Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы.Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары, 2 - сабақ.


ЖМБ мектеп үшін

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлау

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенов М.Қ., Спабеков Ж.Қ.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.3 - Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау

 Сабақ мақсаттары

Қазақстан сайлау құқығының негізгі мәні мен маңызын ашу

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Сайлау құқығы ұғымының мәнін аша алады

Талдау

Сайлау құқығының маңыздылығын, сайлаушылардың және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін талдап бере алады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты терминология

- Құқықтық жағдаятты талдайды (айтылым және тыңдалым дағдысы).

  • Сайлау құқығы
  • Мажоритарлы
  • Пропорционалды
  • Оппозиция
  • Таңдау құқығы

Азаматтық алу қажет, себебі...

Мен...деп ойлаймын

....органдардың құқықтық мәртебесі...

....органдарының билік әлеуетін кеңейту қажет, себебі...

Мен үшін лайықты үміткерді таңдау маңызды, өйткені...

Құндылықтарды дарыту

  •  Құрмет (топтық жұмыстағы өзара құрмет, бір-бірін тыңдауы және уақыт ережелерін сақтау, заңға құрмет, өзгелердің меншігіне және мемлекеттің меншігіне құрметпен қарау, сақтау, бүлдірмеу)
  •  Азаматтық жауапкершілік (заңды сақтау, міндеттерді орындау арқылы)
  •  Қазақстандық патриотизм (ҚР Конституциясы мен негізгі заңнамаларын оқып, үйрену арқылы)

Пәнаралық байланыстар

Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 және 10 сынып «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-07 мин

Б Мұғалім сайлау құқығы, мажоритарлы сайлау, пропорционалды сайлау, оппозиция, таңдау құқығы ұғымдары бойынша бүкілсыныптық талқылау жүргізеді.

ҚБ Оқушылар жауабына бірден ауызша кері байланыс беріледі.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік атты мемлекет құндылықтары дарытылады

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Сабақтың ортасы

07-35 мин

07-15 мин

15-35 мин

Т Сынып оқушыларын шағын топтарға біріктіріп, әр топқа жеке тапсырма беріледі. Тапсырма түрлерін төмендегідей етіп, құрыстырылады:

І топ - Дауыс берушінің құқығы мен міндеттері

ІІ топ - Сайлау алды үгіт насихаты және сайлауды қаржыландыру

ІІІ топ - Сайлау органдары және оның қызметі, бақылаушылардың қатысуы

ІV топ - Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Топтарға критикалық сұрақтар беріледі және сол сұрақтар бойынша жұмыс жасайды:

І топ - Дауыс беру ерікті болуы пе? Неліктен? Кейбір мемлекеттерде сайлауға қатыспаған адамдарды салық төлеуге міндеттейді, осы әдіс дұрыс па?

ІІ топ - Сайлау алды үгіт насихатын жүргізу керек пе? Сайлау алды үгіт насихатына көп мән берудің маңызы бар ма? Неліктен сайлауды сырт мемлекеттерден қаржыландыруға тиым салынады?

ІІІ топ - Орталық сайлау комиссиясының қызметі маңызды ма? Сайлауға сырт мемлекеттен бақылаушылардың қатысуы маңызды ма? неліктен?

ІV топ - Сайлауда дауыс берушілердің құқығы қорғалған ба? Электронды дауыс беру қауіпсіз бе?

Топтар бүкіл сынып алдында таныстырылым жасайды танымтырылымы кезінде немесе кейін қойылатын жоғарыдағы сұрақтарға таныстырушы топ оқушыларымен қоса, сыныптың басқа оқушыларына да жауап беруіне рұқсат беріледі.

Дескриптор:

- Сайлау құқығының маңыздылығын, сайлаушылардың және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін талдап бере алады

ҚБ Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім бірден ауызша кері байланыс беріледі.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік, Құрмет, Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теория. – Алматы, 2003.

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Сабақтың соңы

35-40 мин

Тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз.

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Слайд

Саралау

Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. Топтық жұмыста қабілетті оқушылар басқа оқушыларға кейбір терминдер мен ұғымдарды түсіндіру, жағдаяттарды талдау жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау

Бағалау критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау.

Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру