1_Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 3А бөлімі «Менің отбасым және достарым» Достық туралы оқиға жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»

Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні: 20.11.18

Мұғалімнің аты-жөні : Калемшарив Храхат

Сынып: 1 В

Қатысқандар: 22

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Достық туралы оқиға жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

Сабақ мақсаттары

Суреттерді, сөздерді қолдана отырып, мәтін құрастырады, жазады

Бағалау критерилері

Барлық оқушылар орындай алады:

Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазады;

Көпшілік оқушылар орындай алады:

Берілген сөздер арқылы мәтін құрастыра алады;

Кейбір оқушылар ғана орындай алады:

Сурет бойынша оқиға құрастыра алады;

 Сөздік қор

Дос, достық, сыйластық, көмек беру, тату болу, ренжітпеу, кешірім сұра, кешіре біл.

Құндылықтарды

дарыту

 Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар достықты сипаттауға керек кейбір сөздерді білуі керек.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

)Психологиялық ахуал:

Бір, екі, үш

Біздің топта тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты бастаймыз.

Топтар өзара тілек айтады.

(оқушының деңгейіне байланысты тілек бір сөзбен айтылады, бір сөйлеммен айтылады немесе достық туралы тілек айтылады)

Оқушылар, біздің сыныпта құпия қорап тұр. Оның ішінде сиқырлы сөздер бар, әр бір тапсырманы орындағаннан кейін бізге қорапты ашуға мүмкіндік беріледі.

(Ұ) Өткен сабақты қайталау.

«Қошқар мен Теке» мультфильмі бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап береді.

А деңгейі:

1.Сен Қошқардың орнында болсаң, Текенің ұсынысына келісер ме едің? Неліктен?

2. Қошқардың достығын дәлелдейтін іс-әрекетті қай оқиғадан байқауға болады?

В деңгейі:

1.Теке қандай дос?

2.Қошқар қандай дос?

С деңгейі:

1.Мультфильм не туралы?

2. Басты кейіпкерлері кімдер?

Сұрақтарға жауап беру арқылы тақыпты ашу.

ДОСТЫҚ

/қобдишадан сөз шығады - АДАЛДЫҚ/

Тақырыпты, мақсатты хабарлау.

Біз бүгін достық туралы оқиға құрастырып үйренеміз.

/қобдишадан сөз шығады - СЫЙЛАСТЫҚ/

Оқушылар, мен бір әңгіме естідім, осы Қошқар мен Теке ренжісіп қалыпты, біз олардың татуласуына көмектесуіміз керек. Ол екеуі біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ және сабақта мақсатқа жетсек қана достасады. Сондықтан бүгін сабақтың мақсатына жетуге уәде бересіңдер ме? /тапсырмалар орындаған сайын мультфильм кейіпкерлері бір-біріне жақындайды/

Сюжетті суреттер

Сабақ ортасы

5 мин

10 мин

1 мин

10 мин

«Али мен Ая» туралы мультфильм көру.

Мақсаты: оқушылар оқиғаның басы, ортасы, аяғы болатынын игереді, достық туралы оқиға құрастырғанда осы білімін қолданады.

/қобдишадан сөз шығады – ЖАҚСЫ КӨРУ/

Берілген тірек сөздер, суреттер арқылы әңгіме құрастырып, жазу.

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алу дағдыларын қалыптастыру

Сурет беріледі, берілген үлгі бойынша суртті қолдана отырып, мәтін құрастырады.

1-топ С деңгей

Бұл әңгіменің тақырыбы ............... болады

Бір күні.............................

Бір кезде...........................

Сосын..............................

Соныңда........................

2 -3 топ Б деңгей

Сурет беріледі. Керекті тірек сөздерді пайдаланып сол сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Жазда, ойнады, тышқан, мысық, гүлдер, Әсем, Арман

Күз, балалар, жапырақ, жылы киім, суретке түсірді.

4-5 топ А деңгей

Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады.

Топтар кезекпен әңгімелерін оқиды

Дискрипор:

  • әңгімен тақырыпқа сай
  • оқиғаның реті сақталған

/қобдишадан сөз шығады – КЕШІРІМДІ БОЛУ/

Сергіту сәті

«Бала, бала, балақан»

Дәптермен жұмыс:

Оқушылар, өткен әріптердің ішінен дауысты әріптерді қайталап шығайық.

А, Ә, О. Ө, І, Ы, Е, Ұ, Ү

Осы әріптердің ішінен біреуі ұялы телефонмен көп ойындар ойнай, көзін ауыртып алыпты. Анасы көзілдірік тақ депті, бірақ ол әріп көзілдірікті тақпай, басына киіп жүреді екен. Содан бастап ол басқа, жаңа әріпке айналыпты. Ол қай әріп болуы мүмкін?

Көзілдірік неге ұқсайды?/екі нүктеге/ Ё ё дыбысы

Ё дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер? /орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін айту/

Шахтёр, монтёр

Қандай дыбыстардан құралған //

И+О

Дыбыстық, буындық талдау жасау

/қобдишадан сөз шығады - ЫНТЫМАҚ/

Дыбыстық талдау жасау /карточкалар арқылы/

Е дыбысын көркем жазу

Оқушылардың өздерінен оның жазылу жолын сұрау, талдай отырып, мұғалім өзі көретеді.

Ауада жазу, көркем жазу

Интерактивті тақта

https://www.youtube.com/watch?v=VfQsLzD1VHI

Достық жайлы суреттер

Флипчарттар

Әңгіме айтушының орындығы

Көркем жазу дәптері

Сабақтың соңы

5 мин

Өзін бағалау

Кім оқиға құрастыра алады – 2 қолын бұлғасын, кім құрастыра алады бірақ, қиналады – 1 қолын бұлғасын, кім оқиға құрастыра алмайды – қолын түсіріп отырсын.

Оқушылар бүгінгі мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Егер жетсек, Қошқар мен Текені тауластырайық. Олардың жақсы дос болуы үшін қандай қасиеттер керек. /сиқырлы қорапшадан шыққан сөздерді атайды/

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті балалар бастарынан өткен оқиғаны еркін айта алады.

Әңгіме құрау топтық тапсырмасындағы дискрипторлар арқылы және оқушылардың өздерін бағалауы арқылы

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу