2.Сауат ашу_1-сынып_6-бөлім_Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті_141-сабақ__ Ойын ережесін құра аламын. Ч дыбысы мен әрпі__Презентация


«Сауат ашу» пәні

1-сынып

6-бөлім

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

Ойын ережесін құра аламын. Ч дыбысы мен әрпі

(«Сауат ашу» оқулығы 1- сынып. Жұмабаева А., «Атамұра», 2016 ж.)

Құрастырған: Каирова К.У.

Оқу мақсаттары

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.5.1 мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Бағалау критерийлері

- әріпті танып, ажырату арқылы оны дыбыспен сәйкестендіріп, дұрыс оқиды;

- сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату арқылы дұрыс дыбыстайды;

- оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады;

- мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя біледі және қойылған сұраққа жауап береді;

- жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

«Тиісті әріпті қой» ойыны

Көп нүктенің орнына Э, Е, Я, А, Ю, У әріптерінің тиістісін қой.

Шыққан сөздермен сөйлем құрап айт.

...тік, ...таж, Са...н, но...н, а...ла, то..., а...н, қо...,...кипаж, а...лдама.

Сөздер:

етік, этаж, Саян, ноян, аяла, тою, аян, қою, экипаж, аялдама.

Көркем жазу

Біз чемпион боламыз

Болашақта сен кім боласың?

Біз чемпион боламыз,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Торғай боп та ұшамыз,

Чик-чирик, чик-чирик.

Би билеп те аламыз,

Ча-ча-ча, ча-ча-ча.

Орнымызды табамыз,

Қолға қалам аламыз.

Үй тапсырмасы:

«Қазақстан чемпиондары» тақырыбына мәтін құра.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу