Иоганн Вольфганг фон Гёте

 Иоганн Вольфганг фон Гёте

Майдалардың арасында жүрсең, ұсақтайсың. Ал iрiлердiң арасында өзiң де өсесiң.

Бiр проблеманың шешiмiнен екiншi проблема туындайды.

Көп ойланған кiсi әрқашан жақсы шешiм таба бермейдi.

Өжеттiкке үйрене алмайсың, одан жаңыла да алмайсың.

Өзіңе сенші! Сол кезде өмірді қалай сүру керек екенін бірден ұғасың.

Уақытты бағалаңыздар! Күндер келмеске кетіп жатыр.

Адам өмірінің ең биік шыңы — жастық.

Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдыру ең қиын нәрсе.

Әркім түсінгенін естиді.

Қызықшыл дырду өмір — күні бұрын жеткен кәрілік.

Адамдардың мінезі олардың нені күлкілі санайтындарынан бәрінен гөрі жақсы көрінеді.

Адам өмірінің биік шыңы — жастық.

Қам-қарекетсіз өмір сүру — мезгілсіз қартаю.

Өзі үшін әрекеттенген азап шегеді. Өзгелер үшін еңбек еткен адам олардың қуанышына да ортақтасады.

Қайыршының кейпі күншілдің көңілін алаңдатпайды.

Адамның шын мәнісіндегі нағыз артықшылығы ғылымда.

Ақын аз жазып, көп сурет салуы қажет.

Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады.

Ақылы тар адам өз пікірін өзгеге таңуға бейім болады.

Даналық дегеніміз - шындық.

Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.

Бақыт барын салып еңбектенгенге бұйырады.

Ұлылардың өзі өзіңіз секілді қарапайым адам екенін ұмытпаңыз.

Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын.

Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең.

Адамның мінезі жайлы білгіңіз келсе, оның өзіне пайда әкелмейтін адамдармен қалай сөйлесетініне назар аударыңыз.

Өзіңді өз қабілеттеріңнен жоғары бағалаудың керегі жоқ және өзіңді кемсітудің де керегі жоқ.

Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек.

Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның мойнында.

Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады.

Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.

Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады.

Әркім өз түсінгенін естиді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады