Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қалыптастырушы бағалау. 1 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Атау кере» романы

Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

Тарихи және көркемдік құндылығы.

11.3.1.1 Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Романды әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Тапсырма:

«ФОЛЬКЛОРИСТ ЗЕРТТЕУШІЛЕР» тобының тапсырмасы

  • Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы мен Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы аңыздық сарынның енгізілуіндегі авторлардың басты ұстанымдары мен идеялық ерекшелігін салыстырып зерттеңіздер. (Ұсынылған қосымша деректерді басшылыққа алыңыздар).
  • Аңыз сарындарының тарихи және көркемдік құндылықты танытатын 3 маңызды детальді анықтап, автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея туындатыңыз.
  • Айқындалған (ұлттық және адами, тарихи, көркемдік) құндылықты автор қай кейіпкер арқылы берген? Автор кейіпкердің қандай қасиетін үлгі ретінде ұсынады және қандай әрекетінен жеріндіреді? Шынайы өмірде осындай адамдар бағаланады ма? Неге?
  • Зерттеу нәтижесінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын арттыруда аңыз сарындары қандай орын алады? Қорытынды тұжырым шығарыңыздар.
  • Зерттеу нәтижесін «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

Қарастырылатын мәселелер

Мәтіндегі көрінісі және кейіпкерлер сипаты

1

Екі шығармадағы аңыздық сарындар

Тарихи және көркемдік құндылықты танытатын 3 маңызды деталь

Автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея шығарыңыздар

Айқындалған құндылықты автор қай кейіпкер арқылы берген? Оның 3 сипатын анықтап, баға беріңіз.

Тұжырым

Дескриптор:

  • Екі романға енгізілген аңыздық сарынды нақты айқындап, шығарма мазмұнын еске түсіріп, зерттейді. (Ұсынылған қосымша деректерді басшылыққа алады).
  • Аңыз сарындарының тарихи және көркемдік құндылықты танытатын 3 маңызды детальін анықтап, автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея туындатады.
  • Автор көзқарасын, идеясын танытуда маңызды орын алатын кейіпкерді анықтап, әрекетіне (3 түрлі сипатын анықтап) баға береді.
  • Зерттеу нәтижесінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын арттыруда аңыз сарындарының алатын орнына баға береді. Қорытынды тұжырым шығарады.
  • Зерттеу нәтижесін «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

«ТАРИХШЫЛАР» тобының тапсырмасы

  • Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы мен Габриель Гарсия Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романындағы тарихи деректерді саралай отырып, авторлардың тарихи құндылықтарды (ашаршылық, репрессия, қоныс аудару, т.б.) енгізу ерекшеліктерін, оның автордың ұстанымдары мен идеялық маңыздылықтарында алатын орнын салыстырып зерттеңіздер. (Ұсынылған қосымша деректерді басшылыққа алыңыздар).
  • Тарихи және көркемдік құндылықты танытатын 3 маңызды детальді анықтап, автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея туындатыңыз.
  • Авторлар тарихи құндылықты жеткізу үшін қандай көркемдік тәсілдерді қолданған?
  • Зерттеу нәтижесінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын арттыруда авторлар қолданған көркемдік тәсілдерді салыстырып, қорытынды тұжырым шығарыңыздар.
  • Зерттеу нәтижесін «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

Қарастырылатын мәселелер

Мәтіндегі көрінісі және кейіпкерлер сипаты

1

Екі шығармадағы тарихи деректер

Көркемдік құндылықты танытатын 3 маңызды деталь

Автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея шығарыңыздар

Авторлар тарихи құндылықты жеткізу үшін қандай көркемдік тәсілдерді қолданған?

Тұжырым

Дескриптор:

  • Екі романдағы тарихи деректерді анықтайды да, тарихи және көркемдік құндылықты нақты айқындап, шығарма мазмұнын еске түсіріп, зерттейді. (Ұсынылған қосымша деректерді басшылыққа алады).
  • Көркемдік құндылықты танытатын 3 маңызды детальін анықтап, автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея туындатады.
  • Авторлардың тарихи құндылықты жеткізу үшін ққолданған көркемдік тәсілдерді анықтайды, баға береді.
  • Зерттеу нәтижесінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын арттыруда тарихи деректердің алатын орнына баға береді. Қорытынды тұжырым шығарады.
  • Зерттеу нәтижесін «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

«ӘДЕБИЕТШІЛЕР» тобының тапсырмасы

  • Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы мен Габриель Гарсия Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романындағы символдық образдарды салыстырып, оның автордың ұстанымдары мен идеялық маңыздылықтарында алатын орнын салыстырып зерттеңіздер. (Ұсынылған қосымша деректерді басшылыққа алыңыздар).
  • Символдық образдардың тарихи құндылыққа қатысты қайшылығы мен көркемдік құндылықты танытатын 3 маңызды детальді анықтап, автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея туындатыңыз.
  • Авторлар тарихи құндылықты жеткізу үшін қандай көркемдік тәсілдерді қолданған?
  • Зерттеу нәтижесінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын арттыруда авторлар қолданған көркемдік тәсілдерді салыстырып, қорытынды тұжырым шығарыңыздар.
  • Зерттеу нәтижесін «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

Қарастырылатын мәселелер

Мәтіндегі көрінісі және кейіпкерлер сипаты

1

Екі шығармадағы символдық образдар

Символдар арқылы айқындалғанкөркемдік құндылықты танытатын 3 маңызды деталь

Автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея шығарыңыздар

Символдардың тарихи құндылықты жеткізудегі алатын орын талдап, баға беріңіздер

Тұжырым

Дескриптор:

  • Екі романдағы символдық образдарды анықтайды да, тарихи және көркемдік құндылықты нақты айқындап, шығарма мазмұнын еске түсіріп, зерттейді. (Ұсынылған қосымша деректерді басшылыққа алады).
  • Символдар арқылы айқындалған көркемдік құндылықты танытатын 3 маңызды детальін анықтап, автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея туындатады.
  • Авторлардың тарихи құндылықты жеткізу үшін ққолданған көркемдік тәсілдерді анықтайды, баға береді.
  • Зерттеу нәтижесінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын арттыруда символдық образдардың алатын орнына баға береді. Қорытынды тұжырым шығарады.
  • Зерттеу нәтижесін «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу