Тарих | Қазақтың жүздері

Тарих | Қазақтың жүздері

Ұлы Жүз

Балқаш, яғни Теңіз көліне құятұғын Қаратал өзенінен Сырдария һәм Шыршық өзеніне шейін Қаңлы, Дулат нәсілі. Бұл Дулат бұрыңғы Чуйский нәсілінен. Арғы түбі Қара қырғыздан шыққан. Ғайса пайғамбардан 150 жыл бұрын күнбатыстағы Алатауға келген. Сол Дулаттың оң тұс күнбатысына келген көп Қаңлы және Қаңлының Шанышқылы деген табы ұлы жүздің ең көбі Дулат болған. Оның ішінде ботбай, шымыр, сиқым, жаныс, албан, суан. Албаннан шыққандары: қызыл бөрік, қоңыр бөрік, айт бозым, сегіз сары, құрман,әлжан, қиыстық және Іле өзенінің сол тұс жағында ескі үйсін нәсілінен сары үйсін бар. Оның рулары – құттымбет, жанай, жолай, танай, жан досай, құлүке, қырық деген.
Ұлы жүздің Дулаттан соңғы көбі Жалайыр болған. Оның рулары: андас, мырза, қара шапан, орақты, Сыпатай.
Жалайыр бұрыңғы уақытта бек көп ел болған және ұлы жүздің Шапырашты, Ысты дегендері Алматыға қарайды. Сіргелі мен Ошақты Сырдарияға жақын. Бұл төртеуі Қаңлыдан шыққан.
Ұлы жүздің энциклопедиялық анықтамасы – қазақ халқының этгикалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.

Ұраны: Қауға беріп қойға қой
Таңба: Нәл таңбасы Ω

Кіші Жүз

Аристов – кіші жүзді орта жүзден бөлінген алшын табы дейді. Левшин сөзінше кіші жүздегі рулар ең басты елі алшын, оған жетіру деген елдерді атақты Тәуке хан қосқан. Бұл күнде кіші жүз үш ру: әлімұлы, байұлы, жетіру. Әлімұлы алты ру: қарасақал, қара кесек, қытай, төртқара, шөмекей шекті.
Байұлы он екі ру: адай, жаппас, алаша, байбақты, масқар, беріш, таздар, есентемір, шеркеш, тана, қызылғұрт, шайығлар.
Жеті рулар: табын, тама, кердері, керейіт, жағалбайлы, тілеу, рамадан.
Бұлардың ішінде орта жүз арғыннан аталар бар екенін білерсіз және кіші жүз ішінде біздің тоқал арғын деп алатұғын саржетім – шақшақтың нәсілі бар екені анық, бірақ жоғары аталардың ішінде анық аты ұқсағаны жоқ, олай да болса, және бұл кіші жүзден әр руынан бөлініп, 1801 жылы Бөкей ханға еріп, Орал суынан ары өтіп, көшкен.
Кіші жүз – энциклопедиялық анықтама бойынша қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың, ежелгі халықтардың бірлескен одағы, әкімшілік аймақ.

Ұраны: Найза беріп жауға қой
Таңба: Жебе таңбасы →}

Орта Жүз

1220 жыл шамасында бұрыңғы қырғыз жерінің, Самарқаның күншығысыменен оң тұс арасында арғын, найман, керей деген елдер араласып көшіп жүрді. Осы күнде орта жүз қазақтары Лепсі, Қапал уездерінде олар Жетісу облсысында және Семей, Ақмола облыстарында түгел бар және Сырдария, Торғай облыстарында бір бөлігі бар және Қытайға қараған қызай, байжігіттер бар.
Орта жүздің рулары: қыпшақ, қоңырат, қара қырғыз, керей, найман, уақ,төлеңгіт, тарақты, арғын.

Ұраны: Қалам беріп дауға қой
Таңба: Босаға таңбасы ∏ ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?