Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

2. Ғалам. Жер. Адам

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;

 Бағалау критерийлері:

1.Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтай алады;

2. Мұхиттардың ауданын, шайып жатқан материктерін, жер бедерін, суының қасиеттерін, климатын, құрамдас бөліктерін, ағыстарын карта бойынша анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар жоспар бойынша мұхиттардың табиғат ерекшеліктерін анықтап, ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Мұхит, географиялық орны, флора, фауна, жылы ағыс, суық ағыс, бұғаз, шығанақ, теңіз, суасты жотасы, жанартау, жер бедері.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

... мұхитының табиғат ерекшеліктері ...

... мұхитының географиялық орны ...

… мұхит түбінің жер бедері …

 Құндылықтарды дарыту

 

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Мұхиттардағы жануарларды анықтау барысында биология пәнімен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта мұхиттардың зерттеу тарихын сипаттады.

Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында мұхиттардың зерттелу тарихын сипаттау арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушыларға мұхиттарды зерттеген ғалымдардың суреттері таратылып беріледі. Оқушылар топтарда жұмыс жасай отырып, бұл ғалымдардың кім екенін анықтайды және қандай мұхитты зерттеуге үлес қосқанын анықтайды.

1 сурет – Чарльз Уайвилл Томсон. 1872 – 1876 жж. Ағылшын ғылым академиясының ұйымдастыруымен жүзеге асқан дүниежүзілік мұхиттанушылық экспедицияның ғылыми жетекшісі. Экспедиция «Челленджер» кемесімен жүргізілді. Еңбектерінің нәтижесі 50 томдық кітап болып жарыққа шықты.

2 сурет – Жак Ив Кусто. Француздық мұхиттанушы. Дүниежүзілік мұхитты зерттеуші. Аквалангты алғаш ойлап шығарған ғалым.

3 сурет – Васко да Гама. Португалдық теңізші. Үндістанға теңіз жолын ашты. Атлант және Үнді мұхиттарын жүзіп өтті.

4 сурет – Фернан Магеллан. Дүниежүзін айналып жүзіп шықты. Жер шарының шар тәрізді екенін дәлелдеді. Тынық мұхитына атау берді.

Дескрипторлар

Оқушы

-Ғалымдарды дұрыс анықтайды;

-Ғалымдардың дүниежүзілік мұхитты зерттеуге қосқан үлесін сипаттайды.

Топтар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін бағалайды.

-Дүниежүзілік мұхит табиғатының ерекшеліктері туралы не білесіздер?

Әр топ кезекпен мысалдар, фактілер келтіреді.

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10-15

15-20

20-30

30-35

4. Бейнеролик «Дүниежүзілік мұхит».

Бейнеролик қарамастан бұрын, оқушыларды бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап беретіндері бойынша ескерту қажет.

-Ең үлкен мұхит қандай мұхит?

-Ең кішкентай мұхит қандай мұхит?

-Мұхиттарды зерттеген қандай басқа да саяхатшылар, зерттеушілер бар?

5. Мұғалімнің түсіндірме жұмысы. Мұғалім оқушыларға мұхит жер бедерін, қасиеттерін, құрамдас бөліктерін түсіндіреді.

6. Жоспар бойынша сипаттау. Оқушылар мәтінді және атласты пайдалана отырып, өздеріне берілген мұхиттарды жоспар бойынша сипаттайды. Нәтижесін постер түрінде көрсетіп, сыныпқа ұсынады.

Мұхитты сипаттау жоспары:

1. Мұхиттың қандай материктер арасында орналасқанын және басқа да мұхиттармен байланысын анықтаңыз.

2. Экваторға және бастапқы меридианға қатысты орнын анықтаңыз.

3. Мұхиттың ауданын анықтаңыз.

4. Осы мұхиттың теңіздерін, шығанақтарын, бұғаздарын анықтаңыздар.

5. Мұхит түбі жер бедерін сипаттаңыз: ең терең және орташа тереңдігін анықтаңыздар.

6. Климатын сипаттаңыз: климаттық белдеулерін жазыңыздар.

7. Осы мұхиттың негізгі мұхит ағыстарын анықтаңыз.

1 топ: Тынық мұхиты

2 топ: Атлант мұхиты

3 топ: Үнді мұхиты

4 топ: Солтүстік Мұзды мұхит

Дескрипторлар

Оқушы

-Мұхит шайып жатқан материктерді анықтайды;

-Басқа мұхиттармен байланысын анықтайды;

-Мұхиттың экваторға, бастапқы меридианға қатысты орнын анықтайды;

-Мұхиттың ауданын анықтайды;

-Мұхиттың құрамдас бөліктерін анықтайды;

-Мұхиттың жер бедерін сипаттайды;

Кесіп өтетін климаттық белдеулерді анықтайды;

-Мұхит ағыстарын анықтайды.

Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.

7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды. Оқушылар дайын жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

Бейнеролик

«Дүниежүзілік

мұхит»

Қосымша 2

Сабақтың соңы:

35-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтау арқылы рефлексия жасайды.

-Сабақта мен білдім ...

-Сабақта мен түсіндім ...

-Сабақта қиын болды үйрендім ...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады.

5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың картамен жұмыс жасау дағдыларын бағалау.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Қосымша 1

Ғалымдардың суреттері

Қосымша 2

Мәтін «Мұхиттар»

 Тынық мұхиты. Тынық мұхиты — барлық мұхиттардың ішіндегі ең үлкені және ең көнесі. Оның аумағы 178,6 млн. км². Мұхитты тұңғыш рет 1519 жылы Фернан Магеллан жүзіп өтті. Үш ай бойы Ф. Магеллан кемелері, бірде-бір дауылға түспеген себептен, Магеллан оны Тынық мұхиты деп атап кеткен. Мұхит флора мен фаунаға бай. Онда жануарлардың 100 мыңға жуық түрі бар. Тынық мұхит аймағында алып дауылдар болады. Алып толқындардың орташа жылдамдығы шамамен сағатына 750 км болуы мүмкін. Тынық мұхитта, тереңдігі 10 км-ден асатын бірнеше шұңғымалар бар. Бұл атақты Мариан, Филиппин және Тонга шұңғымалары. Ғалымдар мұндай тереңдікте өмір сүретін жануарлардың 20 түрін анықтаған. Мұхитта жанартаулар өте көп.

 Атлант мұхиты. Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Үнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91,7 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхит түбінде, негізінен, жасыл және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Суық және қоңыржай белдеуінде сүт қоректілерден – кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және қамбала кездеседі. Тропиктік белдеуде кашалот, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиолярийлер тараған. Құстардан фрегат, альбатрос, пингвин, т.б. мекендейді.

 Үнді мұхиты. Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж.) бері жинала бастады. Ауданы теңіздерімен қоса есептегенде 76,17 млн. км², орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы). Үнді мұхит тропиктік және оңтүстік қоңыржай белдеулерді алып жатыр. Маржан құрылыстарында түрлі омыртқасыздардың аса бай фаунасының өкілдері: губкалар, құрттар, крабтар, ұлулар, т.б. мекендейді. Жағалаудың көп жерін мангр тоғайлары алып жатыр. Мұхит жануарларының негізгі массасын конепода шаяндары құрайды (түрі 100-ден астам). Басқа омыртқасыздардан қанат аяқты ұлулар, медузалар, т.б. жаппай тараған. Балықтардан ұшар балық, тунец, желкен балық көп, түрлі акулалар, теңіз жыландары, теңіз тасбақасы, ірі теңіз сүтқоректілері (кит, ескек аяқтылар), құстардан альбатрос, фрегат пингвиннің бірнеше түрі тіршілік етеді.

 Солтүстік Мұзды мұхит. Солтүстік Мұзды Мұхит — Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауданы 14,75 млн. км². Орташа тереңдігі 1225 м, ең терең жері – 5527 м. Солтүстік Мұзды мұхиттың суық бөліктеріне қатал климаттық жағдайларды: белуга, поляр аюы, морж, мөр төзімді жануарлар мекендейді. Солтүстік Еуропалық бассейндегі неғұрлым қолайлы сулар арқасында жануарлар әлемі әр түрлі болып келеді. Сол жерде қазір жойылып кету қауіпінде тұрған гренландиялық киттер өмір сүреді. Өмірлік процестердің баяу ағымы Солтүстік Мұзды мұхит тұрғындарында ұзақ өмір сүргіштік қабілетін дамытты. Гренландиялық кит әлемдегі ең ұзақ өмір сүретін жануар болып табылады.

Ақпарат көздері:https://zhazar.kz/3172-2/

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%82%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%82_%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B8%D1%82%D1%8B

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%BD%D0%B4%D1%96_%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B8%D1%82%D1%8B

https://zhazar.kz/%D1%81%D0%BE%D0%BB%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA-%D0%BC%D2%B1%D0%B7%D0%B4%D1%8B-%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B8%D1%82-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B5%D1%82/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу