Жүсіп Баласағұни

  Жүсіп Баласағұни

Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.

Ақылмен iс қылған бек елге сүйкiмдi болады.

Бiреудi үйрету — өзiңнiң қайталап үйренуiң.

Қайда жүрсең де өзiңдi тiзгiндеп ұста.

Ойлауы мен сөйлеуi қоса жетiлген адам ғана жан-жақты жетiлген адам.

Ақылды адамдардың сөзi көрiктi де, сүйкiмдi болады.

Адам салқын қанды, тұрақты, жақсы мiнездi болуы керек.

Адамға оның ақылы ғана дос.

Парасат — қараңғыдағы шырақ.

Ақылдылықпен ел биле, бiлiмдiлiкпен жұртты аузыңа қарат.

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Бек қызыққа құмар болса, қалған елдің күні қараң.

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.

Қыңыр сөз – күйдіргі.

Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде.

Не дер екен мейірімі мол кісі:
Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.
Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –
Дәулет болар алсаң соның ақылын.
Мейірімнен шынайы леп еседі,
Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі.

Сүйгенін көрсе көңіл күлімдейді,
Қоштасар зары жүрек тілімдейді.
Кездесу көңілді мәз өрлетеді,
Қоштасу қайғысы құр шерлі етеді.

Сүйгенін қоштасуға кім қиыпты,
Шері оның теңізден де тұңғиық-ты.

Сүйген адам жүзінен-ақ болжайды,
Жағын ашса – сөз білдірер ол жайды.
Білгің келсе – байқа сүйер, сүймесін,
Тік қараған көз қарасы толғайды.

Айтты Өгдүлміш: «ойға мынау түйгенім,
Бір қараса білер адам сүйгенін».

Жылуы жоқ жүрек – қуыс кеуде.

Көрінеді тілден түйсік, білімде
Біле білсең жарылқаушы – тіліңде.

Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
Қолда өсір - ұстай көрме алыста жат.
Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер тәртібі-есі

Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын.

Білімдінің - аты өсер, білімсіздің - аты өшер.

Адамды білім сақтайды.

Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.

Әділдік жолын өзің аш.

Қылыш - ел шауып, қазына құрайды.

Әділдік әкімдіктен күшті.

Сөздің де уы бар.

Түзу қисықпен жараспас,
Ез игіге қараспас.

Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады.

Бұл жалған бергенін алар, жиғаныңды шашар.

Әділ сөз ащы көрінер.

Қоштасу — жүрекке салмақ.

Бәлеқорды байытпа, тәкаппарды өсірме.

Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара.

Саулық тілеп, табыс күтсең ісіңнен,
Жарамайтын сөз шығарма ісіңнен.

Бәлеқор жаныңда болса, бәледен бас алмассың.

Жарамсақтықтың жолы — жіңішке.

Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды,
Өсиеті дананың — біл нақылды;
Адамға тән қасиет ішсе — тынар,
Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар!

Әркім — ақ шарап ішсе мас болады,
Іштегі барлық сыры паш болады.
Білімді ішсе — наданның кейпін киіп,
Надан ішсе — жасайды масқараны.

Халық тарықса - үкімет жұтайды.

Халық бүлінсе - саясат түзейді.

Өміріңді байлық қыл — пайдасы болсын ізгілік.

Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.

Өлім — ғибрат.

Дүние — сарай, адам — керуен.

Бұ жалған бергенін — алар, жиғаныңды — шешер.

Тірі адам — табылар.

Өлім келсе - өкінбей-ақ бара бер,
Зарлағанмен естімейді қара жер.

Жасық жас - өкінішпен өседі, қайратты қарт — тыныш өмір кешеді.

Әзіз тірлік - білімдіде.

Бұл өмірді беріпті ғой азапқа — қызық қуып, бос өткізіп азайтпа!

Өмірдің гүлі — жігіттік шақ.

Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.

Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.

Адам өмірі — қылдан нәзік.

Ақыл керек білім таңдап оларға,
Білім керек жақсы іске қарауға.

Жатқан — тұрар, көтерілген — отырар, жарық — сөнер, жүрген кісі — тоқтар.

Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан,
Оны қуып несіне адам құмартқан?!

Өмір — күшті, өлім — одан да күшті.

Бұл дүниеде екі-ақ есік бар: бірі - өмірге қарай ашылады, екіншісі - өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам — екінші есікке де енеді.

Балалық өтті дегенше — жігіттік жетті десеңші.

Өткен өмірді қайтара алмайсың.

Бұ дүние көлеңкедей ойнайды: қусаң — қашар, қашсаң — сенен қалмайды.

Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі.

Қызғаныш қайда болса, ұрыс сол жерде.

Ұлың менен қызың — жарқыраған екі көзің.

Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.

Ғашық адам белгі берер түстен де —
Ол білінер көзі көзге түскенде.

Сабыр етсең - ісің оңға асады,
Шүкір қылсаң - жамандық та қашады.

Шыдамдының айы оңынан туар.

Ұстамды бол, сабыр ет!

Ата өлсе — бала аман.

Шүкіршілік қылғанға шыр бітер.

Тағдырың бүгін — мұнда, ертең — анда айдайды.

Ұл туса — әкеге тартар.

Атаның орны балаға қалады.

Ұстамсыз бәлеге ұрынар.

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Білім — теңіз, түбі де, шегі де жоқ.

Жай адамға бай адамның жүгін артпас болар.

Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.

Болса да қол қысқа - шағынба болмысқа.

Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын.

Жер үстінде адам өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Кісі - өлер, сөз - қалар.

Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.

Өзіңе қарай дос таңда,
Күшіңе қарай жүк көтер.

Үйренер нәрсең — білім және ұғым.

Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл.

Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле өлгенше соны таныр қиядан.

Құрсақта біткен мінез - қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді - өлгенше өзгерте алмайсың.

Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін.

Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда

Ақылсыз басты қылығы танытады.

Білім — адам баласының ортақ қазынасы.

Ақылсыз адам —мәуесіз ағаш секілді.

Ақымақ — ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.

Тіл - елшінің қылышы.

Тоқ адам асты таңдап ішеді,
Аш адам тамағынан өткенді ішеді.

Кісі айыбын ашып айтқаннан, жапқан жақсы.

Тіл - қылыштан да өткір.

Кісіні танымақ болсаң - ісіне қара.

Ұят-жаман ойдың жүгені.

Пәле-жала жолын ұят кеседі,
Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі.
Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп,
Жарасады қуанышқа көрік боп.
Адал ар мен ақ көңіл де еленер-
Екі жалған бақытына бөленер.

Маңайлама ар-ұяттан безгенге,
Мыңдап алғыс инабатты сезгенге.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...