Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Халықаралық құқық. Бөлімше: Халықаралық құқықтағы адам құқықтарының қорғалуы

Мектеп: ФМБ НЗМ, Алматы қаласы

Күні:

Мұғалімнің Аты-жөні: Кульбаев А.К.

Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.5.2.1 қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау

Сабақ мақсаты

Барлығы: қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды Көпшілігі: қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды талдайды;

Кейбіреулері: Мысалдар келтіру арқылы қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды бағалайды

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Білу және түсіну: «адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары», «адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын конвенционалдық органдар» «бипатрид», «босқындар», «экстрадиция» ұғымдарын түсіндіреді

Қолдану: адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедураларын, сонымен қатар міндеттері мен қағидаттарын ажырата алады,

Талдау әрі бағалау: 2-3 мысалдар келтіріп адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедураларыне өз бағаларын береді

Тілдік мақсаттар

Оқушы:

  • «Миға шабуыл» әдісі ретінде суреттер қолданып қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын механизмдері және процедураларымен танысады (сөйлем және жазылым дағдылары)
  • Халықаралық құқық субъектілерінің құқықтық мәртебесін анықтай келе, қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын механизмдері мен процедуралар ерекшеліктеріне талдау жасайды (сөйлем және тындалым дағдылары)

Пән лексикасы және терминология:

адам құқықтарын қорғау механизмдері; адам құқықтарын қорғау процедуралары; бипатрид;, босқындар, экстрадиция, адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын конвенционалдық органдар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары – бұл ...

Адам құқықтарын қорғау саласында қызмет жасайтын халықарлық ұйымдардың түрлеріне жатады ...

Адам құқықтарын қорғау механизмдері келесі қағидаттарына негізделеді (...)

Адам құқықтарын қорғау маңызды, себебі...

Құндылықтарды дарыту

  • жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;
  • патриотизм, өз елі үшін мақтаныш сана-сезімін қалыптастыру
  • ұлттық сана-сезім
  • төзімділік
  • бостандық

Пәнаралық байланыстар

Тарих, социология, қазақ және орыс тілдері

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интернет-ресурстарын пайдаланады, интербелсенді тақталар арқылы слайдтар көрсетеді

Бастапқы білім

Оқушылар өткен сабақтарда халықаралық құқық ұғымымен және халықаралық құқық қағидаттарымен таныс

Сабақ барысы

Уақытты

жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар:

Дерек көздері

Сабақ басы

7 мин

Ұйымдастырушылық кезеңі: Мұғалімнің сәлемдесуі мен оқушыларды түгендеуі

«Миға шабуыл» әдісі ретінде суреттер қолданып, әкімшілік іс жүргізу жүйесімен таныстыру

  • Қандай суреттер бұл слайдта көрсетілген?
  • Осы суреттерді бүгіңгі өтетін жаңа сабақпен қалайша байланыстыруға болады?

Дескриптор:Оқушылар суреттерге қарап өз жауаптарын береді де жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерімен танысады

№1. Тапсырма. Сыныптық/Топтық жұмыс

- «Адамның қай елге болсын жататын азаматтығына немесе ұлтына қарамастан, барлық өркениетті мемлекеттер тұлғамен тығыз байланысты болып келетін адамның белгілі негізгі құқықтарын мойындайды» деп айтқан профессор Мартенстің пікіріне өз түсініктеріңізді беріңіз?

- Осы пікірді, «адам құқығын қорғау» ұғымымен қалайша байланыстыруға болады?

- Адам құқығын қоғамдық қатынастардың қандай салаларына бөліп қарастыруға болады?

Дескриптор:

- Оқушылар профессор Мартенстің пікіріне өз түсніктерін береді

- Мартенстің пікірін «адам құқығын қорғау» ұғымымен байланыстырады

- Адам құқығын қоғамдық қатынастардың салаларына бөліп қарастырады

Николайко И. В. Права человека и система ООН: проблемы международного сотрудничества. Киев, 1991.- 220с.

БҰҰ 1945 жылы қабылдаған Жарғысы.

Сабақ ортасы

30 мин

№2. Тапсырма Сыныптық/Топтық жұмыс

- Таратылым мәліметтері негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

- «Адам құқығын халықаралық қорғау» ұғымын қалайша түсінесіндер?

- Адам құқықтарын қорғаудың қандай механизмдері мен процедуралары бар?

Дескриптор:

- Оқушылар «Адам құқығын халықаралық қорғау» ұғымына анықтамалырын береді;

- Адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедураларын дұрыс анықтайды

№3. Тапсырма Топтық/Жұптық жұмыс

1 топ – БҰҰ аясында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және адам құқықтарын қорғаудың құқықтық қорғау механизмнің компоненттері

2 топ – Адам құқықтарын қорғаудың аймақтық жүйесі және Қазақстанның адам құқықтарын қорғау жөнінде халықаралық актілерге қосылуы;

3 топХалықаралық қылмыстар және құқық бұзушылықтар;

4 топ – Халықаралық қылмыс сотының құзіреттілігі;

5 топАдам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі БҰҰ және басқа да аймақтық құрылымдардың адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары;

6 топ ҚР Ұлттық обмудсмен институты;

7 топ Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдерінің даму болашағы.

Дескриптор:

- Оқушылар БҰҰ аясында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау компоненттерін анықтайды;

- Адам құқықтарын қорғаудың аймақтық жүйесін және Қазақстанның адам құқықтарын қорғау жөнінде халықаралық актілерге қосылуын біледі;

- Халықаралық қылмыстар және құқық бұзушылықтар және Халықаралық қылмыс сотының құзіреттілігі туралы нақты айта алады;

- БҰҰ және басқа да аймақтық құрылымдардың адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедураларын нақты түсіндіріп бере алады;

- ҚР Ұлттық обмудсмен институтына өз бағасын береді;

- Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдерінің даму болашағына өз бағасын береді;

Сабақтың нәтижесін талқылау.

Даниленко Г.М. Международная защита прав человека. - М.: Юристъ, 2000

 Карташкин В.А. Права человека: международная защита в условиях глобализации. М.: Норма. 2009 С. 127.

Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Алматы, 2006

Реализация прав человека в Республике Казахстан посредством международных инструментов: Монография/Под общ. ред. д.ю.н., проф.Ж.Д.Бусурманова.-Астана,2011.-136 с.

Абайдельдинов Е.М. Соотношение международного и национального права Республики Казахстан (проблемы становления приоритетности). – Алматы: «Қазақ университеті». -2002. -288 с.

Сабақ соңы

3 мин

Рефлексия. «Бекіту» әдісі

  • Мен көп жаңа мағлұмат алдым
  • Бұл менім өміріме қажет болуы мүмкін
  • Сабақта ойланатын нәрселер көп болды
  • Сабақ барысында барлық туындаған сұрақтарға жауап алдым
  • Сабақта мен адал жұмыс жасадым және сабқ мақсатына қол жеткіздім

Сабақты бағалау:

«Кері байланыс бар Сэндвич» немесе « мадақтау сэндвичы»

1 қабат – сабақта не үнағаны туралы позитивті комментарий жасау

2 қабат – нені жақсарту керек және қалай жақсарту керек туралы конструктивті сын-пікір айту,

3 қабат – Маған ұнады, бірақ келесі сабақта одан да күшті болады ...

болашаққа бағытталған позитивті комментарий

Үй жұмысы: ««Қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдардын маңыздылығы неде?» тақырыбында эссе жазады.

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар тілді меңгеру қабілеті төмен оқушыларды тілді меңгеру қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылау барысында оқушылар берілген жағдаяттарды қалай шешкендігін, топтағы зерттеу жұмысын бағалау.

Адам құқықтарын қорғау механизмдерінің түрлерін зерттеу барысында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар, өзара түсінушілік, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Адамгершілік қасиеттеріне жүгіну қажетілігін сезінеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру