Ъ (айыру белгісі)


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сауат ашу

Бекітемін: _________________________

Оқу ісінің меңгерушісі: А. Алимова

Ортақ тақырып:: Саяхат

Тақырыпша: Хат жазу

Мектеп: Ж.Мырзағалиев

Күні:29.01.16ж

Мұғалімнің аты-жөні: Саттарова Бакыт

Сабақтың тақырыбы

110-сабақ: ъ (айыру белгісі)

Сынып: 1

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:

1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке

дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.3.9.4. Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын

үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жаза білу

1.3.12.2. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып,

гигиеналық талаптарға сай жазу .

Табыс критерийлері:

Барлық оқушылар білуге тиісті:

. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Оқушылардың көпшілігі:

Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын

үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жаза біледі

Дыбыстық талдау жұмыстарын дәлелдемелермен орындайды.

Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін түрлі дереккөздерді қолдана алады.

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазады.

Осыған дейін меңгерілген білім:

Оқушылар көркем және көркем емес мәтін үлгілерімен таныс және сөздерді оқу үшін әртүрлі стратегияларды қолдана алады.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімнің көмегімен оқыған шығарманың тақырыбын, оқиғаның басын, ортасын және соңын анықтайды. Қажетті жалқы есімдер мен даталарды есте сақтайды. Пунктуациялық нормаларды сақтайды.

Керекті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:

Білу

4-5 минут

(МК) Оқушыларды кәмпиттің түрін таңдау арқылы топқа бөліп алу. «Ойымды аяқта» ойынын ойнату. Топ мүшелеріне бір ғана сөз жазылған парақшалар ұсыну. Сол сөздің мағынасын тауып, келесі жаңа сөзді тауып жазу.

Мысалы: Қайың (келесі сөзіміз осы сөздің мағынасы не екенін тауып, сол сөздің басқы әрпінен келетін сөз айту. Яғни ағаш сөзінің бас әрпі А), Астана (бұл қаланың атауы, яғни келесі сөз қ әрпінен басталатын сөз айтады) т.б.

Біз әріптер әлеміне кішігірім саяхат жасадық.

– Саяхат дегеніміз не?

– Саяхатқа шығар болсаң, жолға не алар едің?

– Қайда барар едің?

(Бұл сабақты бастаудың 1-түрі. 2-түрі: компас, сағат, рюкзак ұсынып. Бұл заттардың арасындағы байланыс не екенін анықтатуға болады. Алдыңғы сабақтарды еске түсіру).

) Алдыңғы оқушының айтқан ойын жалғастырады. (Тапсырманы барлық сынып оқушыларына орындату міндетті емес. Күніне сабақ басында бір топқа ғана орындатып отырсаңыз болады).

Мағынаны тану

Түсіну 5-6 минут

– Ендеше, келесі аялдама не болатынын білгілерің келе ме?

Жаңа әріппен танысу жұмысы жүреді. Дыбысталу ерекшелігіне тоқталу.

Сөздер қатарымен жұмыс.

) Жаңа әріппен танысады.

Қолдану

3-4 минут

Жазылым

8-10 минут

Қол жаттығуы

1 минут

«Саяхат картасы» әдісі

1.Жаңа әріппен танысу

Ъ белгісіне байланысты мағлұмат беру

2.Хат жазу

1-топ:Перизаттың атасы – альпинист. Ертең – атасының мерейтойы. Ол атасын құттықтағысы келіп, қолына қаламын алды. Қағаздың басына “Құрметті ата!” деп жазып қойды. Әншейінде толып жатқан әдемі сөздер есіне түссейші.

Тапсырма: Перизатқа көмекке кел.

2-топ:Сәлем хат

Самат разъезде тұратын атасы мен әжесін қатты сағынды.

Сол сағынышын тілі жеткенше айтып хат жазбақ болды. Торкөз дәптерден екі парақ

жыртып алды. Ақ қағаздың басына “Сәлем хат” деп үлкен әріптермен жазып қойды да, Өз ойын әңгімеледі.

Ата, әже, халдарыңыз қалай? Ауырмай-сырқамай жүрсіздер ме?

Көкем не істеп жатыр? Бізде аман-саумыз ...

Тапсырма: Саматтың хатын жалғастырып көр

3-топ: Ерасылдың жазған хатын оқы.

Қадірлі аташым!

Мен әріптерді оқып бітірдім. Енді ешкімнің көмегінсіз оқи да, жаза да аламын.

Ең алғашқы хатымды Сізге арнап отырмын.

Тапсырма: Ерасылдың хатын аяқта.

) Топта ақылдаса отырып орындайды.

Талдау

5 минут

Жазылым

8-10 минут

Қол жаттығуы

1 минут

«Топтастыру» құру.

) Жаттығудың арқасында сөзді дұрыс жазады

Ойтолғаныс

Жинақтау

«Үш сөйлем»

– бірінші сөйлем: пікір

– екінші сөйлем: дәлел

– үшінші сөйлем: қорытынды.

(Ө, Т) топта ой бөліседі.

4-5 минут

Бағалау

смайликтер

Қосымша ақпарат

Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы:

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі:

Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді: Оқушылардың белсенділігі:

Сабақтың мақсатына жету жолындағы қадамдардың маңызы:

Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу