👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеті 4-бөлім Бізді қоршаған әлем Ауа райы туралы сөздер ь белгісі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Бізді қоршаған әлем

Мектеп: Талдықорған қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 15.12.15 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып: 1В

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Ауа райы туралы өлең жазу. «ь» белгісі

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады

1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады

1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді

Сабақ мақсаттары

Әріп пен дыбыстың аражігін ажыраты алады, «ь» әрпі қолданылатын сөздердің емлесін біледі

Суретке қарап, мәтінге қажетті сөздерді табады және олардан сөйлем құрастырады.

Мұғалімнің көмегімен өзі құрастырған мәтінді түзете алады.

Жетістік критерийлері

Қарым-қатынас жасау барысында үйренген жаңа сөздерді тиімді қолдана алады.

Сөздік қор

Бүршік шашып, жапырақ ашып, сұлу көктем, тамаша күн.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пән аралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланысты. Ауа райы жайлы айтып, суретке қарап ауа райын сипаттау барысында дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асады

Алдыңғы меңгерілген білім

Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастыра алады. Өтілген әріптерді қатыстырып, сөздер, сөйлемдер жаза алады.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

(Ұ)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

 Аспан түрді түндігін,

 Жерге сәуле жайылды.

 Неткен ашық күн бүгін,

 Қайырлы күн, қайырлы!

Өткен әріптерді қайталау және оларға мысал келтіру

ОМ анықтау

Ресурстар

Сабақтың ортасы

  • Жаңа әріппен таныстыру.
  • Дыбысталмайтын әріп болуы мүмкін бе?
  • Дыбысталмайтын әріп не үшін қажет деп ойлайсың?

«ь – жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь әріпі бар сөз жіңішке айтылып айтылады. Ь – әріпі орыс тілінен енген дыбыстардың бірі».

2) жұмбақ жасыру

 - Темір аяқты,

 Ағаш таяқты (циркуль)

  • Жұмбақтың жауабын дұрыс айтып көріңдер.
  • Неше дыбыс айтамыз?
  • Неше әріп жазамыз?

2) Берілген сөздердің ішінен:

а) «ь» дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу;

б) «ь» дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу.

 Лагерь – балалардың демалыс орны

 рояль – музыкалық аспап

 

 альбом – 1.сурет салатын арнайы дәптер,

  2.фото сақталатын арнайы жабдық

 циркуль – өлшеуіш құрал

 фильм – кино

 рельс – пойыз жолы

 коньки – сырғанақ жабдығыкомпьютер – техника

-3) Осы сөздерде неше дыбыс бар екенін және неше әріппен жазылатынын анықтау.

4) Сөздерді буынға бөлдіру:

- 1 буынды сөзді тапқызу

- 2 буынды сөзді тапқызу

- 3 буынды сөзді тапқызу

5) Дидактикалық ойын:

«Жоғалған буындар»

..... – бом, ла -....., ро -....., ..... – ки

6) Дәптермен жұмыс

- ь әрпінің жазылу түрін көрсету

- Ауада жазу

- Тақтаға жазу

- ь әрпіне берілген сөздерді жаздыру

Оқулықпен жұмыс

Өлең жаттату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту

- «Лагерь жыры» өлеңін оқу

- Өлең не туралы екенін түсіндіру

- Өлеңді хормен оқу, есте сақтау

7) Суретпен жұмыс

Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ой-өрісін кеңейту.

8) Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Сурет бойынша мәтін құрастыру үшін қолдау көрсету:

  • Мәтінді қандай сөйлемнен бастауға болады?
  • Қандай оқиға болуы мүмкін?
  • Құрастырған сөйлеміңді тыңдаушыға қызықты болу үшін қайта құра аласың ба?
  • Қандай сөз қосуға болады? (Сөйлемнің тыныс белгісін сақтап жазуына көңіл бөлу)

Құрастырған мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату

9) Ауа райы туралы өлең жазу. Өлеңдегі ұйқас сөздерді бірге анықтау.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып,

Шуағын бізге шашады.

Көктем

Тамшы, тамшы, тамшылар

Көгерді ағаш, тал шынар.

Тамшылардан өнетін,

Тамаша гүлдер бар шығар.

Суреттер, сөздер.

Сабақтың соңы

(Ұ) Сабақты қорытындылау

- Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- Оның жазылу түрін кім көрсетеді?

- ь дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Ауа райы туралы қандай сөздермен таныстыңдар?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ауа райына байланысты сөйлемдер құрап жазуда қиналған оқушыларға көмек көрсетіп қолдау.

Оқушылардың ауа райы туралы сөйлемдер жазғанда естіген ақпаратты сауатты жазуын бақылау арқылы бағалау. Оқушылардың:

  • Сөздерді түсінікті, дұрыс анық, қатесіз жазу;
  • Оқушылардың ауа райын сипаттау үшін тіркестерді қолдана алу;

Сипаттау үшін сөздерді тиімді қолдана алу қабілетін бағалау.

Сергіту сәтін ұйымдастыру


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы