2.Сауат ашу_1-сынып_6-бөлім_Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті_143-сабақ_ Ойын ережесін құра аламын. ъ таңбасы__Презентация


«Сауат ашу» пәні

1-сынып

6-бөлім

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

Ойын ережесін құра аламын. ъ таңбасы

(«Сауат ашу» оқулығы 1- сынып. Жұмабаева А., «Атамұра», 2016 ж.)

Құрастырған: Каирова К.У.

Оқу мақсаттары

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжау

1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін құрап жазу

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Бағалау критерийлері

- әріпті танып, ажырату арқылы оны дыбыспен сәйкестендіріп, дұрыс оқиды;

- дыбыстардың сөздегі қызметін түсініп (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқиды;

- сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату арқылы дұрыс дыбыстайды;

- мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжайды;

- мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін құрап жазады;

- сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды;

Сөз мағыналарын түсіндіру.

Разъездпойыздың шағын елді мекендерде тоқтап тұратын жері.

Подъезд кіреберіс, көп қабатты үйлерде болады.

Съезд - жиналыс,отырыс,кеңес

Көркем жазу

Хат үлгісі:

Сәлем хат

Ата, әже, халдеріңіз қалай? Ауырмай-сырқамай жүрсіздер ме? Көкем не істеп жатыр? Біз де аман-саумыз.

Әкем мен анам жұмыстарында. Мен мектепте оқып жүрмін.

Сабақ үлгерімім, тәртібім жақсы. Жазғы демалысқа санаулы күндер қалды. Демалыста бәріміз ауылға барамыз. Мен сіздерді қатты сағындым. Көріскенше сау болыңыздар.

Сәлем жолдаушы немереңіз Самат

«Адасқан әріптер» ойыны

Қандай ұлттық ойындарды білесің?

Адасқан әріптер

н т х а л п й

қ у р ы п с а д

й г б ә

у т р а н қ

Дұрыс үлгісі:

Ойын аттары

ханталапай

аударыспақ

бәйге

арқан тарту

Тірек сөздер:

арқан, топ, төреші, тарту, сызық, жеңіледі, сызықтан өтсе. белгі.

Алтын ереже

тақырыптан ауытқымау;

берілген тақырыпқа сәйкес сөздерді орынды қолдану;

сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау;

«Арқан тарту » ойынының ережесі

Жерге сызық сызылады. Арқанның екі жақ шетінен ойнаушылар ұстап тұрады. Төреші белгі берген кезде екі жақ арқанды өздеріне қарай тартады. Қай топ сызықтан асып кетсе, сол топ жеңіледі.

Үй тапсырмасы:

Досыңды туған күнімен құттықта.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу