Зиянды әдеттер. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім: 2-бөлім. Жанды табиғат. Адам

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:22.11.17

Мұғалім: Молдахметов Досан Серикбаевич

Сынып: 5В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Зиянды әдеттер

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

5.2.3.3 - зиянды әдеттердің адам денсаулығына кері әсер етуін түсіндіру

5.1.2.1 - зерттеуді өздігінен жоспарлау;

5.1.2.3- зерттеу нәтижесін жазбаша ұсыну

 Сабақтың мақсаты

  • шылым шегу, ішімдік және есірткіні қолданудың денсаулыққа тигізер зияны туралы түсінік қалыаптастыру;
  • адам денсаулығына шылым шегудің тигізетін кері әсерін түсіндіреді;

зертеу жұмысының барысы мен нәтижесіне болжам жасайды;

Бағалау критерийі

Зянды әдеттің адам денсаулығына кері әсер етуін түсіндіреді

зертеу жұмысының барысы мен нәтижесіне болжам жасайды;

 Тілдік мақсаттар

Келесі терминдер мен сөз тіркестерінен тұрады:

Оқушылар:

Зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін зияны туралы ауызша және жазбаша баяндайды.

  • иммунитет, ауру, жұқпалы ауры, зиян

Талдауға сауалдар:

Зиянды әдеттер дегеніміз…

  • Иммунитет қабілеті …

Алдыңғы білім

Дұрыс тамақтану мен жұқпалы инфекциялар

Жоспар

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақ кезіндегі жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақ басы

0-3 мин.

(К) 1 Ұйымдастыру кезеңі

а) Жұмыс жасауға жағдай жасау ә) Оқушылардың сабаққа кірісуіне психологиялық дайындық жасау

Қойылатын сауалдар: -Кім дені сау және мықты азамат болғысы келеді?

-Адам денсаулығына не әсер етеді? Еске түсірейік.

-Салауатты өмір салтын ұстану дегенді қалай түсінесіңдер?

-Денсаулыққа не зиянын тигізеді?

Презентация

4-5 мин

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-25 мин

25-38 мин

(П) Уйге берілген эссе жұмыстарын тексеру. «Автор орындығына» отырып 2-3 оқушы эсселерін оқиды.

Бағалау критерийі:

Дескрипторлар:

- эссенің құрылымы сақталған (кіріспе, негізгі бөлімі, қорытынды)

- негізгі бөлімі тезис пен аргументтерден тұрады;

- соңында өз қорытындысы бар.

(Ұ, К) Мақсатын ашу

Сабағымыздың ұраны.

Денсаулыққа пайдалыны

Мен ойлаймын,

Мен талқылаймын,

Өзім таңдау жасаймын.

-Мына балалардың қайсысы салауатты өмір салтын ұстайды, қайсы жоқ? Оны қайдан білдіңдер?

Сабаққа қатысты неігізгі тірек сөздерді оқыңдар:

Шылымшегу Курение smoking

Денешыныктыру Зарядка drill

Ішімдікқе салыну Алкоголизм alcoholism dipsomania

Есіртке Наркотики narcotic

Спортпен айналысу Занятия спортом athletics

Төменде берілген сөздердің ішінен қайсы денсаулықты нығайтады, ал қайсысы зиян келтіреді.

-Тақтада берілген зиянды әдеттерді тағы бір рет оқыңдар.

Бұл сабағымыздың жоспары:

Бүгінгі сабағымызда мына сауалдарға жауап іздейміз:

Қандай зиянды әдеттер бар?

Неліктен шылым шегу денсаулыққа зиянды?

Темекінің зардабы. Өкпенің монологы...

Бұзылғандай реңі мына заманның,

Санасы да уланғандай адамның,

Маскүнем мен нашақорға айналған,

Бір кездегі батыр ұлы даламның.

Темекінің түтінін будақтатып,

Мәз болады бір істі тындырғандай,

Өн бойына «у» мен «дертті» жинап алып,

Өз тағдырын өздері сындырғандай.

Бұл қорлыққа шыдамады бір күні,

Ашуланған өкпенің де шықты үні:

"Әуел баста қанқызыл өкпе едім,

Алау оттай жалындап, дем сыйлаған.

Адамзаттың баласына өкпеледім,

Темекімен тынысын тұмшалаған.

Ойламасаң, өзіңді ойламағын,

Ойласаңшы болашақ ұрпағыңды,

Санасыздық дертіне бойламағын…

Бойламағын, бір сәтке ойлансаңшы!

Ей адамзат мен саған ақыл айтам,

Тыңда қане құлақ сал:

Жүрегіңде қан барда,

Пайдасы көп, зияны жоқ,

Тастағайсың шылымыңды,

Өн бойыңда жан барда."

Ал осы өлең жолдары туралы қандай ой бөлісесіңдер? талдау жасайық.

(Т) Оқушылар топта зерттеушілік жұымысын жасауға байланысты тапсырмалар алып, болжау мен қорытынды жасайды.

1 тәжірибе.

Тәжірибе көрсету үшін бір шылым, шамалы мақта және пластик бөтелкесі қажет. Тұталған шылымды бөтелке ішіне салып, аузы мақтамен жабылады.

Атаулы тәжірибенің болжамын жазыңдар.

Дифференциация үшін нұсқаулар:

1.Болжам құру ой ұсыныстарынан басталады. Осыған байланысты білетін білімдеріңмен өз ойларыңмен бөлісулеріне болады. Айтылған тұжырымдарың болжам болуы үшін белгілі критерийге сай болуы керек.

2.Жасалатын болжамның бірінші критерийі оны тәжірибе арқылы жасау. Тәжірибе жасау сендер үшін болжам жасауға арналған емтихан сияқты. Егер сендердің тұжырымдарың тәжірибе арқылы расталған болса сендер дұрыс жолдасыңдар.

4. Екінші критерийі ол нақтылық. Барлық айтылған тұжырымдарды жинақтап бір шешімге келу. Жасалған болжамдар логикалық жағынан құрылымы сақталған, қорытынды ойды ешібір қайшылық болмауы керек.

5. Айтылған болжамдар мынадай сөздерден басталулары керек:

Егер де ……, онда…..

Егер былай ойласақ ….

Менің ойымша, егер….

Зертеу жұмысының қорытындысы мен нақты тұжырымдар нәтижесі.

Шылым шегуден бөлінген газдан мақта қараяды.

Тәжірибе соңына қойылатын сауал: Сендердің болжамдарың расталды ма?

№2 тәжірибе.

  • Бір тартылмаған шылым мен тартылған шылымның фильтрлерін алу.
  • Екі фильтрдің ішін ашып салыстыру.
  • Тәжірибенің болжамын жазыңыз.
  • Қорытынды жасау.

 

Қорытынды:Тартылған шылымның фильтрі қара қоңыр түсті себебі оның құрамында шайыр мен никотин құрамы бар.

№3 тәжірибе.

  •  1 стаканға бірдей көлемде су құйылады.
  •  1 стаканға тартылған шылымның, ал 2 стаканға толық шылымның фильтрін саламыз.
  •  Стакан ішіндегі суды бұлғаймыз.

 

Қорытынды: Ерітінді түстерінде ешібр айырмашылық жоқ.

2. Әмбебап индикатор қағазының көмегімен ерітінді құрамын тексеру.

 

Қорытынды: Қышқылды ортада лакмус қағазы қызыл түске боялады. СО2, S02 және N02 заттары сумен әрекеттесуі арқылы қышқылдар түзіледі.

CO2 + H2O ↔ H2CO3көмір қышқылы

SO2 + H2O → H2SO3 күкірт қышқылы

NO2 + H2O+ О2 → HNO3 азот қышқылы

«Шылым шегудің зияны» жайлы видеофильмін тамашалау.

Задание перед просмотром;

Рассказать все, что вы узнали о сигаретах и вреде курения по цепочке.

https://www.twig-bilim.kz/ru/film/whats-in-a-cigarette

Топ спикері қызыл, сары және жасыл түсті магниттерді бағалау кестесінің белгілі бөлігіне қойып бағалайды.

Жасыл түс - 4-5 дәлел келтіріп негізгі ақпарат берді.

Сары -3-4 дәлел келтіріп толық емес ақпарат берді

Қызыл – 1-2 дәлел келтіріп, ақпарат беруде қиналды.

Бағалау критерийі: көрсетілген бейне фильмнен алынған ақпартапен бөліседі:

Дескрипторлар:

шылымның құрамын біледі

шылымның келтіретін зиянын біледі

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

Қосымша:

Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.Никотин – ол өсімдіктен жаралған, ең бір қауіпті у-дың бірі. Егер никотинге батырған әйнек таяқты тек оның тұмсығана жақындатса ғана болды, құс өліп қалады. Үйдің қояны никотинның ¼ тамшысынан, ал ит – ½ тамшысынан өледі. Адамды өлтіретін никотинның мөлшері 50-ден 100- мг дейін, немесе 2-3 тамшы құрайды. Дәл осы мөлшер күн сайын, 20-25 сигарет тартқаннан кейін, қанға сінеді. (бір сигаретте шамамен 6-8 мг никотин бар, олардың 3-4 мг қаңға түседі). Бұ мөлшер бір қабылдағанда емес, біртіндеп, түскеннен кейін ғана, темекішіл өлмейді. Оның үстіне, никотинның жартысы, темекідегі басқа у-ды формальдегидті- бейтараптандырады. 30-жыл ішінде мұндай темекішіл, орташа 800 г никотинді жұтып, шамамен 20 000 сигарет, немесе 160 кг темекі тартады. Кішкене, өлімді емес мөлшердегі никотинды жүйелі түрде жұту, шылым шегу әдет құмарлығын туындатады.

-Қатерлі аурулар неге әкеліп соғады? Қалай ойлайсыңдар?

Шылым түтінінің құрамына 4200 заттар болады.

https://www.youtube.com/watch?v=nXsu4I9_a5g

Презентация

https://twig-bilim.kz/kz/list/biology/healthy-living/substance-misuse

Сабақтың соңы

38-40 мин

Қорытынды.

Жағдаят: егер саған жолдастарың шылым шегуді ұсынса сендер қалайша жауап бере едіңдер?

Ал енді парта үстіндеге срепканы алып оны майыстырыңдар. Жеңіл майысады. Ал енді қайрадан түзеп бастапқы орнына келтіріңдерші. Не айта аласыңдар?

Сол сияқты біз денсаулығымызға зиян келтіру оңай да, ал оны түзету қиынға соғады.

Рефлексия:

100%, 50%,25 %

Үй тапсырмасы. шылым шегуші адамға еркін хат жазу.

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ба? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік.

АКТ-мен байланыстар.

Құндылықтармен байланыстар (тәрбие элементтері).

Сабақ барысында ҚТ сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу