1 сынып Қазақ тілі және әдебиеті 8 – бөлім «Дені саудың – жаны сау» Спорт туралы әңгіме оқу САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 – бөлім «Дені саудың – жаны сау» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||
Сабақтың тақырыбы | Спорт туралы әңгімені оқу. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады 1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды 1.2.3.1 Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді 1.2.2.1 Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды | ||||
Сабақтың мақсаттары | Тұтас, дауыстап, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдыларын қалыптастыру; Басты кейіпкерлерін анықтауды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табуға үйрету; | ||||
Жетістік критерийлері | Оқушы
| ||||
Сөздік қор
| Ауыршаң, денесі нәзік, бел буды, шұғылдану, «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі», «Жанға - дауа, қолға – күш». | ||||
Құндылықтарды дарыту | Салауатты өмір салтын қалыптастыру | ||||
Пәнаралық байланыстар | «Өнер», «Дене шынықтыру» | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Дауыстап, дауыс ырғағын келтіріп оқиды | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | 1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру . Сымбат - мүсін дегеніңБітім – көркі денеңнің.Сымбат – жүру әдемі,Дене қалпын тік ұстап:Көтеріп сәл кеудені,Иық жазып дұрыстап.Түзу отыр, қисаймай,Бүкіреймей, жантаймай.Күш сап бас пен арқаға,Жатып алма партаға. 2.Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтап алу |
Сабақтың ортасы
| (Ұ) Бірлескен жұмыс ұйымдастыру. - Кітаптың мұқабасын мұқият қараңдар. - Бұл әдеби шығарма ма, әлде әдеби емес пе? - Ол не туралы болуы мүмкін? - Тақырыбын оқыңдар. Тақырыбынан нені білуге болады? (МК, Ұ) Әңгімені оқу.
Таныс емес сөздермен жұмыс. -Мен әңгімені тағы бір рет оқып беремін. Ал сендер таныс емес сөздерді белгілеп отырыңдар. Сөздер мен сөз тіркестерін әртүрлі тәсілдермен түсіндіру: 1.Таныс емес сөздер кездескен сөйлемді соңына дейін оқып,түсініксіз сөзді мағынасына қарай өздерің түсіндіріп көріңдер. 2.Мұғалімнің түсіндірмесі. Ауыршаң, денесі нәзік, бел буды, шұғылдану. Аудио жазылым арқылы әңгімені тыңдау. -Әңгімені түсінуге не көмектеседі? Дауыс ырғағы , кідіріс, екпін, мәнері көмектесе ма? (Ұ,Ө) Әңгімені өздігінен оқу.
«Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі», «Жанға - дауа, қолға – күш».
Көзге арналған жаттығу орындауды ұсыну. Нақыл сөздерді дәптерге жазып алуды ұсыну. «Эмоция шкаласын» құру. (Т) Оқушыларға әңгімені тағы да тыңдауды ұсыну. Оқушыларды 4-5 баладан топтастыру. Әңгімені бөліктерге бөліп оқыту. 1.Әңгіменің басы. 2. Әңгіменің ортасы. 3. Әңгіменің соңы. - Әңгіменің басын оқығанда қандай сезімде болдыңдар? - Әңгіменің ортасын оқығанда ше? - Әңгіменің соңын оқығанда, қандай көңіл-күйде болдыңдар? - Флипчартқа 0-ден 10-ға дейінгі шкаланың суретін салыңдар. Ол эмоция шкаласы болады.
-Кейіпкердің эмоциясына қай сан сәйкес келеді? - Ол бақытты ма? - Неге? | Сюжетті сурет;сөздер жазылған жолақшалар | ||
Сабақтың соңы | -Сабақта не үйрендік? | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету. | Оқушылардың сұрақтарға жауап бергендерін, оқығандарын, талқылауға қатысқандарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау. | Көзге арналған жаттығу жасату. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?