М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 11 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Оқу мақсаты:

11.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану.

Сабақ мақсаты:

Шығармадан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану.

Бағалау критерийлері:

Шығарма үзінділерін ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;

Үзінділерді шығармашылық жазба жұмысында қолданады.

1-тапсырма.

Тыңдалымалды тапсырма

Соңғы уақыттары әдебиет саласында жазылған сүбелі еңбектердің бірі - Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасы. «Көшбасшы» - хроникалық дастан. Автор Елбасы еңбегіне қатысты 20 оқиғаны таңдап Қазақ елінің жетістіктері ретінде баяндайды.

 

Тыңдалым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының шығу тарихы туралы Baq.kz сайтына берген сұхбатынан үзінді оқып береді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарымызды санамалап, олардың тарихи маңызын атап көрсетеді.

 

Дескрипторлар:

«Көшбасшы» поэмасының шығу тарихымен танысады;

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарды айта алады.

2-тапсырма.

Жазылымалды тапсырма

Сынып оқушылары берілген мәтіндерді оқиды, әр топ мәтін негізінде өзекті мәселелерді анықтайды.

М.Шаханов «Тарихсыз   халық тұл»

М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасынан «Сөз бостандығы» бөлімі

Жазылым тапсырмасы

Оқушылар екі мәтіннен ұқсас ақпараттарды іріктеп алады да, ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып «Цифрлық дәуірдегі сөз бостандығы» тақырыбында эссе жұмысын орындайды.

 

Дескрипторлар:

Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;

Үзінділерді шығармашылық жазба жұмысында қолданады.

Оқушылар кері байланыс береді:

БІЛІМ – тақырып бойынша алған ақпаратым;

ЭМОЦИЯ – сабақтағы көңіл-күйім;

БАҒА – жетістігіме беретін бағам;

СЫН – өз бойымда нені дамытуым керек?

ИДЕЯ – маған келген жаңа ой.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу