей ұзақ ізденіске дайындайды.
Қартқожаның шындықты, əділдікті тануы жолында 1916жыл оқиғаларының маңызы бар. Əуелде патшаға, болысқа қарсы топты көріп, қызықтаған ол бірте-бірте сол іске өзі де араласады. өйткені, жасын өсіріп жазып, болысоныда майданның қаражұмысына алуға жазыпқояды. Осы бір көтерілісшілерімен бірге жүрген күндер Қартқожа үшін үлкен мектеп болғанын көреміз. Бұрын ауыл маңынан ұзамаған бала көп ішінде жүріп, халықтың əрқилы тобын, олардың мінез-құлқын, тіршілігін таниды. Болыстың елге жасап отырған əділетсіздігін, зорлығын көреді. Соған қарсы батыл қол көтерген Дəрмен сияқты азамат жігіттер де ел ішінде барын біледі. "Дүниеде болыстан жауызжанжоқ… Дəрмен біліп жүр екен. өлтірер ме еді!” деген ойҚартқожа басынасондакеледі.
Бірақ құр ызаланған, кектенгені болмаса, Қартқожа ондай кек алу жолына шығаалмайды. Көтерілісбасылып, өзісолдатқаалыныпкетебарады. Баласының көтеріліске қатысқаны үшін жаза тартып, бар малынан айырылып, сорлы əкеқалабереді.
Қартқожаның рухани өсуіне жол ашқан – солдат өмірі. Бұл кезде ол тыс жерде, көрмеген ортада жаңа өмір кешеді, қараңғылықтан жарыққа шыққандай сезінеді. Оның көзін ашып, оң мен солын тануына себеп болған Андрейді ол өлгенше есінде сақтайды. Патшаның тақтан құлауынан кейін елге қайтқан Қартқожа ендігі жерде оқусыз, білімсіз өмір сүру мүмкін еместігін үғынады. Қол қысқалықтың қырсығынан ара-тұра кəсіп қуа жүріп (Баян, Семей, Омбы арасында), ол оқуын жалғастырады. Алашордашылардың тарауы, большевиктердің келуі, қашқан ақ əскерлерінің қылықтары оның əділет, бостандық туралы ұғымдарын толықтырады. Осылардың нəтижесінде ол халық, ел тағдыры, оның досы кім, жауы кім екендігі жайлы ойлануға жетеді. Роман соңында Омбыдан елге оралған Қартқожа ел алдында жігерлі сөз сөйлеп, елді еңбекке, іске шақырады. Ескіні күштеп қиратып, жаңаны мықтап тындырып жатқан қаћарман əрекеті көрінбегенмен, Жүсіпбек Қартқожалардың өмір талқысынан өтіп, əділдік жағын табуын, жаңа дүниеге шығуын суреттеу арқылы жас қазақ əдебиетіне жаңақаћарманның келгенін əйгіледі. Оныңістейтін ісіəліалдаеді.
Қартқожа романда жалғыз емес, оның алды-арты, өскен ортасы, айналасы шығармада жақсы суреттеледі. Əсіресе, оған адамгершіліктің, азаматтықтың, жігіттіктің туындай көрінген қайратты Дəрмен (ол соғыста қолға түсіп, жау қолынан атылады), Қартқожаның оқып, адам болуына көмектесіп жол сілтеген Хасен, окоп жұмысында бірге болған Андрей, кейін Омбыда оны интернатқа орналастырып, оқуына жəрдемдескен Полидуб бейнелері Қартқожаны толықтыра түседі. Əсіресе, Андрей, Полидубтармен кездесулер арқылы жазушы жаңа қоғам орнату жолындағы күресте қол ұстасып бірге жүрген орыс-қазақ халықтарының достығын, орыс адамдарының қарапайым қазақ баласының оң мен солын тануына көмектескенін орынды бейнелейді. Қартқожа Андрей мен Полидубты жақсы көріп, əрдайым еске алып жүреді.
