Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 3.


Қарыз — азаматтық құқықта екі тараптың беруші мен алушының арасында жасалатын келісімшарт түрі. Қарыз шарты әдетте өтеусіз болады. Қарыз бойынша пайыз алуға тек заңда көзделген реттерде және белгіленген тәртіппен ғана жол беріледі.

Қарыз алысу – қарыз қаражатын тарту, қажеттігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу жəне оған қызмет көрсету тəртібі мен шарттарын белгілеу рəсімдерін қамтитын үдеріс. Қарыз алысу жөніндегі келіссөз жүргізу, міндеттемелерді қамтамасыз ету жəне оларға кепілдік беру, тиісті құжаттарды рəсімдеу жəне оларға қол қою, қарыз шарттарын бекіту (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде) рəсімдері, қарыз қаражатын алу, пайдалану, қарызды өтеу жəне оған қызмет көрсету, бұған қоса тараптар міндеттемелерінің есебі, орындалуын бақылау жəне талдау рəсімдері.

Қарызды өтеу – негізгі борыш пен пайызды төлеу жөніндегі міндеттемелердің тоқтатылуы. Қарызды өтеудің қалыпты тәсілі - борышқордың қарыздарлық міндеттемесін орындауы.

 Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)

 Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі (үзінділер)

 36-тарау. ЗАЕМ

 715-бап. Заем шарты

 1. Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.

 2. Орындалуы ақша немесе тектiк белгiсiмен айқындалған заттарды беруге байланысты шарттарда заем, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе және тиiстi мiндеттемелердiң мәнiне қайшы келмейтiн болса, аванс, алдын ала ақы төлеу, тауарларға (жұмысқа және қызмет көрсетулерге) мерзiмiн ұзартып және бөлiп-бөлiп төлеу түрiнде берукөзделуi мүмкiн.

 3. Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады.

 Бұл тыйым салу заемшылар депозиттер қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиясы бар банктер болған жағдайларда, сондай-ақ шығарылуы заңдарда белгiленген тәртiппен тіркелген бағалы қағаздарға ақшаны айырбасқа қабылдау жағдайларында қолданылмайды.

 716-бап. Заем шартының нысаны

 1. Заем шарты осы Кодекстiң 151-152-баптарының ережелерiне сәйкес нысанда жасалуға тиiс.

 2. Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады.

 717-бап. Заем шартын жасасу

 Заем шарты, егер осы Кодексте немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.

 Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бiрiншi бөлiгi берiлген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледi.

 718-бап. Қарыз шарты бойынша сыйақы

 1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қарыз нысанасын пайдаланғаны үшiн қарыз алушы шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге сыйақы төлейдi.

 2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредиттік ұйымдардың және кредиттік серіктестіктердің қарыз алушыларының құқықтарын қорғау қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз беруші алатын сыйақыны, комиссиялық және өзге де төлемдердің барлық түрлерін қамтитын және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен есептелетін жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшерін белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.

 Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

 3. Егер қарыз шарты бойынша қарыз алушыға заттар берiлсе, сыйақы төлеу оның көлемi мен нысаны (ақшалай немесе заттай) шартта көзделген жағдайда жүргiзiледi.

 4. Сыйақы төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi қарыз шартында белгiленедi. Егер сыйақы төлеу тәртібі мен мерзiмдерi шартта белгiленбесе, ол ай сайын төленедi.

 5. Егер қарыз алушы қарыз нысанасын мерзiмiнде қайтармаса, сыйақы қарыз нысанасын пайдаланған бүкiл кезеңге төленедi.

 719-бап. Заем нысанасын беру

 1. Заем нысанасын шартта көзделген мерзiмде, мөлшерде және жағдайда берiледi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заемшыға берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша қаражаты есептелген кезден бастап берiлген деп есептеледi.

 2. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заемшы заем берудiң шартта белгiленген мерзiмiне дейін заем берушiнi бұл туралы хабардар ете отырып, заем алудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.

 3. Тектiк белгiлерiмен айқындалатын заттарды заемға берген кезде олардың саны, түртүрi, жинақтылығы, сапасы, ыдысы және (немесе) буып-түйiлуi туралы шарттарды орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу-сату шарттары туралы (осы Кодекстiң 406-492-баптары) ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.

 720-бап. Нысаналы заем

 1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасыз болады және заемшы алынған заем нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады.

 2. Шарт заемшының заем нысанасын белгiлi бiр мақсатқа пайдалануы шартымен (нысаналы заем) жасалған жағдайда, заем берушiнiң заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал заемшы заем берушiнiң осындай бақылауды жүзеге асырумүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

 3. Заемшы заем нысанасын нысаналы пайдалану жөніндегі мiндеттердi, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда заем берушi заем нысанасының берiлмеген бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

 721-бап. Заемшының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету

 1. Заем нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі мiндеттемелердi орындау осы Кодексте көзделген әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда заемшы, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заем берушiге заемның қамтамасыз етiлуiн бақылауға мүмкiндiк беруге мiндеттi.

 2. Заемшы нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ заем берушi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етудi жоғалтқан немесе оның шарттарын нашарлатқан жағдайда заем берушi заем нысанасының тиiсiнше ұсынылмаған бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

 722-бап. Заем нысанасын қайтару

 1. Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.

 Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушiге берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледi.

