Экономика | Аралас экономиканың мазмұны

Экономика | Аралас экономиканың мазмұны

І ТАРАУ. ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДЕГI АРАЛАС ЭКОНОМИКА ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ IЛIМДЕРI
Әр түрлі елдердiң қазіргі экономикасын аралас зкономика деп сипаттауға болады, бірак АҚШ-тың немесе ГФР-ның экономикасын өтпелі деп айтуға келмейдi. АҚШ-тың, ГФР-ның экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жаткан қоғамдық-экономикалық кұрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан, бiз АҚШ-тың немесе ГФР-нің экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономмкалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсiнiгi бойынша айқындайды. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капиталлизмнің немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгiлi сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас ұғымын анықтайды және оның мынадай белгілерін атап өтуге болады. Алдымен аралас экономика өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс" деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: "Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі - бизнесмендерді қорғаушы күш қызмет көрсетумен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өндірістерді дамытудагы бірден-бір мүдде сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшiн мемлекеттік реттеуді енгізу керек". Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістiң экономикасында классикалық тауар өндірісінiң жоқтығын білдіреді.

ІІ ТАРАУ. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс - аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғылымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргiзудің екі түрі, аралас экономиканың алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдігі шын нақты қатынастарды айкындайды. Аралас экономика өзiнiң бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арассындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынасгарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінiң екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтаған. Аралас экономикада ешкiмді, ештеңенi ешқандай қыстау, қинау жоқ. Мұнда табиғи эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс "ескертуімен" өзгерiп, жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндай жаңа өндіріс әдісінің пiсiп-жетiлуiнде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінiң екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңалануы, мәндік қатынастары өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнiнде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалган кезге қамтымайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрi емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы, бұл тауарлы өндірістiң заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелi экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсете
2.1. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕЛГIЛЕРI

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердiң өсуі азамат коғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларына да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермелейдi: "Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы адамзат құрылымның интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа өтудің күәсі болар... ол экономикалық тиімділiкгі түсінгені iзгiлiкпен қосуға бағытталган" мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті, мәнді мойындау бар.
Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу ірі өнеркәсiптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндiрiстiң индустриаландыруы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістiң өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесiнде өмірге, қоғамдық машинаға сүйеніп өз бойына қарама-қарсы екі тенденция қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндiрiстiң бұл өтпелі жағдайы нарық қатынас дамуының жаңа сатысын - аралас экономиканы туғызады.
Тауарлы өндiрiс - аралас экономика, өйткенi мұнда ұжымдық өндiрiс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірiстiң заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлi формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсiлi табиғи жолмен басқа тәсiлiне ауысып отырады.
Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндiрiс әдiстерiнде болады. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистiк өндірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм де емес десек, онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды

2.2. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

Аралас экономиканың алғашқы көрінісі - экономика реттеудің мемлекеттiң араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттiң экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді. Бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі - мемлекетпен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін бiлдiрiп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлерi мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.
Аралас экономиканың басты белгісі - мемлекеттік меншiк. Айталык, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техникада игеруде ерекше бiлiнеді. Қазіргі ондірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерiн қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.
Мемлекеттік меншіктің пайда болуы - тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдiгін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көп түрлiлiгi тән, мұнда жеке-дара ұжымдық мешінктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану баскарудың мемлекеттік және басқа да органдарда жүреді, бұлар кеңістік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендiретiн мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде "тұрақтандыру саясатына салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолданылуы".
Жапония аталған шаралардан басқаларын да жүргізеді. Олар: "бүкіл экономика үшін ұзақ мерзiмдi индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен анықталады". Жапонияның, мысалы, индустриалдық дамуы жоғары және посиндустриалдық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.
Аралас экономиканың мәнді бір сипаты - микро-макро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, баскарудың ролінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары ролінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердiң салдарынан болады. Қарастырып отырған аралас экономиканың белгiлерінің тағы бір жағы жекеленген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған кәсіпорындарға, фирмаларға ауысуы. Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару қызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардыц көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндiктерiне қарап өкім шығаруы - бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтық берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуiрiндегi экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілi бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретiнде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қана қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Бұл шеңбердiң ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерді қамтуынан айқын білінеді. Олар тауар эаңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінiң күрделенуімен, элементтерінiң жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.


2.3. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

Экономика өзiмен-өзi бола алмайды деп санаған Джон М.Кейнс. Ортақ ерiктi бiлдiрiтетiн экономикалық саясат – бұл тәуелсiз айнымалыларға: тұтынуға бейiмдiлiк, капиталдың шектi тиiмдiлiгi және пайыз мөлшерi, ал ол арқылы жұмыспен қамтылуға және ұлттық табысқа әсер ету үшiн құрылған мемлекеттiк реттеу. Кейнс ақша-несие және салық саясатына iш тартады, ал мемлекеттендiруге скептикалық түрде қарайды.
Мильтон Фридмен жағымды экономикалық бiлiмдердi нормативтi саяси iс-әрекет құрылатын iргетас ретiнде бағалайды. Саясат әсiресе шешiм қабылдауда ғылымнан гөрi өнерге жатады.
Вальтер Ойкен экономикалқы саясатты экономикалық үрдiстерге әсер ететiн мемлкеттiк шаралардың жиынтығы ретiнде түсiнген. Экономикалық саясаттың шешушi мақсаты қажетсiз, қатерлi тенденциялардың пайда болуына әкелмейтiн жағдайларды туғызудан тұрады деп көрсеткенг В.Ойкен.
Авторитарлық тәртiп тәуелсiз нарықтық саясатын жүзеге асыра алатындығы туралы мифтi туғызған чилилiк тәжiрибе, ереженi растайтын ерекшелiк болыр табылады. Диктатура нарықтық жүйеге қайшы келедi, өйткенi бiрiншiсi көндiруге, екiншiсi ерiктiлiкке негiзделедi. ХVII ғ. меркантилистерi – нормативтi экономикалық теорияның пионерлерi, үкiмет жағынан жете басқару шаруашылық аймақта тәртiптi қамтамасыз етуi мүмкiн деп жазды. Олар мемлекеттiк басқару әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қамтамасыз ететiн құрал деп таныды.
ХХ ғасыр мемлекеттiң экономикаға қатысуының жаппай дерлiк нығаюымен белгiленген болатын.
ХIХ ғ. екiншi жартысынан ұлттық өндiрiс бұрын-соңд болмаған масштабқа жеттi. Ғасырдың соңы ғылыми-техникалық дамудағы жарылыспен, өрлеумен және бiрқатар жаңа салалардың пайда болуымен, яғни қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен байланысты. Осы жағдайлардың бәрi үйлестiруде, пропорционалды макродеңгейде ұстауда, антициклдiк реттеуде сұранысты туғызды.
Монополиялық құрылымдардың жағынан: картель, синдикат, олигополиялардың нарыққа басып кiруi басталды. Осы жағдайларда бәсекелестiктi қамтамасыз ету үшiн антимонополиялық заңдарды шығару және оларды мемлкеттiк құралдармен iске асыру қажет болды.
Мемлекеттiк реттеу әлеуметтiк саясатты жалпы кең мағынада әлеуметтендiру стратегиясын iске асыру үшiн қажет болды. Ұйымдық тұтыну немесе қоғамдық қажеттiлiктердi (денсаулық сақтау, бiлiм беру, кедейлерге көмектесу және т.б.) қанағаттандыру мемлекеттiк тетiктер мен ұйымдастыруларды пайдаланусыз мүмкiн емес. Бүгiнгi күнде iргелi ғылыми зерттеулердi, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттiк қолдауды үйымдастыру қажеттiлiгiн ерекше атап кеткен жөн.
Мемлекеттiк реттеу, нарық өзiнiң табиғаты бойынша қамтамасыз ете алмайтын жаңа экономикалық қажеттiлiктердiң пайда болуымен байланысты.
В.Ойкенге сәйкес экономиканы келесi түрде бейнелеуге болады:
- экономикалық үрдiстердiң жиынтығы
- экономикалық тәртiптердiң әр түрлерi
- экономикалық саясат
Тарихи тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша өндiрiстiң дамуы, жаратылыстану мен қолданбалы ғылымдардың, бiр жағынан және экономикалық тәртiптердiң жағдайының, екiншi жағынан, арасында теңсiздiк бар, экономикалық тәртiптердiң артта қалуы қалыпты жағдай саналады.
Вальтер Ойкен экономикалық тәртiп деп нарықтық шаруашылықтың шектеулi жағдайын бiлген, яғни шаруашылық жүргiзушi субъектiлер шешiм қаьылдауға және қайнда да бiр iс-әрекеттердi орындауға қабiлеттi болу үшiн қажеттi мәлiметтер жиынтығын беретiн институциялар жиынтығы.
Шаруашылық тәртiп – мемлекет қандай мөлшерде экономикалық дамуды реттеп, көмектесiп отыратындығыны және шектеулi ресурстар кезiнде, қалайша мемлекет органдары шаруашылық тәртiпке енгiзiлетiндiгiн көрсетедi.
Экономикалық тәртiптiң құрамына сонымен қатар ережелер және жарлықтар шығаратын кәсiпкерлiк одақтар кiредi.
Тарихи тәжiрибенi жүйелей келiп В.Ойкен экономикалық саясаттардың келесi типологиясын ұсынды: iс-әрекеттер еркiндiгi, экономиканы орталықтандырылған, толық немесе жарым-жартылай басқару саясаты; орташа жол саясаты; бәсекелестiк түрiндегi саясчат және үзiктi саясат.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!