Романда айрықша көзге түсетін нəрсе – көшпелі қазақ аулы өмірінің жүдеулігі, қоғамдық əділетсіздік. Мұны біз Қартқожа туып-өскен ортаның, отбасылық тіршіліктің, ескі ауылдағы əлдінің əлсізге жасаған зорлығы фактыларынан, осы негіздегі қақтығыстардан танимыз. Талапты Қартқожаны оқытпай, ауылға байлап қойған да – осы жоқшылық. "Тастаған шоқпар сорлыға тиеді” дегендей, қырсық та Жұман үйін айналдырып, жұт та алдымен осыларды жалмайды. Кедейдің барлы-жоғын жұтатқан қыс суреті жазушының шебер қолымен жасалған, ол жайсыз табиғат көріністерін көз алдыңа жайып салады. "Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпейді. Қас қараяр-қараймастан күн батыстан шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштай жаман, жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарысып, темір қазықтантаймай, ызғырадыдатұрады”.
Жүсіпбек реализмі ел тіршілігінің, халық тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын жұмсартпай, оның ұнамды-ұнамсыз жақтарын кең суреттейді. Қартқожаның көтерілісшілер ортасында болған кездегі көргендері, жасақтың жиналып, тау арасында босқа жатқан күн көрісі жалпы көшпелі елдің бейжай, берекесіз тіршілігін еске салады. Біреулер уақытты қалай өткізерін білмей, ұсақ-түйекпен алданса, енді біреулер тамақ аңдып, таласып-тармасып жатқаны. өзбасымен ойлап, жоспарлы күрес жүргізіп, ұйымдастырып жатқан ешкім жоқ. Жиналғандар не істерін білмейді. Осындай берекесіз тіршілікке, рулық талас-дауларға алданған жұрттың жеңіске жете алмай, ыдырауы да заңды еді. Қартқожа осыны көреді. Ыдырыс қажы ауылында да ол дағдарған елдің "тасаттық” беріп, босқа шығынданып жатқанына, молданың өз құлқынын көздеген шариғатының алдамшылығына куə болады. "Қазақтың қан жылап жатқаны мынау. Құзғындардың, "жақсылардың”, "адамдардың” түрі анау, мыңдаған, миллиондаған азамат ажалға кетіп барады. Жүздеген жауыздар масайрап, тамақтан басқа қамы жоқ, елді еміп жатады. Олардың жауыз баласы үшін біз жанымызды құрбан етеміз. Не өтесісі, не жақсылығы үшін? Əділет, теңдік, адамшылыққайда?” – деп ойлайды Қартқожа.
Осы жағдайлар біртіндеп Қартқожаны халық жағдайы, оның тағдыры, болашағы туралы ойларға алып келеді. Оның саналы күреске бет бұруына негіз болады. Жазушы оны шығарма соңында ашық айтады. "Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтарға қазақтың неше Жайдархандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та, орыс та Андрейдің, менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді-ау, – деп бір мезет ойлайды. Бірақ ол мүмкін бе? Барлық адам баласының "мінезін, құлқын, жүрегін бір қалыпқа салып шығаруға бола ма?” – деп жазады Жүсіпбек. Бұл үзіндіден халық тағдырын ойлау дəрежесіне көтерілген роман қаћарманының адамды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілігі тұрғысынан бағалайтын адал бауырмалдығын көреміз. Сонымен бірге ол өмірдің бір қалыппен жүрмейтін күрделілігін де түсінеді.
Шығарма қаћарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкіл романның пафосы жатыр. Автор қазақ ортасынан шыққан жас Қартқожаны "елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі – жалынды жастардың” (автордың арнау сөзінен) қатарынан көргісі келеді. Оның халықтық ойларыҚартқожабейнесі арқылы өрбіп дамиды.
Шығарманың шұрайлы тілі – жазушы шеберлігінің айқын көрінісі. Ондағы суреттер ел өмірін, дала тіршілігін, ондағы адамдар ұғым-түсінігін оқырманның көзалдынажайып салыпотырады.
Бұл – "Қартқожаның” жалпы идеялық, тақырыптық маңызына қоса қазақроманыныңтарихындағы көркемдік рөлінде, жаңалығын даашатүседі.
"Ақбілек” – жеке кітап болып басылып үлгермеген шығарма. Ол кезінде "Əйел теңдігі” журналының 1927–1928жылдар ішіндегі бірнеше санында жарияланған. Бірінші рет 1989 жылы Жүсіпбектің таңдамалы шығармаларыішіндежарықкөрді.
"Ақбілек” тақырыбы жағынан "Қартқожа” романымен үндес. Егер "Қартқожада” жазушы ескі қоғамдық құрылыс жағдайында теңсіздікте күн кешкен қазақжігітінің құлдықтан құтылып, азаттық күрес жолынашыққанын суреттесе, "Ақбілекте” де осы идеяны жалғастырады. Мұнда феодалдықрушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бақытын табуы, тең құқылы азамат болуы бейнеленеді. Романның басты кейіпкері Ақбілек əкесіне өшіккен Мұқаш деген жігіттің көрсетуімен қашқан ақ əскерлерінің қолына түсіп, бірқатар қорлық көреді. Одан кейін өз аулында əйелді қолжаулық көрген ортаның азабын шегеді. Ақыры Ақбілек ағасының көмегімен қалаға кетіп, оқу оқып, бақытын табады. Бұл Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа заман туралы ұғымын, соның арқасында кедейлер мен əйелдердің теңдікке ұмтылып, күрес пен бақыт жолынашыққанын суреттеугеталабындəлелдейді.
Осы оқиғалар негізінде Жүсіпбек сол бір аласапыран жылдардағы қазақ аулы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, тынымсыз ізденісті кең бейнелейді. Ескі ауыл мен оның адамдары бойындағы қайшылықты күйлер мен ұғымдар тартысының суреттері, психологиялық толғаныстар жазушы реализмінің байлығын, суреткерлік қарымының кеңдігін көрсетеді. Роман кейіпкерлері заманмен, дəуірмен қабаттаса өзгеріске ілеседі, қоғамнан өзіне лайық орын іздейді. Ол орынды бірі тауып, бірі таба алмай жатса да, жалпы ізденістің беталысы елдің рухани оянуға ұмтылысын аңғартады. СолардыңалдыңғылегіндеАқбілекдегенінежетеді.
Ақбілектің ауылдың етекбастылығынан, алып-қашпа өсек-аяңынан құтылып, қаладан бақытын табуы – жаңа саясаттың жемісі. Ол – білім алып, қатарға қосылған алғашқы қазақ əйелдерінің өкілі. өткеніне, өзі өскен ортаға бүгінгінің көзімен қарайды. "Оқымаған əйел қор ғой. Қапастағы құстай ғой?” деп ойлайды өзінің бүгінгі күйін өз ортасынан аса алмай қалған Кəмиламен салыстырып. Ақбілек пен Балташтың жарастықты жаңа өмірін жазушы басқаларға үлгі етеді. "Ақбілек көрген-білгенін Балташқа айтып келеді… Сөйлескен сайын бірінің білгені біріне ауысады. Кейде Балташ баяндама, отчет жазғанда салмақты Ақбілек көтереді. Ақбілек бірдемеге алданып жатса, Балташ барып тамақ əкеледі. Екеуі бірге күйінеді, бірге сүйінеді. өйткені, дененің басқалығы болмаса, екеуі бір кісіміз деп ойлайды”, деп жазады ол.
Ол – бұрынғы қазақ əйелі басында, əйел мен еркектің арақатынасында болмаған жай. Жаңа өмір əйелді осыған жеткізді, əйел мен еркекті бір қатарға қойды. Кешегі жуас, ұялшақ Ақбілек өнерлі жастардың қатарына қосылып, тек "ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы” атанды. Ақсақалдың өзі де именеді одан. Туған еліне оралып, Алтайдың тауына шыққан Ақбілекке онда өткен өмір ауыртпалықтары, "алай-түлей қараңғы қара күндер барсакелмеске біржола кеткендей, анау алыста, етекте біржола қарасы өшкендей көрінеді. Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнəдəн тазарып, сонау жетіқат көктегі ғарышқа барып, жүрегін алтын легенге малып тұрғандай, анадан жаңадантуғандай тазарады”.
Бүкілшығарманың идеясы автордыңосы сөздеріндежатыр.
Əрине, Ақбілектің бұл күйге жетуі оңай бола салған дүние емес. Жазушы оның қайшылықты тағдырын жеңілдетпей, үлкен психологиялық образ дəрежесіне көтере біледі. Қыздың ақ солдаттарының қолына түскен кездегі, Қарамұртпен кездесулеріндегі жан күйзелісі романда жарқын суреттелген. Осындай күйзелістерде ол жаттың қолына түсіп масқара болғанын намыс көріп, күйінеді, ел бетіне көрінуден жасқанады, өлім тілейді. Бекболатпен қайта тіл табыса бастаған кезде əкесінің үйленуі, оның рулық тартыстарға жақтасып, Бекболатқа қызын беруден бас тартуы, жүкті болып қалу жағдайлары Ақбілек басына түскен ауыртпалықты қоюлата түседі. Міне, осындай үлкен азап жолын өткен қыздың психологиялық күйіне жеңіл қарау да мүмкін емес. Жүсіпбек жасаған образдың ішкі монологқа, толғанысқа құрылуы да осыдан. Көбіне жазушы қыз қайғысын оны қоршаған айнала, табиғат көріністерімен астастырып, кейіпкер басына түскен ауыртпалықтың үлкен бір суретін жасайды. Ақбілек жау қолына түсіп, Қарамұртпен алғашқы кездескентүнсуретімынандай:
"Ұйтқып соққан ызылдақ жел. Ай жоқ. Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғырмақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтыратындай, аш тауықша селдір жұлдызтарыларын бір-бірлепқылқыпжатыр. Жұлдыздармен біргеүмітсəулелері дебір-бірлеп батыпбаражатқандай” .
Романның композициясында, жазылу əдісінде ешқандай қалыптасқан дағды жоқ. Бұрын үлкен прозасы болмаған əдебиетте ондай дағдының болуы да мүмкін емес. Бекболат, ақ офицері, Мұқаш бейнелерін жасауда, портреттерін, ішкі ой-сезімдерін ашуда жазушы олардың өз ұғымына сүйенеді, кейіпкердің монологы үлгісін пайдаланады. Романның төртінші бөлімінің уақиғалары, яғни, Ақбілектің жаңа өмірі екі əйелдің (Ақбілек пен Кəмиланың) əңгімесі түрінде жалғастырылады. Кейде күнделік араласып кетеді. Əсіресе Ақбала – Ақбілек – Балташ арасындағы қарым-қатынасты суреттеуде жазушы осы үлгіге көбірек жүгінеді. Мұның бəрін образ ашудың жолдары ретінде қолданады. Сондықтан ондағы образдар даəрқилы, жарқын. Солардың іс-əрекеті, тіршілігі негізінде сол кездегі қазақ аулы өмірінің шындығын, оған біртіндеп кіре бастаған өзгерістер мен жаңаруларды көркем бейнелейді. Осы ретте Ақбілектің атастырылған, өзара көңілі жарасқан жары, момын, тағдыр өлшемінен аса алмаған Бекболат, кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып, пайдаға құныққан Мұқаш (тегі кедей жігіттің кейін өз қателері жайлы ойлана бастағаны да нанымды), қаладағы əрқилы типтерден ескі беделін сүйеніш қып жүрген Ықаң мен Тыпаң, жаңа дəуір адамдары – Ақбала, Доға, Балташ, Жорғабек, тағы басқалар жап-жақсы əсер қалдыратынын айтуға болады. Жаңа өмір құрудың күрделілігі жас азаматтарды да əрқилы жолға салып, екшеп жатқанын көреміз. Бұлардың бəрінен Балташ ақыл-ойы толысқан ұстамды қайраткер боп шығады. Басында едəуір үміт күттірген Ақбала нақты істен гөрі сөзге үйір, қиялшылдау болып кеткені көрінеді. Кеңес өкіметі берген беделін арақ пен қызқұмарлыққа салып, азған Доға да, тіршілігі ептеумен, жылпостықпен өткен Жорғабек те өмірден азаматтық жол таба алмайды. Осылармен алғашқы кездесуде (Төлеген үйінде) жазушы сол дəуірдің бірсыпыра өзекті мəселелерін, қазақ аулын кеңес жолына тартудың қайшылықты жайларын сөз етеді. Романдағы пікірлердің бір кезде басшылыққа ұнамай, күшпен басылып-жаншылып қалған əрқилы халықтық ойларды бүгінгі заманда еске түсіріп, оның шындығын, талас-тартыстың табиғатын түсінуде едəуір маңызы бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!