 Егер заем нысанасын қайтару мерзiмi шартта белгiленбесе, оны заемшы ол туралы заем берушi талап еткен күннен бастап отыз күн iшiнде қайтаруы тиiс.

 Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген заем нысанасы мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн. Сыйақы төлеу шартымен берiлген заем нысанасы заем берушінің келісімімен не, егер ол шартта көзделсе, мерзімінен бұрын қайтарылуы мүмкін.

 Егер шартта өзгеше белгiленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн.

 2. Заем берушiнiң келісімiмен заемшының мiндеттемелерi: ақша заемы шарты бойынша - борыш есебiне тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды қабылдаумен; заттар заемы шарты бойынша - борыштың есебiне ақша қабылдаумен орындалуы мүмкiн. Аталған заттардың құны тараптардың келісімiмен айқындалады.

 3. Егер шартта заемды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) қайтару көзделсе, заемшы заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

 4. Егер шартта заем бойынша сыйақыны заем нысанасының өзiн қайтару мерзiмдерiнен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда заем берушi заемшыдан заем нысанасын тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

 723-бап. Заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талапты қанағаттандыру мерзімі

 Заем берушi 720-баптың З-тармағында, 721-баптың 2-тармағында, 722-баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талаптар қойған кезде заем нысанасын қайтарудың және ол бойынша сыйақыны төлеудiң жаңа мерзiмi осы Кодекстiң 722-бабының 1-тармағында белгiленген ереже бойынша есептеледi.

 724-бап. Заем шартын даулау

 1. Заемшы заем берушiден өзiнiң заем нысанасын (ақшаны немесе заттарды) iс жүзiнде алмағандығын немесе шартта көрсетiлгеннен аз мөлшерде немесе аз санда алынғанын дәлелдей отырып, заем шартын даулауға құқылы.

 2. Заем шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс жағдайларда (осы Кодекстiң 716-бабы), шарт алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың, тараптар өкiлдерiнiң қаскүнемдiк келісімiнiң немесе ауыр мән-жайлар тоғысуының ықпалымен жасалған жағдайларды қоспағанда (осы Кодекстiң 159-бабының 9 және 10-тармақтары), оны куәгерлiк көрсетулер арқылы даулауға жол берiлмейдi.

 725-бап. Заем шартында мiндеттеменi жаңалау

 1. Сатып алу-сату, мүлiктi жалға алу немесе өзге негiздегi мәмiлелерден пайда болған кез келген мiндеттеме тараптардың келісімi бойынша заем шартымен ресiмделуi мүмкiн.

 2. Мiндеттеменi заем шартына ресiмдеу жаңалау туралы талаптарды (осы Кодекстiң 372-бабы) сақтай отырып жүзеге асырылады және заем шарты үшiн көзделген (осы Кодекстiң 716-бабы) нысанда жасалады.

 726-бап. Мемлекеттік заем шарты

 1. Мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы - мемлекет, ал заем беруші - азамат немесе заңды тұлға болады.

 2. Мемлекеттік заемдар ерiктi болып табылады.

 3. Мемлекеттік заем шарты заем игерушiнiң шығарылған мемлекеттік облигацияларды, сондай-ақ заем берушiнiң заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгiленген сыйақыны немесе өзге де мүлiктiк құқықтарды осы заемды айналымға шығару шарттарында көзделген мерзiмде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен жасалады.

 4. Мемлекеттік заем шартынан туындайтын өз мiндеттемелерi бойынша, заемшы тиiстi қазынаның мүлкiмен жауап бередi.

 5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем қатынастарына қатысу ерекшелiктерi заң актілерімен белгiленуi мүмкiн.

 727-бап. Банк заемы шарты

 1. Банк заемы шарты бойынша заем берушi заемшыға төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге мiндеттенедi.

 1-1. Ислам банкі заем беруші болып табылатын банк заемы шарты бойынша ақша заемы мерзімділік және қайтарымдылық талаптары бойынша және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алынбай жүзеге асырылады.

 2. Банк заемы шартына осы Кодекстiң 728-бабында көзделген ерекшелiктерiмен қоса заем шартына қатысты ережелер қолданылады.

 728-бап. Банктік қарыз шартының ерекшелiктерi Банктік қарыз шартының мынадай ерекшелiктерi бар:

 1) уәкiлеттi мемлекеттік органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға қарыз берушi ретінде әрекет етеді;

 2) шарттың нысанасы алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша болып табылады. Соңғы жағдайда, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, шарт жасалған кезiнен бастап (осы Кодекстiң 393-бабының1-тармағы) күшiне енген болып есептеледi;

 3) шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанды сақтамау банктік қарыз шартының жарамсыздығына әкеп соғады;

 4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта банктің немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар өзге де заңды тұлғаның шарт талаптарын біржақты өзгерту құқығын көздейтін талап қамтылмайды;

 5) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiк қарыз шартына осы Кодекстiң 722-бабы 2-тармағының ережелерi қолданылмайды;

 6) осы Кодекстің 722-бабы 3 және 4-тармақтарының ережелері қарыз алушы қарыз нысанасының кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді күнтізбелік қырық күн мерзімнен асырып бұзған кезде банктік қарыз шартына қолданылады.

 Банктерге осы банк эмитентi болып табылатын акциялармен қамтамасыз етiлген қарыздар беруге не осы акцияларды сатып алуға арналған қарыздар беруге тыйым салынады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?