Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 9 сабақ.


Сабақ тақырыбы

Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Түсіну/Жауап беру

11.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану

 Сабақ мақсаттары

Көркем шығармадан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптарды қозғап жазған шығармашылық жұмыстарды тиімді пайдалану

Бағалау критерийлері

  • Көркем шығармадан алынған үзінділерді талдай алады,
  • Ғаламдық тақырыптарға жазылатын жұмыстар повестен алған үзіндіоерді орынды пайдаланады.

1-тапсырма. Ж

Оқылым І бөлім Мәтінді мұқият оқыңыз

Шал теңіздің жасыл тасбақасын жақсы көретін, мұны түсінің әдемілігі, қозғалысының ширақтығы үшін және бағасының қымбаттығы үшін ұнататын; ал, физалияны көзін жұмып тұрып жалмайтын, әңгілеу, қимылы ебедейсіз, бисса деп аталатын, үсті сары сауытпен қапталған дүңкиген сарғылт тасбақаны ол онша тәуір көрмейтін-ді. Теңіз тасбақасын аулаушылармен бірге көп жыл қатарынан кәсіп қылған кісі болса да, бұ шал теңіз тасбақасына өш емес еді. Ол бұларды аяйтын; тіпті ұзындығы қайыққа пара-пар келетін, салмағы бір тоннаға жететін, терісі қалың, теңіздің лут деп аталатын ірі тасбақаларына да жаны ашитын.

Жұрттың көбі теңіз тасбақасын аямайды, тасбақаны өлтіріп, етін парша-парша ғып тастағанда да оның жүрегі көпке дейін соғып жататынын біле бермейді сол жұрт. "Менің де жүрегім сол тасбақаның жүрегіндей ғой, - деп ойлады шал, - қол-аяғым да тасбақаның аяғындай". Шал өзіне әл бітіру үшін теңіз тасбақасының аппақ жұмыртқасын жейтін ылғи. Ірі жайындардың суда көп жөңкілетін кезі – қыркүйек, қазан айларында қуатты болу үшін бүкіл мамыр айының өн бойында жейтіні - сол жұмыртқа болатын. Және балықшылардың құрал-сайманы сақталатын сарайдағы үлкен бөшкеде тұратын сұйық майдан – акуланың ертілген бауыр майынан күнде бір шәшкесін ішіп алатын-ды шал. Бұл майдан балықшының қайқайсысы болса да, тәбеті шапса, барып ішуіне болатын. Балықшылардың көбі майдың дәмін ұнатпайтын еді, бірақ, ыдысқа құйып алып ішкен кезде, дәмі онша жаман да көрінбейтін: суықтан, көздің ауыруынан сақтауға бұл майдың себі көп.

Шал аспанға көз салып еді, фрегаттың теңіз үстінде қайғадан үйіріліп жүргенін көрді. –

Балықты аңдыды, - деп үн қатты шал Су беті тыныш еді, ыршып секірген қанатты балық көрінбеді, маңайдан ұсақ балықтар да байқалмады.

(242 сөз)

Э.Хемингуэй «Шал мен теңіз»

Мәтінге сүйене отырып, сұрақтарға өз сөздеріңізбен жауап беріңіз.

  • Шал теңіз тасбақасын не үшін ұнататын?

_________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 1

2. Шал өзін тасбақаға қалай ұқсатады?

_____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 1

3. Шал су бетінің тыныштығын неден байқады?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 1

4. Сарайда тұратын сұйық майдың қандай пайдасы бар?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 1

5. Фрегаттың теңіз үстінде жүруін шал неге жорыды?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ 1

Дескрипторлар:

  • Сұрақтарға өз көзқарасы тұрғысынан жауап береді.

2-тапсырма. Мақсатты аудиторияға арналған жазылым тапсырмасы

Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасындағы мұхит игілігі тақырыбы» тақырыбына шағын мақала жаз. Сөз саны 150.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескрипторлар:

Сөз таптарын орнымен пайдалана алады;

Көркемдік тіл құралдарын тиімді қолданады;

Жазба жұмысының стилі мен жанрын сақтап жазады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу