Ауа райы қандай болады? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 А бөлім: ҒАРЫШ

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 8.02.2016 ж.

Мұғалімнің аты-жөні : Сарыева А.Т.

Сынып: 1В

Пән: Ғылымға кіріспе

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жер атмосферасы. Ауа райы қандай болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

6.1 Ғарыш

 Сабақтың мақсаттары

1.6.1.3 Табиғаттың адам өмірі үшін маңызды екенін түсіну. Ауа райы туралы білімдерін кеңейту.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар бақылау және салыстыру арқылы ауа райының өзгеріп тұратынын түсінеді;

Ауа райына байланысты анықтама береді;

Табиғи құбылыстарының адам өміріндегі маңыздылығымен танысады.

 Сөздік қор

Ауа райы, табиғат құбылыстары, суық, жаңбырлы, құрғақ, ашық, желді, жылы.

 Құндылықтарды дарыту

Өзара түсіністікке, көмек көрсете білуге тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Жұмбақтарды оқу мен жауаптарын жазу барысында «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнімен байланыс жүзеге асады

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар Жердің шар тәріздес екенін түсініп, осы білімдерін математикалық пішіндерге қатысты қолдана отырып, глобуспен жұмыс істеуді үйренген. Сондай-ақ, олар біздің өміріміз үшін Жер атмосферасының маңыздылығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Өткен сабақтың тақырыбын еске түсіре отырып, сұрақтар ұсыну:

  • Атмосфераны не ластайды?
  • Атмосфераны ластанудан қорғау үшін қандай ережелер ұсынар едіңдер?

ОМ қою.

Ауа райын сипаттайтын суреттер;

Жеке парақтарда берілген тапсырмалар;

Сабақ ортасы

, Т, ЖЖ) Жаңа сабақты тақырыпқа байланысты оқулықта берілген суреттерге назар аудартудан бастау.

  • Мына суретке қарап не айта аласыңдар?
  • Ауа райы дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Ауа райы қандай болады?
  • Тұман қандай болатын көрдіңдер ме?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін алдымен жеке ойлануларын сұрау. Содан соң ойын жұбына айтуды ұсыну. 4 жұптың жауабын кезекпен тыңдау. Тілді дамыту мақсатында төмендегі жұмысты ұйымдастыру.

  • - Сендерге қандай ауа райы ұнайды? Осы сұраққа жауапты «Мен ... ауа райын ұнатамын» - деген сөйлемді шеңберде жалғастыруды ұсыну.
  • Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, қиналатын оқушыларға көмектесу.

Ауа райын болжау жайлы видео материал ұсыну.

Ауа райын сипаттауды үйрету мақсатында келесі тапсырма ұсыну. Оқушыларды 4 топқа біріктіру. Әр топқа әртүрлі мәтіндері бар үлестірмелі парақшалар тарату.

1. Радиодан берілген хабар: жолаушылар ұшып бара жатқан ұшақ қай жерге қонарын білмей жатыр, өйткені аспан тұман, еш нәрсе көрінбейді.

2. Ыстық. Аспанда ақ бұлттар қалықтап жүр, ауа жеңіл және ыстық.

3. Аспанды бұлт басты. Жел қатты соғып, дауыл басталғалы тұр.

4. Аспан бұлтты, дымқыл тұман жерді басып тұр. Бірнеше күннен бері жаңбыр жауып, қатты жел соғып тұр.

Оларға 4 суреттен тарату. Оқушылар мәтіндерінде айтылған ауа райына сәйкес суретті тауып, мәтіннің көмегімен ауа райын сипаттауға дайындалады.

Оқушылардың айтылымын тыңдау.

(Ө) Оқушыларға жеке парақтарға жазылған жұмбақтарды ұсынып, төменде берілген жауаптарын тауып алу және жұмбақтың қасына жауабын жазу тапсырылады. Мұнда оқушылардың оқылым, жазылым дағдылары дами түседі және табиғи құбылыстар туралы білімдері кеңейтіледі.

1. Көшіп жүріп желменен,

Сеуіп шықтым тамшысын,

Қыраттарға шөлдеген. ................................

2. Қолы жоқ, сурет салады,

Аузы жоқ, тістеп алады. .................................

3. Ағаштарды шайқайды,

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді! .................................

4. Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді. .................................

5. аспан түйді қабағын,

Сұр пердесін керді де. ................................

( Аяз, бұлт, жел, тұман, жаңбыр)

(МК) Оқушыларға ырым-тыйымдар туралы мәлімет беру және бірнешеуін оқып беру.

  • Мысық пешке тығылса, аяз болады.
  • Қой тісін қайраса, боран немесе дауыл болады.
  • Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол болып шығады.
  • Ит аунаса, жақында жаңбыр болады.

Сабақтың соңы

(Ө) Сабақтың соңында оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін байқау мақсатында өзіндік жұмыс ұйымдастыру.

1. Ауа райын сипаттайтын сөздердің астын сызуды тапсыру.

СУЫҚ, КІШКЕНТАЙ, ЖАҢБЫРЛЫ, ҚҰРҒАҚ, АШЫҚ, Ж ІҢІШКЕ, ТАР, ҮЛКЕН, ЖЕЛДІ, ЖАЛПАҚ, ЖЫЛЫ

2. Ауа райына сәйкес киім мен аяқ киімнің суреттерін сызық арқылы қосу тапсырылады.

Рефлексия. «Басбармақ»

сабақта барлығы түсінікті және қызықты болса, басбармақты жоғары, түсініксіз жерлері болса, басбармақты төмен түсіруді ұсынып, төмен түсірген оқушылардан себебін білу.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұмбақтарды шешуге қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. Оқушыларға жұптаса бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерінің оянуына септесу.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу