М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 10 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Оқу мақсаты:
М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы
11.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Сабақ мақсаты:
Бағалау критерийлері:
Шығармадан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Шығарма үзінділерін ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;
Үзінділерді шығармашылық жазба жұмысында қолданады.
1-тапсырма.
Оқылымалды тапсырма
Оқушылар Елбасының сөзіне өзіндік пікір білдіреді.
Мемлекеттік шекара – тәуелсіздіктің басты белгілерінің бірі. Ел мен елді табыстыратын да – шекара, тартыстыратын да – шекара. Достық та осы жерден көрінеді, қастық та осы жерден көрінеді.
Нұрсұлтан Назарбаев
Оқылым тапсырмасы
Оқушыларға Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының «Шекара» бөлімі оқуға беріледі.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Әдеби шеңбер» әдісі бойынша оқушылар топ ішіндегі рөлдерін белгілейді:
Талқылаушы - шығарманың тақырыбын, мазмұнын айтады.
Белгілеуші - шығарманың ең маңызды бөлігін анықтайды, дәлелдейді.
Байланыстырушы - ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады.
Қорытындылаушы - автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылап айтады.
Дескрипторлар:
«Шекара» бөлімін түсінеді, пікір білдіреді;
Оқушылар рөлдері бойынша дәлелдеп сөйлейді.
2-тапсырма.
Жазылымалды тапсырма
Сынып оқушылары Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының «Атажұрт» бөлімін оқиды, әр топ мәтін негізінде өзекті мәселелерді анықтайды.
Жазылым тапсырмасы
1, 2-топ оқушылары: Туған жерге деген сағынышты жеткізу мақсатында өлең шығару.
3, 4-топ оқушылары: Шет елдегі бауырларға хат жазу.
Дескрипторлар:
Мәтіннің жанрлық құрылымын сақтайды;
Креативті әрі сауатты орындайды;
Үзіндіні шығармашылық жұмыста қолданады.
Оқушылар берілген сұрақ арқылы кері байланыс береді:
Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру