Ортаңғы таптың қоғамдағы маңызы

Ортаңғы таптың қоғамдағы маңызы

Ортаңғы таптың қоғамдағы маңызы

Ортаңғы тап қоғамда аса ерекше роль атқарады, оны адам баласының омыртқасымен теңестіруге болады, ол тұрақты, әрі бір қалыптылығын сақтайды. Бұл топқа кіретіндер көбінесе экономикалық тәуелсізідігі бар адамдар немесе белгілі бір кәсіп иелері жатады. Және де бұл қасиеттер әрбір қоғамда жоғары бағаланады.
Ғалымдар, молдалар, дәрігерлер, адвокаттар, менеджерлер, банкирлер және меншік иелері социалдық негізін құрайды. Ортаңғы тап жоқ жердегі қоғам тұрақсыз болып келеді.
Ортаңғы тап ұғымы XVII ғасырдың аяғында Англия жерінде мықты жер иеленушілерге және өте кедей адамдарға қарсы болған жеке меншік иелердің ерекше топтарын сипаттауға қолданған.
Кейіннен бұл ұғым уақыт келе дамып, біздің күндерімізге жетті.
Ортаңғы тап –дүниежүзілік тарихтағы тамаша құбылыс. Өйткені ол адамзат тарихында болып көрмеген екен. Қоғамда өзіне тән қызметті атқарады. Ортаңғы тап – қоғам реттеуші. Егер оның сан көбірек болса, төңкерістер, ұлтаралық конфликтілер, социалдық катаклизмдер аз болады.
Бұл топқа өз өмірін өз қолымен жасағандар жатады, яғни осы өмір осылай қалуына үлкен қызығушылық танытады. Ортаңғы тап екі үлкен полюс түзеді – байлар мен кедейлер, және олардың бір-біріне қақтығысуна жол бермейді. Егерде екі полюс бір-біріне жақындаса үлкен қауіп төнеді және керісінше.
Ортаңғы тап -ұсақ және орта бизнестің ең үлкен тұтынушысы болып таблады. Осы тап көбірек болса, ұсақ бизнес аяғына нық тұрады.
Қоғамда орталықтың болуы бірте-бірте демократияға әкелетін жолдардың бірі.

3 Дамыған елдердегі ортаңғы таптың дамуы (АҚШ)

Қазіргі кезде АҚШ-тың қоғамын төрт негізгі тапқа бөлуге болады: жоғарғы, орта, жұмысшы және төменгі тап және әрқайсысы, жұмысшы таптан өзгесі, өзара үш топқа бөлінеді. 50 жылға созылған социалогиялық зерттеулердің мәліметтері мынадай көрініс тапты: 1947-1987 жылдар арасында өздерін жоғарғы тапқа жататын деп есептегендер -3-4%, ортаңғы тапқа -43-47%, жұмысшы табына -51-43%, төменгі тапқа -1-5%.
Көбінесе өте бай (жылына 200 млн$), және өте кедей жылына 6,5 мың$-дан кем) екі таптық стратификация полюстер арасында ортаңғы тап орын тепкен. Оның көп мүшелері – жұмысшы тап өкілдерінен шыққан.
Және де осы таптың жоғарғы бөлімін – ортаңғы таптың жоғарғы қабаты деп аталады. Бұл қабаттың мүшелерінің табыс деңгейі және өмір сүру стильі жоғарғы ттаптың өмір сүру деңгейіне өте жақын. Оған кіретіндер: маман иелері, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, бизнесмендер, программистер және тағы басқалары жатады.
Специалисттер ортаңғы таптың ортаңғы бөлігіне кіреді, өйткені специалист деген мағына кем дегенде колледжді бітіру деңгейімен тең.
Профессионал дегеніміз университетті бітіру деңгейі және үлкен тәжірибесі бар, өзінің жұмыс істейтін аймағында көптеген жаңалық ашқан адамды айтамыз. Бұл атақ өте бағалы. Олардың саны шектеулі және өкіметіне қадағаланады.
Ортаңғы таптың төменгі бөлігіне квалификациясы төмендеу, цехтағы мстелер, клерктер кіреді. Осы клерк мамандығына тоқтала кетейік. 1851-1981 жылдар аралығында олардың жұмысшылар арасында жалпы үлесі 1%-тен 16%-ке дейін өсті, ал әйелдер арасында -10%-тен 74%-ке дейңн өсті. Бұл оқиғаны социологтар «конторлық еңбектің фемиизациялануы» деп атаған. XIX ғасыр аяғында клерк мамандығы өте беделді болған. Ал қазіргі кезде бұл жұмыспен тек әйелдер шұғылданады және секретарлық жұмысымен теңестіруге болады.
Дәл қазір АҚШ-та тап жалпы тұрғындардың 60%-ын алады
Оның пайда болуы және саны жүргізіліп жатқан реформалардың позитивті екендігіне дәлел болады. Егерде жан-жақты дамыған қоғам өзінің күшіне сенетін болса, Қазақстанның экономикасына салынған ақша бекер кетпейтініне кәміл сенімдімін. Және де «оқу-мамандық-табыс-статус» деген қағида әр адамның ойына «арманға әкелетін жол» болып санасына жазылар.
Әлеуметтік тұрақтылықтың құпиясы оп-оңай: әр адам өзінің тәжірибесі арқылы мемлекетте жасаған істерінің жемісін жей алатындағына көз жеткізу керек. Қазақстанның қалыптасуына үлес қосатындар келешекте осы істің жақсы жақтарына қол жеткізе алады. Ортаңғы таптың Қазақстанда көп болуы – көпшіліктің алда келе жатқанына мысал бола алады және жақсы реформалардың жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Сондықтан реформалардың ортаңғы тапқа тигізетін әсері өте үлкен.
Қай заманда болмасын ортаңғы тап өзіне не керектігін жақсы білген: табыс пен тұрақтылық. Егерде қоғам осы тапты қанағаттандырса - ортаңғы тап елің қорғайды және елдің табысын бірнеше есеге көбейткендей еді. Керісінше болған жағдайда –мемлекетті құлатқандай еді.
Тәуелсіз Қазақстан өмірін жаңадан бастап келе жатқанда ортаңғы таптың жағдайы жақсы болған – мамандығының жоғары деңгейі мен табатын табыстың тең болуы. Бәрімізге белгілі, ортаңғы тап әлеуметтік теңсіздік кезінде қиын қалыптасады.
Ортаңғы таптың еңбегінің арқасында әлем байлықтарына қол жеткізе алдық. Ол арқылы Батыс Еуропа елдерінің, Оңтүстік Азия елдерінің өмір деңгейі өскен болатын. Ал қазіргі кезде Қазақстанда ортаңғы таптың жағдайы өте мүшкіл. Гидденс былай деген екен: Жаңа заманға бейімделе алмаған және қиын жағдайда керекті қадамдар жасай алмайтын еңбекшілер жоғарғы таптың ойыншығына айналары сөзсіз.
Мықты және көп санды ортаңғы таптың жоқ болғандықтан Қазақстан энергиялық өндірістен ғылымды қажет ететін өндіріске қол жеткізуі қиын. Бірақ ештеңке өзгермейді деген тұжырымнан алшақ болайық. Қазіргі кезде мемлекеттің қоғамға деген көзқарасын өзгерту керек.
Америка экономика станциясы пайда бола бастағанда, олар басқарудың жаңа бағыттарын іздей бастады.
Экономикалық политиканың Этатистско корпоритивті моделі АҚШ-та 1 Дүниежүзілік соғыс кезінде және ХХ ғасырларды соғыс кезінде және ХХ ғасырлардың 30- жылдарында жақсы нәтижелерге жеткен болатын. Бұл кезекте АҚШ нарықты, монополияны қадағалауға, жалақыны көбейтуге, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлген. Егерде АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойы либералдық нарықтық тәжірибесімен нарықты басқаруды ауадай қажет деп санаса, жаңадан нарықтық қатынасқа енді кірейін деп жатқан Қазақстан туралы не айта аламыз?
Бұрынғы КСРО қармағында болған елдерді зерттейтін шет елдердің эксперттері былай дейді: Социализмдегі артықшылықтарды капитализмнің артықшылығымен өзгертпей-ақ, тезірек экономикалық реформалар жасау керек. Тіпті алда келе жатқан Батыс елдері аралас экономиканың өз елдерінде болғанын қалайды. Қазіргі кезде экономикалық бірлестіктердің қолына күш бергеніміз жөн болар. Өйткені тек экономикалық корпорациялар қиын заманнан құтқаратын бірден бір жолы болатын еді. Келеңсіз жағдайлар орын алып жатса, өкімет көмектесіп, қадағалап тұруы тиіс. Жеке меншіктік қатынастың дамы мемлекетпен тығыз қарым-қатынаста жүруі тиіс. Ал бұл ортаңғы таптың өсудің және қалыптасудың бір амалы.
Қазақстанға сабақ ретінде Оңтүстік – Шығыс Азия елінің ортаңғы табы бола алады. Олардың байсалдығына қарамастан, олар тек 20-30 жыл ғана өмір сүрген болатын.
Реформа кезеңінде ортаңғы тап термині өзінің кеңестік мағынасын өзгертпеген, яғни « әрқайсының орталық позициясы (барлығымен тең болу)». Батыс елдердегі социалдық феномен мен Қазақстандық ортаңғы таптың аналог арасында айырмашылық бар. Реформаларға дейін Қазақстанда білім алудың негізгі тұтынушысы болып орта тап саналған. Оның арқасында мемлекеттің байлығы мен әлеуметтік тұрақтылық пайда болған. Реформа кезіндегі білім алудың қымбаттауы, әлеуметтік статустың төмендеуі Қазақстандағы орта таптың деклассификация проблемасымен бетпе-бет келді. Ортаңғы таптың біртіндеп құлдырауы қоғамда келеңсіз жағдайлар туғызады. Осы кезде екі ауытқу басталады:
- элитаның қайта құрылуы;
- төменнің қайта құрылуы (біздің мысал).
Екі ауытқуда қоғамды құлдырата алады. Батыс елдер осы проблемадан шығудың жолын тапты: өкіметтің көмегімен жеке меншік кәсіп иелеріне жақсы жағдай жасап, қоғамды көтерген болатын. Ал Қазақстанды мысал ретінде алатын болсақ, жеке меншік кәсіп иелерін көтеру арқылы жүзеге асуы керек.
Менің ойымша, ортаңғы таптың дамуы бүкіл Қазақстанды қиын жағдайдан әр мезетте шығарып әкететіне кәміл сенемін ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?