Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
| Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.1.4 мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау | ||||
Сабақ мақсаттары | оқушыларға құқықтық мемлекет деген не және оның белгілерін түсіндіре отырып, құқықтық мемлекеттің мақсаты мен қажеттілігін, құқықтық мемлекет құру жолдарын ашып көрсету | ||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
«Азаматтық қоғамды қалыптастыру жолында...» дөңгелек үстел (айтылым ,жазылым дағдысы) | ||||
Пәнаралық байланыстар | Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация жәнеде интернет желісі арқылы бейне роликтер көрсету. | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттарымен таныстырғаннан кейін. Оқушылардың бастапқы білімдерін қалыптастыру мақсатында сыныптық талқылау жүргізіледі. Мемлекет құқықтың ерекше субьектісі- дегенді қалай түсінесіздер? Қандай дәлелдер, мысалдар келтіре аласыздар Сабаққа кіріспе жасап оқушылардың тақырып бойынша түсініктерін қалыптастырып, салыстыру тапсырмасы беріледі. Ж Венн диаграмма арқылы оқушылар мемлекет пен жеке немесе заңды тұлғаның өкілеттіліктерін салыстырады. Бағалау кері байланыс арқылы жүзеге асады.
Топтық жұмыс
1-жағдаят. Мемлекеттік мекеме жеке кәсіпкермен келсім-шарт жасасқан болатын. Ол шарт бойынша белгілі компания мемлекетке әр жыл сайын құбырлар жеткізіп отыратын. Бірде осы кәсіпорында оқыс жағдай болып, көрсетілген мерзімде мемлекеттік мекемеге құбырлар жеткізе алмай қалған болатын. Сонда мемлекеттік мекеме шарт бойынша өз құқығын қорғау мақсатында, келтірілген шығынның орнын толтыруда сотқа жүгінді. Мемлекеттік мекеме жеке кәсіпкермен қатынаста қандай өкілеттілік тұрғысында түскенің түсіндіріңіз? 2-жағдаят Белгілі бір жеке меншік мекеме жылдар бойы мемлекетке салық төлемей келді. Оны анықтаған мемлекеттің салық органдары жауапкершілікке тартты. Мемлекет осы жағдаятта қандай өкілеттілік тұрғыда түседі? Бағалау топтар арасында жүзеге асады. Оқушылардың білімін негіздеу кезеңіне өтіп сынып шінде талқылау жүргізіледі. Құқықтық мемлекеттің идеясы, ең алдымен, оның барлық түрлерінің озбырлығына қарама-қайшы келеді. Құқықтық мемлекеттің идеясы төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:
Ж Сабақты қорытындылау мақсатында «ыстық орындық» стратегиясын қолдануға болуға. | http://kiwi.kz/watch/1m1g6ugv7rsj/ Ата заңымыздың құрылымы мен тарихы. Жұмағали А, Қыдырқожаева Н, Жайлин Ғ. Құқық негіздері. Оқулық. - Алматы: «Мектеп». Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. Әбсаттаров Р., Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері қандай? / Р. Әбсаттаров//Ақиқат.- 2004.- N12.-30-36б. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин. «Құқықтану».–Алматы: Мектеп, 2006 жыл . Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл. Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007. | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру